Kundelik.kz жүйесіне тіркелу және ақпаратты енгізу нұсқаулығы
Күнделік жүйесінде жұмыс жүргізу үшін http://www.kundelik.kz сайтына өтіп логин және құпия сөзді енгізіңіз, егер Сізде логин мен құпия сөз жоқ болған жағдайда мына нөмірге 8 (727) 313-18-32 хабарласу немесе team@kundelik.kz электронды поштасына логин және құпия сөз алу үшін бір рет тапсырыс беру қажет. Тапсырыста: білім мекемесінің толық атауы, міндетті түрде электронды поштасы (себебі логин және құпия сөз электронды поштаға түседі), жауапты маманның аты-жөні, байланыс телефондары (Мысалы: Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектеп, baizak_muratbaev@mail.ru, Иванов Иван, 8726 37 2-00-30) жіберілуі қажет.
Kundelik.kz жүйесіне енген соң, басты 6 қадамды (6 бөлімді толтыру туралы бейнесабақты https://help.kundelik.kz/hc/ru/categories/202661057-Жетекшіліктер-және-нұсқаулықтар сілтемесінен көруіңізге болады) орындау қажет.
Төменде әрбір бөлім бойынша бейнесабақтардың сілтемесі көрсетілген.
Бөлім. Мектеп профилі. Пәндер. Баға түрлері. ( бейнесабақ https://help.kundelik.kz/hc/ru/articles/226100828-1-бөлім-Күнделік-жүйесіне-кіру-Мектеп-профилі-Пәндер-Баға-түрлері- )
Бөлім. Әкімшінің деректері. Қоңыраулар кестесін және есептік кезеңдерін құру. (бейнесабақ https://help.kundelik.kz/hc/ru/articles/225986407-2-бөлім-Әкімшінің-деректері-Қоңыраулар-кестесін-және-есептік-кезеңдерін-құру )
Бөлім. Сыныпты жасау. Оқушыларды импорттау және оларды шақыру. Оқу топтары. ( бейнесабақ https://help.kundelik.kz/hc/ru/articles/225986447-3-бөлім-Сыныпты-жасау-Оқушыларды-импорттау-және-оларды-шақыру-Оқу-топтары- )
Бөлім Мектеп қызметкерлерін жүйеге импорттау және оларды шақыру. (бейнесабақ https://help.kundelik.kz/hc/ru/articles/225986587-4-бөлім-Мектеп-қызметкерлерін-жүйеге-импорттау-және-оларды-шақыру-)
Бөлім. Сабақ кестесін құру. Сабақтарды ауыстыру. (бейнесабақ https://help.kundelik.kz/hc/ru/articles/226101068-5-бөлім-Сабақ-кестесін-құру-Сабақтарды-ауыстыру-)
Бөлім. Журналдар. (бейнесабақ https://help.kundelik.kz/hc/ru/articles/226101128-6-бөлім-Журналдар)
Достарыңызбен бөлісу: |