Кураторлық сағат тақырыбы: «Ұлы даланың жеті қыры»



Дата06.01.2022
өлшемі59,04 Kb.
#109903
Байланысты:
11 Кл Ұлы даланың жеті қыры


«БЕКІТЕМІН»

Директордың тәрбие жұмысы

жөніндегі орынбасары

_____________Кипчакбаева А.Б.

«21» желтоқсан 2019ж

КУРАТОРЛЫҚ САҒАТ

Тақырыбы: «Ұлы даланың жеті қыры»

Куратор: Алимбаева М.К.

Сыныбы: 11«L»

Шымкент – 2019



Кураторлық сағат

Тақырыбы: «Ұлы даланың жеті қыры»

Мектеп: Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Уақыты:

Куратордың аты-жөні: Алимбаева М.К.

Сыныптар: 11 «L»


Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Мақсаты :

  • Елбасы мақаласы туралы ақпарат бере отырып оқушылардың өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін, патриоттық, мақтаныш сезімдерін арттыру;

  • Ұлттық, мәдени, тарихи құндылықтарды дәріптеу арқылы жастарды болашақта қоғам дамуына үлес қосуға шақыру;

  • Интеллектуалды қабілеттері мен шығармашылық әлеуетін арттыруға ықпал ету

Күтілетін нәтиже

Оқушылар елжандылыққа, патриоттылыққа тәрбиеленеді

Жиында қамтылатын білім беру құндылықтары

  • Қазақстандық

  • патриотизм;

  • құрмет;

  • функционалдық сауаттылық; өмір бойы оқу

Мәңгілік ел құндылықтары

  • Қазақстанның тәуелсіздігі мен Астанасы

  • Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім

  • Зайырлы қоғам және жоғары руханият




Ресурстар




Жоспар

Уақытты жоспарлау

Сабақтың жүрісі




Жиынның

басы

5 минут

Ортасы

30 минут




І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Топқа бөлу (түрлі суреттер арқылы топқа бөлу)
«Комплимент» ойыны

Оқушылар шеңбер құрады. Кезек-кезек бір-біріне жылы сөздер, комплименттер айтады


Куратор сөзі:

Қайырлы күн, Зияткер оқушылар! Бүгінгі «Ұлы даланың жеті қыры» атты ұйымдастырылған кураторлық сағатымызға қош келдіңіздер.


«Дәрумен-мотивация»

https://www.youtube.com/watch?v=Ah-vpat8AmM



  • Ұлы даланың жеті қыры деген не? (Елбасы Н.Назарбаевтың 2018 жылдың 21 қарашасында жарияланған мақаласы).

  • Бұл мақаланы жариялаудағы негізгі мақсат қандай? («Әлемнің жеті кереметі» секілді қазақтың кең байтақ даласын мекен еткен көшпенді халықтың жеті кереметін атап көрсету. Тарихи сананы жаңғырту)

  • Бүгінгі кураторлық сағатымызда біз сіздермен Ұлт Көшбасшысы - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы туралы әңгімелеспекпіз.

  • Бұрынғы жәдігерлерге қарап Ұлы даланың жаһандық тарихтағы орнын қалай бағалауға болады?


«Айналып жазу» тапсырмасы

Оқушыларға «Ұлы даланың жеті қырына» байланысты плакаттарға түрлі мәтіндер, суреттер жапсырылып беріледі. Балалар сол берілген мәтіндерге байланысты өз ойларын айналдырып жазады. Оны аяқтаған соң сағат тілімен келесі топқа толықтыруға береді. Соңында спикерлер топ алдында өз жұмыстарын қорғайды.



І топ

«Атқа міну мәдениеті»

ІІ топ

Ұлы даладағы ежелгі металлургия мен Аң стилі

ІІІ топ

Алтын адам, Түркі әлемі

ІV топ

Ұлы Жібек жолы; Қазақстан-алма мен қызғалдақтың отаны
«Ұяшықтар сыры» тапсырмасы (топтар ұяшықтарды таңдау арқылы Елбасы туралы алдын ала дайындалған сұрақтарға жауап береді)

1.Атқа міну мәдениеті

  1. Көшпенді қазақ халқының мінсе көлігі, ішсе сусыны, сойса тағамы, адал серігі болған жануар (жылқы)

  2. Қазақ халқының әйгілі әнші-композиторы, ақын Ақан сері Қорамсаұлының Сағынайдың асында қастандықпен өлтірілген, бірнеше рет аламан бәйгенің алдын бермей, даңқы бүкіл Арқаға тараған жүйрік аты. (Құлагер)

  3. Кендебайдың мақсатына жетуіне көмектескен жылқысы. (Керқұла)

  4. Сарбаз бен оның мінген атын садақ, қылыш, найза, т.б. қарулардан қорғауға арналған киім қалай аталады? (Сауыт)

  5. Қазақстан аумағында өмір сүрген түркі тайпалары ойлап тапқан ат үстінде ұрыс жүргізу үшін жеңіл әрі кесіп түсер қару қалай аталады? (қылыш)

2.Алтын адам

  1. Алтын адамды алғаш тауып, зерттеген ғалым қорғаннан табылған ханзаданың мүрдесін қай тайпаның өкіліне жатқызды? (сақ)

  2. Алтын адам қайдан табылды? (Алматы облысы, Есік қаласынан)

  3. Алтын адам киімі немен безендірілген? (4 мыңға жуық алтын әшекейлермен)

  4. 1996 жылы Алматыдағы Республика алаңында Қазақстан тәуелсіздігінің бес жыл толуы құрметіне қойылған Алтын адам ескерткіші қалай аталады? (Тәуелсіздік монументі)

  5. Жауынгердің алтынмен апталған киімдері ежелгі шеберлердің қандай екенін көрсете алады? (алтын өңдеу техникасын жақсы меңгергенін)

3.Түркі әлемінің бесігі

  1. «Түркістан» өлеңінің авторы кім? (Мағжан Жұмабаев)

  2. Түркістан қаласында өмір сүріп, ілім таратқан түркі халықтарының рухани көшбасшысы (Қожа Ахмет Ясауи)

  3. Ортағасырлық Қазақстан қалалары неше бөліктен тұрған? (1.Цитадель 2. Шахристан 3. Рабаттан) Цитадельде – патша сарайы және әкімшілік басқару орындары орналасқан. Шахристанды – қызметкерлер мекендеді, яғни кіші билеуші топ өкілдері, түрлі кәсіп иелері мекендеді. Қаланың екі бөлігін сыртынан үлкен дуалдар қоршап жатты. Рабатта – екінші халық, қала дуалының сыртында орналасты.

  4. Отырар қаласында дүниеге келген әлемдік өркениеттің ұлы ойшылдарының бірі (Әбу Насыр Әл-Фараби)

  5. V-XІІІ ғасырлар аралығында өмір сүрген көне түркі халықтарының алғашқы мекені (Алтай аймағы)

4.Ұлы даладағы ежелгі металлургия; Аң стилі

  1. Қазақстан аумағында тау-кен ісі-металлургия қай дәуірден бастап дамыды? (қола)

  2. Киімді, тұрмыстық бұйымдарды безендіруге пайдаланылатын, сәндік үшін жасалынатын бұйымдар және зат, бұйымның бетіне салынатын ою-өрнек, түрлі нақыштар қалай аталады? (әшекей бұйымдар)

  3. Егемен Қазақстанның символдарының бірі, «Қызыл кітапқа» енген, жануарлар әлемінде сирек кездесетін аң. (қар барысы)

  4. Шығыс Қазақстандағы Берел мен Шілікті аудандарынан Алтын адаммен бірге табылған Аң стилінде жасалған дүниелер ежелгі ата-бабаларымыздың қандай әдістерді жақсы меңгергенін көрсете алады? (оюлап кескіндеу, металлмен жұмыс істеу, құйма құю, жайма алтын дайындау)

  5. Алуан түрлі сәндік бұйымдар мен әшекей заттарды (сақина, сырға, білезік, қаптырма, т.б.) алтынмен аптап, күміспен күптеп, зерлеп, ажарын, сәнін кіргізіп, айшықтап жасаушы (зергер)

5.Ұлы жібек жолы



  1. Ұлы Жібек жолында сауданың әуелгі жиһазы не болған? (жібек)

  2. Қазақстанда қызғалдақтың неше түрі өседі? (35)

  3. Әсем Алматы қаласы қандай жемістің терең тарихының символы ретінде аталды? (Сиверс алмасы)

  4. Жібек жолымен не жүрді? (сауда керуендері)

  5. Ұлы Жібек жолы өмір сүрген мерзім (б. з. д. II ғ. — б. з. XV ғ. басы)




Жиынның соңы

5 минут


«Керемет құндылықтар кітабы»

(Оқушылар сабақтан үйренген құнды мәліметтерден құндылықтар кітабын жасайды)



Куратор сөзі: Ұлы даланың мәдениеті мен әдебиетін, өткені мен бүгінін түйіндеп, өнері мен технологиясын дамытып, тарихи сананы жаңғыртып, болашақ ұрпаққа көзіміздің қарашығындай етіп жеткізуіміз керек. Кураторлық сағатымызды Елбасының мына сөзімен аяқтағым келеді: «Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту-еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы»






Кураторлық сағаттың қандай аспектілері жақсы жүзеге асты (оқу мен оқытудың өмірмен байланысы болдыма, ойланыңыз

1:

2:



Кураторлық сағатты жақсартуға не ықпал етуші еді (оқуды да, оқытуды да қарастырғанда)?

1:


2:

Кураторлық сағат барысында сынып туралы немесе оның жетістіктері туралы нені анықтадым/жекеленген оқушылардағы қиындықтар (көшбасшылық), келесі кураторлық сағатта неге баса назар аударылу қажет?



1:

2:






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет