86
!
يِتَعاضِب ِِهِذَه َو ِ ه ر كْذَت يِذَّلا ِ داَبِدْنِ سلاِاَنَأ ِِةَنيِفَّسلا ناَّب رِل تْل قَف -
نيِ دلا
؟
ِِ َسْيَلَأِ َك مْسا
ء َلاَع
ِ
ر ِحاَّسلا ِ هَلَأَسَف -
! َِيا َوَبَأ َِهيِناَّمَس اَذَك ،ْمَعَن : ِ هَل َِلاَقَف -
Қазақ ертегі дискурсында қоштасу әдебінің де өзіндік ерекшелігі бар. Басқа
дискурстарда
қолданылатын
«Сау
болыңыз!»,
«Қош
болыңыз!»,
«Кездескенше!», «Кездескенше күн жақсы!», «Сау тұрыңыз!», «Қош-аман
болыңыз!» т.б. сөз тіркестері ертегі дискурсында қолданылмайды. Ертегі
дискурсындағы қоштасу мәнді сөз тіркестері диалог түрінде емес, яғни төл сөз
арқылы емес, төлеу сөз түрінде беріледі. Мысалы,
Еліне қайтар шағында жер
астындағы жолдастары сол өздері кезіккен жерден қалып, ризашылықпен
тарқасады. «Бұдан әрі баруға біздерге жол жоқ»,- дегенді айтып, бас
кейіпкермен қош айтысады. «Жылан Бапы хан батырдың ниетін орындай
отырып, ризалық белгісі ретінде қызын, көптеген жолдастар беріп, жер
бетіне шығар жол сілтеп, өз жөнімен қалып қояды»
(«Ер Төстік» ертегісі
),
«Хан разы болып, зынданда жатқан Мергенбай батырды, оның әйелін, қолға
түскен басқа адамдарды азат етеді. Шауып алған малын қайтарып береді.
Кіші қызын Кендебайға қосып, отыз күн ойын, қырық күн тойын істеп, көп
сыйлықтар беріп, Кендебайды еліне аттандырады» (Керқұла атты Кендебай»
ертегісі).
«
Говорит ему южный ветер:– Прощай, добрый молодец! Жалею
тебя, не хочу гулять в твоем царстве.
– Ну, прощай! Спасибо тебе!» (
«Заколдованная королевна» ертегісі).
Араб ертегі дискурсында қоштасу түрі қазақ тіліндегідей жалпы сипатта, риза
болу мақсатында қолындағы барын таратып, еліне оралумен аяқталады.
ِ
ِر ْحَبْلا ِِلا َوْهَأ َو ِِرَفَّسلا ِِتاَّقَشَم ِْنَع اًديِعَب يِدَلَب يِف ِِةَماَق ِ ْلإا ىَلَع ِ ت ْم َزَع َو
ِْلا َو
، ِنيِكاَسَم ءا َرَق فْلا
ِِْ
ىَل
َع ِ تْقَّدَصَت
Белгілі бір этностың өзіндік дәстүр-салты, тамаша талғамы, әдеп белгілері
– заман талабына қарай өзгермелі тарихи жағдайларда көрініп отырады. Солар
тіл арқылы беріліп, ұлттық сөйлеу әдебінің негізгі ережелерін анықтайды.
Сөйлеу әдебі ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын ережелердің жиынтығы
болып саналады.
«Әр түрлі мәдениет өкілдері байланыс барысын қиындататын қарым-
қатынас тәжірибелеріне ие. Әр түрлі халықтардың қарым-қатынас сипатын
анықтайтын адамгершілік ұстанымдар жүйесі жалпы адамзаттық, әмбебап
құндылықтардан тұрады: үлкенді, ата-ананы, әйел адамды сыйлау, ар, намыс,
қарапайымдылық т.б. Десе де белгілі бір қоғамда, лингвомәдени ортада сол
ортаның мәдениеті мен салт-дәстүріне сәйкес құндылықтардың өзіндік
ерекшеліктері болады» [124, 62-63]. Бұл туралы Н.И. Формановская былай деп
жазады: «Этикеттік белгілердің саны шексіз, ол консерватизм мен тұрақтылық
белгісіне қарамастан, қоғаммен бірге дамиды, біреуінің орнына біреуі келіп
қосылып жатады» [126, 7]. Ертегі дискурсынан қонақ қарсы алу, дастархан
үстінде айтылатын әңгіме, ас тарту (сыйлы қонаққа тартылатын тағам түрлері),
одан да бөлек дәстүрлі әдептерді анық көруге болады. Мысалы,
Достарыңызбен бөлісу: