82
жұмыспен келдім. Екі бірдей жоқ іздеп жүрмін... Намыс іздеп жүрмін, рұқсат
болса айтайын, - дейді Кендебай.
- Айт, айт, балам! - дейді хан»
[97]
.
Осы сөйлеу жағдаятынан «
хан баласы емеспін, адам баласымын
» деуі
арқылы «атаның баласы болма, адамның баласы бол» деген қағиданы немесе
М.Өтемісұлының «қарадан біреу тусайшы, халықтың кегін қусайшы» деген
арманы тәріздес ойды қазақ халқы ежелден ойлап, ер баланың халыққа қамқор
болатын азамат ерді тәрбиелеуге аса мән бергеніне көз жеткіземіз. Сондай
тәрбиені батыр берік ұстанады. Сөйтіп Кендебай батыр ханның алдына келу
себебін бір ауыз сөзімен жеткізе айтады. Халықтық қалыптасқан дәстүрге орай
хан да сөзге тоқтап, батырға, қызын беріп риза етіп аттандырады. Ертегі
дискурсындағы
осы
тәріздес
сөйлесім
үлгілеріне
қарым
-
қатынас
стратегиясындағы сөйлеу әдебі, сөйлеу мәнері, сөз қадірін түсіну сияқты
ұлттық ерекшеліктер көрсетіледі. Сонымен бірге жас жігіттің ханға тайсалмай
өтініш айтуы, өзін таныстыруы, өзінің мінез-құлқы мен сөз саптауы арқылы
қарым-қатынас мақсатына жетеді. Орыс ертегісінде батырдың еліне деген
құрметі ерекше, оны басқа ешбір құндылық ауыстыра алмайды. Мысалы,
«
Достарыңызбен бөлісу: