Курс: Дүниетану Бөлім : Қоршаған әлем Тақырыбы



бет3/5
Дата10.10.2020
өлшемі119 Kb.
#64134
түріОқулық
1   2   3   4   5
Сабақтың түрі: білімділік жоба қорғау

Оқыту формалары:

Көрнекілік :

    • интерактивті тақта

    • тәжірибелік, зертханалық жұмыстар жабдықтары

    • тірек сызбалар

Әдістер:

  • миға шабуыл

  • эвристикалық әңгіме

  • эмпатия

  • болжау

  • салыстыру

  • ізденіс

  • білімділік жоба қорғау



Сабақтың өту жоспары:



Сабақтың кезеңдері

Уақыты

1) Ұйымдастыру сәті. Тақырыпқа ену

2 мин

2) Білімділік «қиналыс» тудыру. Оқытылатын объектіге байланысты белгілі шешімі жоқ проблема құрастыру.

3) Білімділік объектіні құбылыс, ұғым ретінде белгілеу. Қажеттік білімділік орта құру, оны кеңейту



3 мин

4) Оқу тапсырмасын әр оқушы жағдаятты өзі шешетіндей формада құрастыру.

  • Топпен жұмыс

  • І топ. «Ізденушілер». Су туралы өлең шумақтарын мақал-мәтелдер, жұмбақтар құрастырады, кейбірі іздеп табады.

  • ІІ топ. «Зерттеушілер». Судың маңызы, ластану себептері, оны үнемдеу, қорғау т.б. жөнінде зерттеу жобаларын ұсынады.

  • ІІІ топ. «Тәжірибе жасаушылар». Судың физикалық қасиеттеріне зертханалық жұмыстарын көрсетеді.

  • Жалпы нақтылау, түйіндеу.

15минут

5) Жағдаятты шешу.

  • Оқушыларды білімділік өнім шығару процесінде мұғалімнің қадағалау, ілесу қатысында болуы.

  • Өнімді басқа оқушылар түсіне алатындай деңгейге жеткізуге көмектесу.

Оқушылардың қызметі.

5 минут

6) Білімділік өнім шеруі, көрсетілімі. Судың ластану себептері неден? Су тіршілік көзі дегенді қалай түсінесің? Суды қалай қорғаймыз?

а) судың түсі неге мөлдір?

ә) лай сулар қайда кездеседі?

б) ақ жаңбыр деген не?


5 минут

7) Танымдық тапсырмаларды орындау. Ойтолғаулар, пікірталастар. Өлеңдер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар көрсетілімі. Өткенді қорытындылай отырып, жаңа міндеттер алу.

5 минут

8) Танымдық тапсырмаларды шешу.

а) су неге түссіз?

ә) қар неге ақ?

б) кезбе мұздар. Олар қайдан келеді?

9) Эксперименттік жұмыс.

а) «Егер де» су әлемде жойылып кетсе табиғатта не болар еді?

ә) Үшбұрышты, төртбұрышты жаңбыр бола ма?

Зерттеу жұмыстарын мұғалім көмегімен ұжым болып талдау.



5 мин

10) Эвристикалық рефлексия. Эмпатия әдісі. Сен өзіңді өзен болып сезін. Сен- сусың.

  • сабақты бекіту

  • өткенді қорытындылау. Не білдім? Не ұнады? Не қызықтырды?

3 минут

11)Үйге тапсырма.

а) эссе жазу «Мен суды қорғауға атсалысамын»

ә) «Арал қасіреті» мәнжазба

б) тақырыптарға байланысты суреттер салу.



2 мин




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет