үйді бұрын тігіп жібереді де, атасын қонақ қылады. Кенжекейдің зерделі
екенін Ерназар сол арада біледі де «Келінім ақылды екен, тілін бекер алмаған
екем», - деп өкінеді
[91]
.
Кенжекейдің есті сөздерінен кейін өз әкесі де, қайын
атасы да оны түсініп қолдайды. Берілген мысалдан жас келіннің атасымен тіл
табысуын, оның қарым-қатынас стратегиясына сәйкес тілдік құралдарды
ұтымды пайдаланғанын, сөйлеудегі сыпайылығы мен қазақы сөйлеу әдебін
көруімізге болады.
Ертегі дискурсында жиі қолданылатын қайталаулар, яғни бір сөздің екі
қайтара келуі немесе ұғымның екі еселенуі тыңдарманның көңілін аударып
қана қоймайды, сонымен бірге эмоционалды әсер етіп, баяндауға белгілі бір
ритм бере отырып, қарым-қатынас мақсатының орындалуын көздейді.
Мысалы,
Ертегінің басталуында кездеседі
: «Баяғы өткен заманда, дін
мұсылман аманда бір бай болыпты», «ертеде бір кедей өмір сүріпті», «ерте,
ерте, ертеде, бір бай болыпты, төрт түлігі сай болыпты, бір перзентке зар
болыпты», «Ертеде, ерте заманда, ешкі құйрығы келте заманда»
[91].
«
В
некотором царстве, за тридевять земель – в тридесятом государстве жил-
был сильный, могучий царь». «В некотором царстве, в некотором государстве
жил-был царь; у этого царя было три дочери и один сын, Иван-царевич».
«Жил-был крестьянин, у него было два сына..
.»
[98].
Ертегілік оқиғаны білдіретін тілдік бірліктер
: «жылай-жылай, жүре-
жүре, ай жүреді, жыл жүреді, талай елді, талай жерді аралайды. Жолдасы да –
садағы, азығы да – садағы, жолында кез келген аңды атып жеп отырады»
[91].
«...
день едет, и другой, и третий... вот и вся неделя прошла; и другая, и
третья – не хватает у солдата денег, нечем кормить ни себя, ни лошади, а до
дому далеко-далеко
!».
84
Психологиялық күйді сипаттауда
: «
Темір етіктен теңгедей, темір
таяқтан тебендей қалғанда, алыстан сағым көтерген бел көрінеді. Өлдім-
талдым деп келіп, белге шықса, қарауытқан қалың жылқы көрінеді,
жылқының ар жағында ел көрінеді. Жердің жыртығын жамап отырған
кемпірді көреді» [90]. «Долго ли, коротко ли – прилетает к избушке, входит – в
избушке сидит баба-яга костяная нога, старая, беззубая
»
[98].
َِو و تيِقَب ، ِف ْوَخْلا ِِبَعَّتلا َِنِم يِب لَح اَم َِمْغ َر ِْسَئْيَأ مَل يِنَّنِكَل َو ، ِك َلاَهْلاِب تْنَقْيَأ
ِ لْيَّللا
ِ
مَلْظَأ
ا
َّمَل َو
ا
َهيِف ِ ةَيِلاَع ة َري ِزَج ئ ِطاَش ىَلِإ ِ جا َو َْْم ْلأا يِنْتَفَذَق َِحَبْصأ اَذِإ ىَّتَح ،ِلْيَّللا َِلو ط ِِلاَحْلا ِِهِذَه ىَلَع
[107]
.ِ
ِر ْحَبْلا
ىَلَع
ِ ةَّل ِط م
ِ راَجْشأ
Бұл мысалда «аралда жалғыз қалып, түннен қорыққан, күннің шығуын зарыға
күткен, тағдырына ренжулі кейіпкердің психологиялық күйі бейнеленеді.
Аралдың сұлу табиғаты, теңіз жағалауы мен түрлі жеміс ағаштары т.б
табиғаттың сұлулығы жалғыз адамға көмектеспейтіндігін баяндайды.
Историзмдер немесе этнологиялық бірліктер
: «
Шеше, шеше артыңдағы
қыздардың бәрі өзіңдікі ме?» - дейді. «Шеше, шеше! Ана түйенің бұйдасына
қол жалғап жіберші, - дейді Ерназар. Оған разы болмасаң, Желі толған түйем
бар. Соған бер мені, шешетай! - Қоя бер мені, шешетай! – дейді
»
[91].
ِْدَق َو ىَلَع، ِرْحَبْلا ِ ةَّلِط م ِ ةَيِلاَعاَهيِف راَجْشأ ِ ة َري ِزَج ئِطاَش ىَلِإ يِنْتَفَذَق جا َو َْْم ْلأا ِ حاَبَّصلا
َِحَبْصأ اَذِإ ىَّتَح ،ِلْيَّللا َِلو ط (аралдағы теңіз жағалауының жоғары жағында
ағаштар өскен, әдемі табиғат, тек түні ұзақ, таңға дейін көп уақыт күту керек.
(«Синдбад теңізші» ертегісі).
Достарыңызбен бөлісу: |