Курс: 2 Қабылдаған: Сейтбекова Г. А


Эмиссиялық спектрлік талдаудың сандық және сапалық негіздері



бет5/6
Дата30.03.2022
өлшемі120,91 Kb.
#137315
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
RashidAlmas


Эмиссиялық спектрлік талдаудың сандық және сапалық негіздері


Оптикалық атомдық спектроскопияны қалыптасқан жіктеуге сәйкес үш топқа бөлуге болады: атомдық-эмиссиялы спектроскопия, атомдық-абсорбциялық спектроскопия және атомдық-флуоресцентті спектроскопия. Эмиссиялы-спектрлік талдау деп тиісті жарық көзі арқылы қозып, оптикалық атомды спектрлік жарық шығару бойынша зат құрамының элементін анықтауды айтамыз. Атомдық- эмиссиялы спектроскопияны сынаманы атомдандыру тәсілі және спектрдің қоздыруына қарай жалынды және жалынсыз деп бөледі. Атомдық-абсорбциялы және флуоресцентті спекстроскопияны да қолданылатын жабдығына қарай жалынды эмиссиялық спектроскопияға жатқызады. Әрбір әдістің қолдану саласына, сынаманың түрі мен сапасына, үлгінің түріне, табу шегінің қойылу талабына байланысты өзіне тән артықшылығы мен кемшілігі болады. Бұл әдістеменің үшеуін де кез келген сынаманың типі үшін элементтің болмашы іздерін анықтауға пайдаланады. Атомдық-эмиссиялық спектрлік талдауды жүзеге асыру үшін Мына шартты қамтамасыз ету қажет: біріншіден, сынама атомдануы қажет және түзілген атомдар жарық шығаруы үшін қозуы керек, бұл екі құбылыс та бір мезгілде жарық көзінде жүзеге асады. Екіншіден, сәуле шығаратын эмиссиялы сипаттамалық спектрлік сызықтар толқын ұзындығы бойынша бөлінуі керек, олардың салыстырмалы интенсивтігі сәйкес спектрометр немесе спектрограф көмегімен өлшенуі тиіс. Содан кейін сызықтардын интенсивтік мәндерін стандартты әрі белгілі кұрамдағы элементтің сызық интенсивтігінің мәндерімен салыстыру қажет. Осылайша талданатын сынама құрамындағы элементтің концентрациясын анықтайды. Мұнан кейін, алынған спектрге аналитикалық түрғыдан объективті және субъективті әдіспен бағалау жүргізіледі. Объективті әдістерді тура емес және тура деп бөледі. Біріншісіне - спектрографиялық, екіншісіне - спектрометрлік әдістемелерді жатқызуға болады. Спектрографиялық әдістемедегі фотоэмульсия сызықтар интенсивтігінің аралық сипаттамасын алуға мүмкіндік береді. Спектрометрлік әдістеме болса фотоэлектрлік жарық қабылдағыш көмегімен спектрлік сызықтардың интенсивтігін тура өлшеуге негізделген. Ал субъективті әдістегі сезімтал элемент - адамның көзі. Эмиссиялық спектрлік талдаудың негізгі артықшылығы - көптеген элементтерді табуда айтарлықтай күрделі жабдықтың болмауы, жақсы таңдаушылық пен талдаудың тез орындалуы және көп элементті бір мезгілде анықтау. Ал әдістемедегі негізгі шектеулер атомдану мен қоздыру процестерінің бөлінбеуімен, пайдаланған қоздыру көзінің типімен байланысты. Төменгі температуралы көздерді пайдаланғанда жоғары қыздыру энергиясы бар көптеген элементтер жеткілікті дәрежеде коздырылмайды, осы уақытта жоғары температуралы көздерді пайдаланғанда біршама фон және спектрдің күрделігі жоғары шешіммен спектрометрлік жүйені қолдануды қажет етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет