Мәтіннен өздеріңе таныс ақпаратты кездестірдіңдер ме?
Мәтіннің жалпы мазмұнын айтыңдар.
Үзіндіні мәнерлеп оқыңдар.
НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ
Тұрмыс-тіршілік – әл-ауқат, хал-жағдай, тіршілік
әдет-ғұрып – жалпыға бірдей қалыптасқан қоғамдық дәстүр, жөн-жора
теңелу – бірдей, қатар, пара-пар
көк – шөптің шығатын кезі
арқа-басы кеңу – шаруадан қолы босап, еркіндік алды
аққа аузы тию – айран, сүт, ірімшік сияқты сүт тағамдары
ұлыстың ұлы күні – ескіше жаңа жылдың бірінші күні, Наурыз мейрамы
көрісу – амандасу, сәлемдесу, жүздесі
| Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде, әдет-ғұрпында ерекше орын
алатын, ертеден мерекеленіп келе жатқан мейрамның бірі – Наурыз күні.
Наурыз парсы сөзі, қазақша «жаңа күн» деген ұғымды білдіреді. Бұл күн жыл сайын наурыз айының 22-сінде мерекеленетін болған. Яғни, күн мен түннің теңілетін, қардың еріп, көктің шыға бастайтын кезі. Осы кезде мал төлдеп, шаруаның арқа-басы кеңіп, аққа аузы тиген. Сондықтан Наурыз күнін жаңа жылдың басы – «ұлыстың ұлы күні» деп есептеп, зор қуанышпен қарсы алған. Жұрт жақсы киініп, ауыл аралап бірін-бірі жаңа жыл – наурызбен құттықтап, сағынышты көрісушілер, ыстық қауышулар үстінде бір-біріне игі тлек тілеп, адал ниетпен ақ бата беріскен.
Сұрақтарға жауап беріңдер.
Наурыз деген сөздің мағынасы қандай? Ол қай тілден енген сөз?
Наурыз мейрамы неліктен 22- Наурызда тойланады?
Қазақ халқы «көк» деп нені айтады?
«Арқа-басы кеңуі» дегенді қалай түсінесіңдер? Оны не себепті айтқан?
«Аққа аузы тиді» дегенді қалай түсінесіңдер? «Ақ» деп халқымыз нені айтады?
Наурыз күні жұрт не істейтін болған?
Үзіндіні қайта оқи отырып, кестені толтыр.
Не болады?
Жұрт не істейді?
Жақсы киінеді
Қар ериді
Наурызда
Оң болсын – жөнді болу, жетісу
Мол – аса көп
Жол болсын – сапарың оң болсын
Береке – ырыс, молшылық, мол, ауызбірлік, ынтымақ
Бәле-жала – қырсық, кесел, кесапат
Балуан күрестіру – балуан жарысы, сайысы
Ойын-сауық – думандатты, сауық-сайран салды
| 7. Үзіндіні мәнерлеп оқыңдар.
Мұны олар өлең, тақпақ арқылы білдірген. «Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын, қайда барса жол болсын! Ұлыс бақты болсын, төрт түлік ақты болсын! Ұлыс, береке берсін! Бәле-жала жерге енсін!» - деп тілек айтқан.
Наурыз мейрамын қазақ халқы «Наурыз көже» ішіп, ән шырқап, күй шертісіп, балуан күрестіріп, ойын-сауықпен өткізген.
Ұзақ жылғы үзілістен кейін, 1988 жылдан бастап, Наурыз мейрамы қайта тойлана бастады. Республика жұртшылығы Наурыз мейрамын зор қуанышпен атап өтіп, оны ұлттық мерекеге айналдырды.
22-наурыз Қазақстан Республикасында ұлттық мереке, әрі демалыс болып белгіленді.
Сұрақтарға жауап беріңдер.
Наурыз күні қандай тілектер айтылады?
Сендер қандай тілек білесіңдер?
«Наурыз көжені» ішіп көрдіңдер ме? Ол қалай жасалады?
Наурыз мейрамы қай жылдардан бастап тойлана бастады?
Наурыз қандай мереке?
Үзіндіні үш бөлікке бөліп тақырып беріңдер.
Мәтін мазмұнын баяндаңдар.
«Наурыз» мерекесі туралы сұхбаттасыңдар.
14. Мәтінде берілген тілек сөздерді пайдалана отырып, достарыңа құттықтау жазыңдар.
ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ ҮЛГІЛЕРІ
ТӨРТ ТҮЛІК ТУРАЛЫ ЖЫРЛАР
Түлік – малдың төрт түрінің жиынтық аты
Елеулі – айтарлықтай, үлкен
Иесі – қолдап, қозғаушы, рух,
сүйеуші
Халық – белгілі бір елді, мемлекетті мекендейтін адамның жалпы жиыны
Қадірлеу – құрметті сыйлау, қадір тұту
| Төрт түлік малға: қой, жылқы, сиыр, түйе жатады. Ертедегі адамдар әр заттың иесі бар деп сенген. Мысалы: қойдың иесі – «Шопан ата», жылқының иесі – «Қамбар ата», түйенің иесі – «Ойсылқара», сиырдың иесі – «Зеңгі баба», ешкінің иесі – «Шекшек ата»
Төрт түлік мал қазақ халқының өмірінде елеулі орын алған. Қазақ халқына мал атаулы тамақ та, киім де болған. Сондықтан қазақ халқы төрт түлікті қатты қадірлеген.
Тақырыпты оқыңдар.
Жырда не туралы жырланады деп ойлайсыңдар?
Төрт түлік туралы не білесіңдер? Оларды көргендерің бар ма?
Төрт түлік малдың аталарын білесіңдер ме? Оларды қалай атаған?
Оларды қалай шақырады?
Жырды зейін қойып тыңдаңдар.
Шопан атаға
Ай мүйізді шақпақтай,
Шүйделері тоқпақтай,
Тегене құйрық қошқарлы,
Малды берсең, қойды бер!
Аппақ қана сүті бар,
Шағаладай құрты бар,
Шопан ата баласы,
Қойлар бассын үйіңді!
Қойлар басса үйіңді,
Қоймай бассын үйіңді!
Сексек атаға
Шибегелер шігесі,
Қатпа келер шекесі,
Сойса, саны қалақтай,
Сауса, сүті бұлақтай,
Қойды көсем бастайын,
Өткелден үркіп саспайтын,
Қарағай мүйіз серкелі,
Шүйде жалды, желкелі,
Сексек ата баласы
Ешкі бассын үйіңді,
Ешкі басса үйіңді,
Сыймай бассын үйіңді!
Зеңгі бабаға
Тағы бір тілек тілейін,
Бергеніңді білейін,
Қос жегуге жарамды
Ылғи бойшаң өгіз бер,
Жұп-жұбымен егіз бер.
Сиыр деген мал екен...
Дауысы бар қазандай,
Мүйізі бар жылтылдақ,
Буыны бар сыртылдақ,
Зеңгі баба баласы
Сиыр бассын үйіңді,
Сыймай бассын үйіңді!
Қамбар атаға
Тағы бір тілек тілейін,
Шын бергенің білейін,
Өңкей ала шұбардан,
Жал – құйрығы шұбалған,
Айғырды бер байсалды,
Үйірі толған байталды,
Шыңғыртып асау құлынды
Қыл арқанмен байлаған,
Қиқу салып айдаған,
Ел көкшкенде балалар,
Кең өртеңді жайлаған,
Қуғандарға жеткізбей,
Қашқандарды қоймаған,
Жылқышы ата баласы,
Жылқы бассын үйіңді
Ойсылқара атаға
Және бір тілек тілейін,
Бергеніңді білейін.
Қотанға сыймас түйе бер,
Түйе берсең, үйде бер!
Көзі жарық жұлдыздай,
Мойыны иір қобыздай,
Құйрығы ұзын қамшыдай,
Шудасы бар жамшыдай.
Маң-маң басқан, маң басқан.
Шудаларын шаң басқан,
Екі өркешін қом басқан
Тілін тікен теспеген,
Алабота, теріскен,
Мұрындығы келіскен,
«Шөк!» - дегенде, «бық!» - деген,
Шешіп үйін жүктеген,
Ойсыл қара баласы
Түйе бассын үйіңді,
Түйе басса үйіңді,
Кие бассын үйіңді!
Сұрақтарға жауап беріңдер
Жырда не туралы айтылған?
Төрт түліктің қандай түрлері аталған?
Қысқаша мазмұндап беріңдер
4. Берілген жырдың бірінші шумағын оқып шығыңдар.
Шопан атаға
Ай мүйізді шақпақтай,
Ай мүйіз – сәнді көркем, мүйізі бар
Шақпақтай – қатты шымыр
Шүйделері – бастың желкеден жоғары жері
Тоқпақтай – жуантық келген жұп-жұмыр, кеспелтектей
Тегене құйрық – үлкен құйрық
Шүйделері тоқпақтай,
Тегене құйрық қошқарлы,
Малды берсең, қойды бер!
