Жан
-
жануар атаулары
: бұларды ертегінің басты белгілері деп айтуға
мүмкіндік бар. Зерттеуімізге алынып отырған халықтардың қиял
-
ғажайып
75
ертегілерінің бәрінде дерлік алып құс немесе әдемі тауыс құстар ұшырасады.
Қазақ, араб ертегілерінде алып құс пен батыр бір-біріне көмекке келеді.
Мысалы, «Самұрықтың адам тәріздес басы Ер Төстікке :
–
Ей, адам баласы, бұл жерге не жұмыспен келдің? Менің балапандарымды
аулай келдің бе? Бұл жерді адам басқан емес, бұл – менің мекенім дегенде
Төстік:
– Мен жер үстінің Төстігімін. Сенің мекеніңе адасып келдім. Ана жатқан
айдаһардан балапандарыңды айрып алдым. Сенбесең балапандарыңнан сұра
дейді» [91](«Ер Төстік» ертегісі)
.
Атақты «Мың бір түн» жинағындағы «Синдбад
-
теңізші» ертегісінде Рухх
құсы туралы баяндалады. Ал әдемі тауыс құстар орыс ертегілерінде де патша
сарайының сәніне айналғаны туралы айтылады. «...
Не послушался стрелец
своего коня, поднял пере жар-птицы, привез и подносит царю в дар.
– Спасибо! – говорит царь.
– Да уж коли ты достал перо жар-птицы, то достань мне и самую
птицу; а не достанешь – мой меч, твоя голова с плеч
!» («
Жар-птица и
Василиса-царевна
» ертегісі).
Халықтардың географиялық орналасу деңгейіне сай хайуанаттардың да әр
түрі кездеседі. Қазақ даласында қасқыр, түлкі, қоян түрінде кездессе, орыс
ертегілерінде аю, араб ертегілерінде қабылан, гиена, алып балықтар т.б. туралы
оқиғалар кезігіп отырады. Сондай
-
ақ орыс және араб ертегілерінде алтын
жұмыртқа туатын тауық пен қаз туралы ұқсас сюжет кездеседі.
«ِامِيرتشيوِقوسلاِيفِاهعيبلِبهذيِ،ِةيبهذِةضيبِمويِلكِيفِهلِضيبتِةزوإِهيدلِيفيرِىتفِكانهِناك
ِتتاموًِائيشِدجيِملِاهحبذِامدنعِهنكلًِاينغِىتفِنوكيوِضيبلاِعيمجِجرخيلِةزولإاِحبذيِنأِررقِمويِيفوِهجاتحي
يشِلكِرسخوِةزولإا»
«Жили-были дед да баба. И была у них Курочка Ряба. Снесла курочка
яичко, да не простое - золотое. Дед бил - не разбил. Баба била - не разбила. А
мышка бежала, хвостиком махнула, яичко упало и разбилось. Плачет дед,
плачет баба и говорит им Курочка Ряба:
- Не плачь, дед, не плачь, баба: снесу вам новое яичко не золотое, а
простое!».
Құрылымы әр түрлі бұл екі халықтың ертегі дискурсының астырт
құрылымында екі басқа ой жатыр. Араб ертегісінде алтын жұмыртқа туатын
қаз. Тезірек байығысы келген қожайыны көп олжаға қалуды ойлап, қазды
сойып тастайды да, соңында дымсыз қалады. Ертегі дискурсының жоғарыда
келтірілген когнитивтік-коммуникативтік ерекшелігі бойынша араб халқында
қанағатшылдық алдыңғы орында тұратындықтан, ертегінің астарындағы ой
қанағатшыл болуды көздейді. Ал орыс халқы ертегісінің оқиға желісі бойынша
қарттардың алтын жұмыртқаны жаруға әлінің келмеуі мен тазалықтың
жоқтығынан тышқанның болуын меңзейді. Аталған ертегіде келтірілген «алтын
жұмыртқа» космогоникалық миф бойынша жаңа өмірді білдіреді де,
жұмыртқаның сынуы әлемнің қайталануының белгісін көрсетеді. Әлем
халықтарының ертегілерінде осындай жұмыртқа туралы (Мировое яицо)
мифтік түсінік бар. Ол славян халықтарында (орыс, поляк, серб, т.б.), шығыс
халықтарында да кездеседі. Осыған орай орыс, араб халықтарында жұмыртқа
76
сөзіне қатысты интерпретациясы әр түрлі. Мәселен, кейбір халықтарды алтын
жұмыртқаның жарылуы жамандықпен, бақытты жоғалту деп түсінілген. Сол
тәріздес жануарлар дүниесі арқылы да халықтың мінезі-құлқы, танымы ұлттық
ерекшеліктері, сол халыққа жақсы таныс әдет-ғұрыптары сипатталады. Бұлай
болуының себебі жануарлардың адам өмірінде алатын орнына қатысты
қарастырылады.
Соларға
қатысты
басқа
тілдерде
баламасы
жоқ
фразеологиялық бірліктер кездеседі. Ал оны басқа ұлттың оқырманы түсінуі
үшін фразеологиялық бірліктерге интерпретациялық түсінік беруге тура келеді.
Осындай фразеологиялық бірліктер арқылы елдердің мәдени ерекшелігі және
өмір сүру салты көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |