Курс: 1 Факультет



Дата07.02.2022
өлшемі18,57 Kb.
#94150
Байланысты:
СРС Шаттықова Ақерке


Қазақстан Республикасының білім ғылым министрлігі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті



Курс:1

Факультет: Филология Шетел тілі: екі шетел тілі

Тобы: 101 АБ

СӨЖ №6: «Қазақстан Республикасының әлеуметтік бағдарламаларын іске асыру» тақырыбы бойынша бағдарлама немесе жоспар әзірлеу.

Тексерген: Исламгулова Динара Муратовна

Орындаған: Шаттықова Ақерке


Ақтөбе қаласы 2020 жыл
«Қазақстан Республикасының әлеуметтік бағдарламаларын іске асыру» тақырыбы бойынша бағдарлама немесе жоспар әзірлеу.
1.Кіріспе
2. «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы
3. «Қазақстан 2050» бағдарламасы
4.Пайдаланған әдебиеттер

1.Кіріспе
2000 жылдардан бастап елде әртүрлі әлеуметтік бағдарламалар қарқынды жүруде. “Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларының негізгі мақсаты білім жүйесінің бәсекеге қабілет­ті­лі­гін арттыру, экономиканың орнықты өсімі мен азаматтардың әл-ауқаты­ның артуын қамтамасыз ететін адамдық капиталды дамы­тып, заман талабына сай түбегейлі жаңартуды көздейді.

1.«Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы
«Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында жүзеге асырылған әлеуметтік бағдарлама.
Бағдарлама:
1.Бастапқыда халықтың сатып алу қабілетінің, еңбек ақысының және тұрғын үйге бағаның параметрлерін анықтау қажет;
2.Тұрғын үй құрылысының қарқынын сақтап қалуға мүмкіндік беретін тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесін дамыту; 
3.Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен серіктестік жасап, мемлекеттік сыяқы көлемін үлкейту;
4.Төмен ипотекалық ставкалар және ыңғайлы кредиттік саясат қалыптастыру;
5.Тұрғын үй құрылысына жеке инвестицияларды тарту және мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті ынталандыру;
6. Тұрғын үй саясаты көп балалы отбасылар, жалғыз басты ата-аналар сияқты «осал топтарға» арналған мемлекеттік қолдауды баса назарға алу;
7.Тозған және авариялық тұрғын үйлерді бұзу мәселесін шешу.
8.Қазақстанда құрылысты ынталандыру үшін мынадай жағдайлар жасау керек:
1) құрылыс компанияларын салықтан босату;
2) жер учаскелерін тегін беру;
3) құрылыс материалдардың бекітілген бағасының болуы;
4) құрылыс компанияларының бекітілген үстемақысы – 5 % артық емес;
5) үлестік құрылысты дамыту.
9.Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту;
10.Тұрғын үй құрылыс кооперативтерінің санын арттыру және сапасын жақсарту;

3.«Қазақстан 2050» бағдарламасы
"Қазақстан-2050" Стратегиясы - 2012 жылы желтоқсанда Мемлекет басшысының ел халқына жолдауында таныстырылды. Оның басты мақсаты – мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы.
Бағдарламаның қарастыратын істері
Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы жеті ұзақмерзімді басымдықтарды іске асыруды қарастырады:
Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм;
Кәсіпкерлікті– ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау;
Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік;
Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары;
Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту;
Дәйекті және болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту;
Жаңа Қазақстандық патриотизм – біздің көп ұлтты және көп конфессиялы қоғамымыз табысының негізі.

Пайдаланған әдебиеттер:
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1200000821
https://hcsbk.kz/affordable-housing/all-about-affordable-housing-programs/
https://old.elorda.info/kk/interview/view/1132-qolzhetimdi-baspana-2020-baghdarlamasy-zh

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет