Мансұр Мұхтарұлы (4-класс оқушысы. «Ақбөбек» мектебі).
Ерте, ерте, ертеде, ешкі құйрық келтеде. Әйелі ау тоқып, жамау тоқып жүреді. Бір қасқыр бір биеге шабуыл жасап жатқанда, ол ... не істейді...көмектесіп жүреді. Қасқырды тасқа бір ұрады да, о...оның ішіндегі құлынын алып алады. Сосын өзіне сай ат тауып алады, сосын өзі сияқты болып жүреді. Бұл жерде
де
жамау тоқу деген тіркес жамау сөзінің мағынасын түсінбегендіктен беріліп
отыр. Жамау тоқылады деген қате түсінік орын алған.
Ешкі құйрық келтеде тіркесінде морфологиялық тұлғалардың қате берілуі көрініп тұр.
Алдияр Еламан (5-класс оқушысы. №40 қазақ орта мектебі).
Кендебай шап беріп, құйрықтан ала түседі. Кендебайдың қолында алтын құйрығы жұлынып қала береді. Қайда алтын құйрық дегенде мен оны құртқан жоқпын, құртатын болсам оны сізге айтпас едім деп құйрығын береді. Жеті басты дәуден жеті рет өтіп, жеті көзін кесіп өтеді. Әр бастың көздерін жұлып алып келеді. Арыстанды өлтіріп, арыстанның тістерін қағып алады. Той үстіне ештеңе таба алмай сандалып, мойындары ырғақтай, сирақтары шидей болып, азып тозып ханның екі баласы келеді. Ханның айтқандарын Кендебай жасап тастаған болатын. Респондент ертегіні мазмұндауда логикалық
қателер жібереді. Алтын құйрықты құртқан жоқпын дегенде құрту сөзі тығып
қоймадым немесе қандай да бір қулық жасамадым деген ойды білдірудің
орнына беріліп тұр. Құрту сөзі оқушы танымында бір затты бүлдіріп алумен
байланысты алынып тұр. Көзін кесіп алады деген көзін ойып алады дегенмен,
яғни
кесіп алу мен
ойып алу дың сөз ұқсастығына сай алмастырылып
таңдалғанын көруге болады. Респонденттің жас ерекшелігіне қарай осындай
қателер жіберуі заңдылық деуге болады.
Інжу Сәкенқызы (4-класс оқушысы. «Ақбөбек» мектебі).
Кедейлер өз өмірлерін көріпті. Ал әйелі жау жамап,.. жамау жамап тоқу тоқиды екен. Құлын да Кендебайға ұқсас минут сайын өседі екен. Минут сайын өсіп, жүйрік ат болады екен. Жамау, тоқу әрекетіне қатысты респондент санасында
түсініктің болмауы көрініп тұр. Қазіргі жас балалардың жамаудың не екенін
білмеуі оның тұрмыста қолданылмауымен түсіндіріледі. Сөйлемнің соңында
екен толымсыз етістігі жиі қолданылуы оқушының өткен шақтағы оқиғаны
баяндауда қолданған бір грамматикалық құрылым деп түсінуінен орын алып
тұр. Орыс тілді немесе қалада өскен балалар тілінде бұндай қате сөйлеу жиі
байқалады.