Аппақ қана сүті бар,
Шағаладай құрты бар,
Шопан ата баласы,
Қойлар бассын үйіңді!
Қойлар басса үйіңді,
Қоймай бассын үйіңді!
Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойыңдар.
... ... шақпақтай,
Шүйделері ...,
... ... қошқарлы,
Малды берсең, ... ...!
Жырдың екінші шумағында бата, тілек айтылған жерді табыңдар!
7. Жырды мұқият оқып, не туралы айтылғандығын екі-үш сөйлеммен
мазмұндап беріңдер.
8. Берілген жырдың екінші бөлігін мәнерлеп оқыңдар.
Сексек атаға
Шибегелер шігесі,
Шіге – асықтың бүгесіне қарама-қарсы ойыс жағы
Шеке – құлақ пен маңдай аралығындағы бас сүйектің бір бөлігі
Қалақтай – кішкентай
Көсем – қойды бастап жүруші
Серкелі – бес-алты жастағы тарттырылған теке
Қатпа келер шекесі,
Сойса, саны қалақтай,
Сауса, сүті бұлақтай,
Қойды көсем бастайын,
Өткелден үркіп саспайтын,
Қарағай мүйіз серкелі,
Шүйде жалды, желкелі,
Сексек ата баласы
Ешкі бассын үйіңді,
Ешкі басса үйіңді,
Сыймай бассын үйіңді!
Көп нүктенің орнына қандай сөз қойған болар едіңдер?
Шибегелер шігесі,
__________шекесі,
Сойса, саны _____,
Сауса, сүті ______.
Жырдың мына бөліміне қандай ат қойған болар едіңдер?
Қойды көсем бастайын,
Өткелден үркіп саспайтын,
Қарағай мүйіз серкелі,
Шүйде жалды, желкелі,
Сексек ата баласы
Ешкі бассын үйіңді,
Ешкі басса үйіңді,
Сыймай бассын үйіңді!
Жырдың берілген үш жолында не туралы айтылған? Ауызша жауап беріңдер.
Ешкі бассын үйіңді,
Ешкі басса үйіңді,
Сыймай бассын үйіңді!
Берілген жырды мәнерлеп оқыңдар.
Зеңгі бабаға
Тағы бір тілек тілейін,
Бергеніңді білейін,
Қос жегуге жарамды
Жегуге жарамды – арбаға, шанаға жегілетін
Бойшаң – ұзын, үлкен, биік
Қазандай – үлкен, дәу
Жылтылдақ – жылт-жылт еткен, жылтыраған
Ылғи бойшаң өгіз бер,
Жұп-жұбымен егіз бер.
Сиыр деген мал екен...
Дауысы бар қазандай,
Мүйізі бар жылтылдақ,
Буыны бар сыртылдақ,
Зеңгі баба баласы
Сиыр бассын үйіңді,
Сыймай бассын үйіңді!
14. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойыңдар.
Тағы бір _______ тілейін,
_________ білейін,
Қос жегуге _______
Ылғи бойшаң _______,
Жұп-жұбымен ______.
15. Сиырдың мөңіреген дауысын сала аласыңдар ма?
16. Жырда сиырдың дауысын неліктен қазанға теңеген?
Берілген екі жолды қатыстыра отырып, бата жазыңдар.
Сиыр бассын үйіңді,
Сыймай бассын үйіңді!
18. Жырды мәнерлеп оқыңдар.
Қамбар атаға
Тағы бір тілек тілейін,
Шын бергенің білейін,
Өңкей – жаппай, өңшең
Шұбар – теңбіл-теңбіл түс, ала, алабажақ
Жал-құйрығы –жылқының ұзын, әрі қалың өскен жалы мен құйрық қылы
Айғыр –үйірге түсірілетін піштірілмеген еркек жылқы
Байсалды – тыныш, салмақты
Байтал – екі, үш жас аралығындағы құлындамаған ұрғашы жылқы
Құл арқан – қылдан есілген арқан
Өңкей ала шұбардан,
Жал – құйрығы шұбалған,
Айғырды бер байсалды,
Үйірі толған байталды,
Шыңғыртып асау құлынды
Қыл арқанмен байлаған,
Қиқу салып айдаған,
Ел көкшкенде балалар,
Кең өртеңді жайлаған,
Қуғандарға жеткізбей,
Қашқандарды қоймаған,
Жылқышы ата баласы,
Жылқы бассын үйіңді.
19. Жырдағы асты сызылған жолдарды өз сөздеріңмен әңгімелеп беріңдер.
Шыңғыртып асау құлынды
Қыл арқанмен байлаған,
Қиқу салып айдаған,
Ел көкшкенде балалар,
Кең өртеңді жайлаған,
Қуғандарға жеткізбей,
Қашқандарды қоймаған,
Жылқышы ата баласы,
Жылқы бассын үйіңді.
20. Берілген жыр жолдарындағы көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойыңдар.
Тағы бір ________тілейін,
_______ бергенің білейін,
Өңкей ________________,
_____________ шұбалған,
__________ бер байсалды,
Үйірі толған _________,
22. Берілген жырды оқыңдар.
Ойсылқара атаға
Және бір тілек тілейін,
Бергеніңді білейін.
Қотанға сыймас түйе бер,
Түйе берсең, үйде бер!
Көзі жарық жұлдыздай,
Мойыны иір қобыздай,
Құйрығы ұзын қамшыдай,
Шудасы бар жамшыдай.
Маң-маң басқан, маң басқан.
Шудаларын шаң басқан,
Екі өркешін қом басқан
Тілін тікен теспеген,
Алабота, теріскен,
Мұрындығы келіскен,
«Шөк!» - дегенде, «бық!» - деген,
Шешіп үйін жүктеген,
Ойсыл қара баласы
Түйе бассын үйіңді,
Түйе басса үйіңді,
Кие бассын үйіңді!
23. Сұраққа жауап беріңдер.
1. Жыр жолдарында не туралы айтылғандығын баяндап беріңдер.
2. Берілген жырда төрт түлік малдың қайсысы туралы айтылған?
Шибегелер шігесі,
Қатпа келер шекесі,
Сойса, саны қалақтай,
Сауса, сүті бұлақтай,
Жырдан ешкінің өжеттігі суреттелген жерін табыңдар.
Берілген жыр үзінділеріне сен қандай ат қойған болар едің?
Аппақ қана сүті бар,
Шағаладай құрты бар,
Шопан ата баласы,
Қойлар бассын үйіңді!
Қойлар басса үйіңді,
Қоймай бассын үйіңді!
Ай мүйізді шақпақтай,
Шүйделері тоқпақтай,
Тегене құйрық қошқарлы,
Малды берсең, қойды бер!
Сиыр деген мал екен...
Дауысы бар қазандай,
Мүйізі бар жылтылдақ,
Буыны бар сыртылдақ,
Зеңгі баба баласы
Сиыр бассын үйіңді,
Сыймай бассын үйіңді!
24. Жырды қайта оқи отырып, берілген кестені толтырыңдар.
Мал атауы
|
Төлінің атауы
|
Шақыру белгісі
|
Қой
|
|
|
Ешкі
|
|
|
Сиыр
|
|
|
Түйе
|
|
|
Жылқы
|
|
|
25. Берілген теңеу сөздерге сәйкес төрт түліктің атауын жазыңдар.
Атауы
|
Теңеу сөздер
|
|
Құйрығы ұзын қамшыдай
|
|
Дауысы бар қазандай
|
|
Жал – құйрығы шұбалған
|
|
Шүйде жалды, желкелі
|
|
Қарағай мүйіз серкелі
|
|
Көзі жарық жұлдыздай,
Мойыны иір қобыздай
|
26. «Менің сүйікті жануарым» тақырыбында өзіңе ұнайтын жануар суретін қағаз бетіне түсіріп, оның неліктен ұнайтындығын әңгімелеп беріңдер.
1. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойып, жырды аяқтаңдар.
Ай мүйізді шақпақтай,
Шүйделері тоқпақтай,
Тегене құйрық қошқарлы,
Малды берсең, ...
А) ешкі бер!
Ә) қойды бер!
Б) сиыр бер!
В) жылқы бер!
2. Көп нүкте орнына қажетті сөздерді қойыңдар.
_______ деген мал екен...
Дауысы бар __________
_________бар жылтылдақ,
Буыны бар ____________,
а) ешкі, сүті, мүйізі, серкелі
ә) құрты, құйрығы, шүйделері
б) сиыр, қазандай, мүйізі, сыртылдақ
в) түйе, жамшыдай, өркешін
3. Жырдың жасырылған бір жолын табыңдар.
Маң-маң басқан, маң басқан.
Шудаларын шаң басқан,
... .... .... .... ....
Екі өркешін қом басқан
А) төрт аяғын қом басқан
Ә) ойсыл қара баласы
Б) қуғандарға жеткізбей
В) жал-құйрығы шұбалған
Достарыңызбен бөлісу: |