83
қызым қу бас дегені ме? Қызым өйтіп жаулығын білдірмесін», -
дейді. Кенжекей әкесіне қайта кісі салыпты: «Шалқұйрықты сұрағаным, ерге
лайық ат еді, ер мінсін деп едім, Құба інгенді сұрағаным, ер қосын артсын деп
едім, Ақсырмалы сауытты сұрағаным, Ер Төстік ер еді, сол ер кисін деп едім»,
- депті. «Әкесі Кенжекейдің сөзінен жеңіліп, сұрағандарын беріпті».
Кенжекей
мен әкесінің арасындағы сөйлесімнің имплицитті түрде өткеніне қарамастан,
ертегіні тыңдаушы тұлға бұл сөздерден «малдың құты», «ер балаға қалатын
мұра» туралы хабары болса, аталған дүниелерді әкенің қызға қимауының
себебін түсінеді. Екіншіден, Кенжекей өз мақсатына тілді дұрыс таңдап
қолдану арқылы жетіп тұр. Қазақтың «Сөз тапқанға қолқа жоқ» деген мақалы
осындай ойды аңғартса керек.
Қазақы тұрмыста ер адамның рөлі әйелден үнемі жоғарыда тұрады. Ел
ішіндегі жағдайдың барлығы дерлік түгелдей ерлердің шешімімен ғана жүзеге
асқан. Сол себепті де ондай шаруа жайына келгенде әйел адам қатыспайды.
Мысалы,
Кенжекей қайын атасына кісі салып: "Атам бұл құдыққа қонбасын,
ырымы жаман жер", - деп хабар айтқызады. "Келінім келмей жатып, менің
қонысымды билейін деген екен", - деп Ерназар айтқанынан қайтпайды
.
«
Қонысымды билейін деген екен»
деуінде келіндік ибаны сақтау салтын бұзуға
жол бермегендігінің бір көрінісі, алайда, жас келін ақылдылық танытып көш-
жөнекей атасын қонақ қылады. «
Көш қонысымен, Кенжекей басқа келіндерінен
Достарыңызбен бөлісу: