Куні-24,09,2020 Растрлық графикада кескіндер түрлі түсті



Дата22.12.2021
өлшемі17,8 Kb.
#127764
түріСабақ
Байланысты:
24,09,2020-лекция


Сабақтың тақырыбы-Векторлық және растрлық графика объектілері.

Куні-24,09,2020

Растрлық графикада кескіндер түрлі - түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады. Графикалық ақпараттың осындай нүктелер жиыны немесе пиксельдер түрінде ұсынылуы растрлық түрдегі ұсынылу болып табылады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет.

Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне (тігінен және көлденең орналасқан пиксельдердің саны) және әр пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді болады.
Растрлық кескіндердің артықшылықтары да, кемшіліктері де бар.
Артықшылығы: растрлық кескінді түзетуге, әдемілей түсуге, яғни оның кез - келген бөлігін өзгертуге болады; нүктелерді қажет болмаса ішінара алып тастауға немесе қоюлатуға, сондай - ақ кескіннің әр нүктесін ақ - қара немесе басқа кез келген түске өзгертуге болады.

Кемшілігі: растрлық кескін өлшемінің масштабын өзгерткенде (бір немесе бірнеше бағытта созу немесе сығу) кескіннің сапасын жоғалтатыны. Мысалы, кескінді үлкейткенде, оның көрінісі дөрекіленіп кетсе, кішірейткенде – кескін сапасы өте нашарлап кетеді (нүктелерін жоғалтқандықтан).
Растрлық кескіндердің тағы бір кемшілігі – файлдар өлшемдерінің өте үлкендігінде (түстері неғұрлым көп және сапасы жоғары болған сайын, олар соғұрлым үлкен болады).

Бірақ бұл кемшіліктеріне қарамастан, қазіргі техникада растр өте жоғары сапалы кескін алуға мүмкіндік береді. Сондықтан растрлық кескіндер көркем графикада кеңінен қолданылады.
Растрлық графика электронды (мультимедиалық) және полиграфиялық басылымдарды жасап шығару үшін де жиі қолданылады. Растрлық графикалық редакторлар көбінесе жаңа суреттерді салу үшін емес, дайын суреттерді өңдеу үшін қолданылады. Осы мақсатта көбінесе суретшілердің қолымен салынған дайын суреттер сканерленіп алады немесе фотосуреттер алынады. Соңғы кездері растрлық кескіндерді компьютерге енгізу үшін сандық фотокамералар мен видеокамералар кеңінен қолданылуда.

Векторлық кескіндер, бұл - сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілері жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз - осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы. Векторлық графикада кескіндердің негізгі элементі - сызық болып табылады.

Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы. Келесі артықшылығы - векторлық кескіндердің ақпараттық көлемі растрлық кескіндермен салыстырғанда әлдеқайда аз болады.
Векторлық графиканың кемшіліктері:
Шынайы бейнелерді құрудағы қиындықтар, яғни фотобейнелерді кодтау расторлық әдістен көп жады алады. Сондықтан векторлық әдісті көбіне графикалық суреттерді салуға пайдаланады. Тұтас аймақты бейнелеу мүмкіндігінің болмауы, себебі объектілер «сым» қаңқа түрінде ұсынылады.

Векторлық графикамен жұмыс істеуге арналған программалық құралдар бірінші кезекте кескіндерді өңдеу үшін емес, оларды жаңадан салу үшін қолданылады. Бұндай құралдар жарнама агенттіктерінде, дизайнерлік бюроларда, редакциялар мен баспаханаларда кеңінен қолданылады. Қарапайым геометриялық объектілер мен қаріптерді пайдалануға негізделген безендіру жұмыстары векторлық графика құралдарының көмегімен әлдеқайда оңай іске асады.
Осы кескіндерді компьютерде өңдеу үшін арнайы программалар - графикалық редакторлар пайдаланылады. Графикалық редактор - графикалық кескіндерді құруға, редакциялауға, көруге арналған программа.

Қарапайым растрлық кескіндерді салуға мүмкіндік беретін растрлық редакторлардың қатарына Paint, Adobe Image Ready. Adobe Photoshop, Corel Photo Paint, Gimp, Photofinish редакторлары фотобейнелерді өңдеу үшін пайдаланылады.
Векторлық кескіндер Word мәтіндік редакторына құрамдас графикалық редакторды, СorelDRAW, Adobe Illustrator, Inkscape секілді векторлық графикалық редакторларда жасалады.
Суретті сақтаған кезде, белгілі бір графикалық пішімде файл жасалады.
Графикалық файлдың пішімі - графикалық мәліметтерді сыртқы тасымалдаушыда көрсету мен орналастыру әдісі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет