ІҮ. Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар
1. «Төрт құбылыс» ойыны.
Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші: «Су», - десе қолдарын алдына созады, «ауа» десе жоғары көтереді, «от» дегенде екі қолын айналдырады, «жер» дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса, ойыннан шығады.
2. «Көңілді шеңбер» ойыны.
Балалар шеңбер жасап отырады. Бір - біріне мұқият қарайды. Жүргізуші белгі бергенде балалар көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған балаларға әр түрлі заттарды қыстырып қояды (гүл, орамал, көзілдірік, т. с. с.). Балалар көздерін ашқанда не өзгерді? – деп сұрайды. Ең зейінді балаға сыйлық беруге болады.
3. «Орныңды тап» ойыны.
Балалар шеңберге тұрады. Әр бала өзінің жанындағы баланы есінде сақтап, қарап алуы керек. Жүргізушінің бірінші белгісі бойынша, бөлменің жан - жағына тарап кетеді ( белгі: шапалақтау, барабанмен беріледі). Екінші белгі бойынша шеңберге бастапқыда қай орында, кімнің қасында тұрғанын есінде сақтап, қайта шеңбертүзеді. Өз орынын таппаған балалар ойыннан шығады.
Ү. Зейінді тұрақтандыруға арналған ойындар
1. «Мен жеңімпазбын» ойыны.
Орындықтарды ортаға қойып, музыка әуені ойнағанда балалар шеңбермен айналып жүгіреді. Орындықтар саны балалар санынан 1 санға кем болуыкерек. Ең соңында қалған бала орындықтың үстіне шығып, мен жеңімпазбын деп айтуы керек.
2. «Құлақ – мұрын» ойыны.
Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші: «Құлақ», - деп мұрнын ұстайды. Ал балалар айтылған мүшені дұрыс көрсетулері тиіс. Жүргізуші балалардың зейіні мен қабылдауын тексеру мақсатында оларды шатастырып айтады.
3. «Өз орныңды тап» ойыны.
Балалар қатармен тұрады. Әр баланың қолында әр түрлі сандар. Жүргізуші белгі берген уақытта балалар сандардың реті бойынша тұруға тиісті. Ойын бірнеше рет қайталанады. Балалардың орындарын шатастырып алмауы қадағаланады.
4. «Дайын бол» ойыны.
Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші бір сөз айтады, ал балалар сол сөзді іс - қимылмен көрсетеді. Мысалы: қоян – секіреді, құс – ұшады, т. с. с.
5. «Зейінді бол» ойыны.
Балалар шеңберде тұрады. Жүргізуші әр түрлі қимыл - қозғалысты көрсетеді. Балалар қайталап тұрады. Жүргізуші ескерткен қозғалысты, мысалы: қос аяқпен секіру қозғалысын қайталамайды. Қайталаған бала ойыннан шығарылып, жеңімпаз жүргізуші болады.
2 қосымша
сабақ. 3-тапсырма"Корректуралық байқау".
Достарыңызбен бөлісу: |