Курс туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы


ПӘНДІ ӨТКІЗУ ФОРМАТЫ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР



бет4/17
Дата16.01.2022
өлшемі0,9 Mb.
#112376
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
СИЛЛАБУС УЛТ РУХ КАЗ (2)

7.ПӘНДІ ӨТКІЗУ ФОРМАТЫ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР:

Оқу сабақтарында (дәріс, семинар сабақтар) қолданылатын әдіс-тәсілдер интерактивті дискуссия, тренинг, ақпараттық-білім беру ресурстары ZOOM, YouTube және т.б. ).


8. ОСӨЖ, СӨЖ кестесі:




ОСӨЖ / СӨЖ тапсырмасы

Тапсырма түрі

Тапсырманың берілу және орындалу мерзімі (апта күні мен уақыты)

Берілген мерзімі

Қабылдау мерзімі




ОСӨЖ тапсырмалары

1

Жаһандану үдерісінің ұлттық руханияттың дамуына әсері

Мәнжазба

2аптадан бастап тапсырмалар беріледі

4 аптадан бастап қабылданады

Жұма сағат 14.30 -15.30



2

Этникалық ой-толғамдарды қалыптастыру тарихындағы ғұламалар идеялары

Материалды кесте түрінде көрсетіңіз




Жұма сағат 14.30 -15.30

3

Қазақ ақын-жазушылары және ұлттық руханият. XVIII-XIX-ғасырлардағы батыс Қазақстан өңірінен шыққан ақын-жыраулар шығармашылығы

Баяндама




Жұма сағат 14.30 -15.30

4

М.Әуезовтың «Абай жолы» романындағы қазақ дәстүрлері мен ырымдары. Олардың танымдық-тәрбиелік мүмкіндіктері

Мәнжазба

10аптада беріледі

12аптада қабылданады

Жұма сағат 14.30 -15.30



5

Бүгінгі жастар тәрбиесіндегі ақын-ағартушы Ш.Құдайбердіұлының «Үш анық», ғалым-педагог М.Арынның «Бес анық» шығармаларының ролі, үндестігі

Кесте құру




Жұма сағат 14.30 -15.30

6

Ұлттық руханият контексінде болашақ педагогтардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру

Конспект




Жұма сағат 14.30 -15.30



9. КУРСТЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

    1. Дәрістер

1.Тақырыбы: Тәрбие кеңістігіндегі ұлттық руханиятты зерттеудің ғылыми негіздері

Сағат саны: 2

Тақырыптың жоспары:

1. Кіріспе. «Руханият», «ұлттық руханият» ұғымдарының тәрбие кеңістігіндегі мәні.

2. Жаһандану дәуірінің ұлттық руханияттың дамуына әсері.

3.Ұлттық руханияттың қоғам дамуымен байланысы мен сабақтастығы.

4. Адам капиталын құрудағы тарихи-қоғамдық, әлеуметтік-педагогикалық, ұлттық сана.

5. Халықтық педагогикалық мәдениет туралы түсінік.

6. Ұлттық руханият мәселесін зерттеудің ғылыми-әдіснамалық негіздері.

Дәріс тезисі: Адамдарды моральдық азғындықтан, сезімдік жадаулықтан құтқаратын бір күш бар. Оның аты-руханият. Керек десеңіз, руханият қоғамды әлеуметтік-экономикалық құлдыраудан да алып шығады. Руханият-адамның дүниетанымының кеңдігінен, жанының нәзіктігінен, санасының жоғарлығынан, әділеттілік үшін белсенділігінен, өзгелерге қайырымдылығы мен ізгі ниеттілігінен көрініс беретін оның ішкі әлемі. Адамның руханилығы жалпы адамзаттық құндылықтарды құрметтеуінен, игілікті құндылықтарды көздеуінен де көрінеді. Адамгершілік қасиеттерді қастерлейтін адам белгілі бір рухани мұраттар мен құндылықтарды ұстанады. Олардың әрекеттерінен мейірімділік, ар сақтау, ұятқа қалмауға тырысу сезіліп тұрады. Руханият адамға әдебиет, өнер, халық даналығы, салт, мәдени дәстүрлер, ғылым, білім арқылы келеді. Мәдениет әр түрлі құндылықтардың бірлігі ретінде адамды рухани бостандыққа жетектейді. Рухани құндылықтар өмірге мағына береді, болашаққа жол ашады. Руханиятты қадірлейтін қоғамның ғана болашағы бар.Рухани мәдениет адамның айналасындағы адамдармен қарым-қатынасты, қадірі, адамшылығы, ұяттылығы, тәрбиелігі, зиялылығы, қарапайымдылығы арқылы көрінеді. Адамның адамгершілік қасиеттерінің жоғарлығы- руханилықтың негізі. Ал өнер, әдебиет, ғылым мен білім адамға тәрбиелеу мен еңбектену арқасында келеді.

Бекіту сұрақтары:

1.«Руханият», «ұлттық руханият» ұғымдарының тәрбие кеңістігіндегі мәні қандай?.

2. Жаһандану дәуірінің ұлттық руханияттың дамуының себептері қандай? .

3.Ұлттық руханияттың қоғам дамуымен байланысы мен сабақтастығы неде?.

4. Адам капиталын құрудағы тарихи-қоғамдық, әлеуметтік-педагогикалық, ұлттық сана ерекшелігі неде?

5. Халықтық педагогикалық мәдениет туралы түсінік дегеніміз?

6. Ұлттық руханият мәселесін зерттеген ғалымдар?

7. Тұлға әлеуметтенуіндегі ұлттық руханияттың мәні нқандай?



