Файлдарды ашу, бейнелерді құру және сақтау Сабақтың мақсаты: файлдарды ашу, жаңа бейнелерді құру және сақтау әрекеттерін үйрету.
Студент мыналарды білуі керек: - Adobe PhotoShopбағдарламасын іске қосу мен аяқтауды;
- Құжат ашу әрекеттерін;
- бейнелер құру мүмкіндіктерін;
- құрылған бейнелердің форматын таңдап, сақтау әрекеттерін білуі тиіс.
Сабақтың мазмұны: Файлдарды ашу мен оны құру
1. Файлдарды ашу, яғни мына әрекеттер орындалады: Файл→Открыть
Экранда Открыть хабар алмасушы терезе пайда болады. Қажетті файлды таңдап, открыть батырмасына басыңыз. PhotoShop жұмыс үстелінің кез келген бос жеріне тышқанның көрсеткішін апарып, екі рет басатын болсаңыз, онда Открыть хабар алмасушы терезесін шақыруға болады.
Жаңа бейнелерді құру
1. Мына команданы орында: Файл→Новый
2. Новый хабар алмасушы терезесі пайда болады. Онда бейненің өлшемін, өлшем бірлігін (сантиметр, дюйма, пиксель) бересіз, бейненің түстік моделін таңдайсыз, бейненің қабілеттілік аймағын және құрылатын құжаттың түстік толтыру кеңістігін (ақ, түс фоны, жарықтылығы) бересіз.
3. ОК батырмасына басыңыз.
Бейнелерді сақтау
1. Бейнелерді сақтау үшін келесі әрекеттер орындалады: Файл→Сохранить как командасын орындаңыз.
2. Сохранить как хабар алмасушы терезесі пайда болады. Онда буманы таңдаңыз да, файлдың атын беріңіз (кеңейтілуі PSD).
3. Сохранить батырмасына басыңыз.
Файлды ашу әрекеттері
1. Мына команданы орында: Файл→Открыть
2. Экранда Открыть сұхбат терезесі пайда болады.
3. foto.jpg файлын таңдап, Открыть батырмасына басыңыз.
Содан кейін жаңа бейнелерді құру әрекеттері мен оларды сақтау әрекеттері орындалады.