Әдебиет:

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. //Егеменді Қазақстан, 2011 жыл.

2. ҚР-да білім беруді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. //Нур-Сұлтан, 2020 жыл.

3. Қазақстан Республикасындағы этникалық-мәдени білім беру тұжырымдамасы. – Алматы: Қазақстан, 1996. – 32 б.

4. Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы. – Астана, 2017.

5. Хантингтон С. Столкновение цивилизаций. - М., 2014. - 480 с.

6. Тойнби А. Вызовы и ответы. Как гибнут цивилизации. - М., 2016. - 288 с.

7. Общенациональная идея Казахстана: опыт философско-политологического анализа. – Алматы: ИФиП, 2006. - 412 с.

8. Поппер К. В поиске лучшего мира. - М., 2015. – 274 с.

9. Гердер И.Г. Идеи о философии истории человечества. – М., 2012. - 254 с.

10. Жұртбай Т. Өлімші халықты тірілткен Мәңгілік ел нысанасы. //Байырғы түркі өркениеті: жазба ескерткіштер. – Алматы: Ғылым, 2001. – 389 б.

11. Ғабитов Т.Х., Мүтәліпов Ж., Құлсариева А. Мәдениеттану: Оқулық. – Алматы: Раритет, 2004. – 416 б.

12. Нұрмұратов С. Рухани құндылықтар әлемі: әлеуметтік-философиялық талдау. – Алматы: ФСИ, 2000. – 180 б.


2.Тақырыбы: Ұлттық руханияттың қалыптасуындағы педагогикалық ой-пікірлер генезисі

Сағат саны: 2

Тақырыптың жоспары:

1. Түркі әлеміне ортақ тарихи санадағы руханият. Ұлттық руханият бастаулары.

2. Дәстүрлі педагогикалық мәдениеттің қалыптасып, дамуы, алғашқы кезеңдері (ежелгі қазақ жеріндегі тәрбие, көне түркі мәдениетіндегі тағылымдық ойлар бастаулары, орта ғасыр ойшылдарының тәлімгерлік ой-пікірлері).

3. Қазақ хандығы кезіндегі дәстүрлі тәрбиенің ұлттық руханияттағы орны (жыршы-жыраулар, ақындар, батырлар шығармашылығындағы тағылымдық ойлар).

4. Ұлттық тәрбиенің қалыптасып, дамуына Ресей және Батыс Еуропа мәдениетінің ықпалы (ХVIII-ХХ ғ.ғ. Қазақстанның Ресейге қосылу кезіндегі ұлт-азаттық қозғалысы мен ағартушылық-демократиялық бағыттағы тәлім-тәрбие, Кеңестік дәуірдегі ғылыми-педагогиканың дамуы).

5. Тәуелсіз Қазақстандағы ұлттық тәлім-тәрбие. Этнопедагогика, этнопсихология ғылым салаларының қалыптасып, дамуы (Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, С.Ғаббасов, С.Ұзақбаева, К.Қожахметова, т.б.).


Дәріс тезисі: Түркі тілдес халықтардың XI ғасырдагы аса көрнекті ақыны, есімі бүкіл шығыс елдеріне мәлім болған данышпан ойшыл, белгілі қоғам қайраткері Жүсіп Баласағұн ұлтты кемелдендіру үшін ең әуелі отбасындағы әдептілік қарым-қатынасты қалыптастыру керек дейді. «Әкені сыйламаған ұлдан без, ананы сыйламаған қыздан без», – дейді ол. Әдеп - отбасындағы тәрбиенің алтын арқауы екенін айта келіп: «Кісілік - қымбат емес, кішілік – қымбат», «Ұлық болсаң, кішік бол», - деп түйіндейді. Ел-жұртты басқарып, кемелдендіретін – ақыл-парасатты, ниеті түзу, сөзі қисынды, өнер мен білімге жетік, қолы ашық, пейілі кең, кек сақтамайтын, иманды да, инабатты, әдепті де әділетті азамат болуы керек деген ойын ғұлама ғалым Ахмет Иүгінеки «Ақиқат сыйы» деген дастанында жырмен жеткізеді. XI - XII ғасырда өмір сүрген, есімі ислам әлеміне мәлім болған ойшыл қайраткер Ахмет Яссауи мәдениеттіліктің тірегі - әділдік жолына түсу, ақиқатты іздеп табу, рухани өмірдің таза болуы, жан тазалығы мен тән тазалығы деп көрсетеді. Ахмет Яссауи ұлтты мәдениеттілікке тәрбиелеудің басты құралы - дін деп көрсетеді, «Имандылық - мәдениеттілік екенін дәлелдеп, бір алланы сүю - шынайы махаббат», - деп атап көрсетеді. Ұлы тәлімгер Мұхаммед Хайдар Дулати (1499 - 1551) "Тарихи и Рашиди" атты тарихи және көркем шығармасында ұлттық мәдениеттің негіздерін ел басшысы қастерлеп, елге өзі үлгі көрсетуі керек деп түсіндіреді. Ел басшысы қарапайым, қамқоршы, жаны мен тәні таза, кішіпейіл көреген, көпшіл, адал, шыншыл, талап қойғыш, аңғарымпаз болу керек дейді. Ұлттық сана - ұлт руханиятының негізі. Ұрпақтан ұрпаққа тарихтың білімі, тұлғалар тағылымы,  ұлттық тәрбие арқылы беріліп отырады. Ұлттық сананы ұлт руханиятының өзегі дейтін себебіміз, тарихта қазақты ұлт ретінде сақтап қалған дүние - ұлттық сана, ұлттық сананың рухы. Ұлттық сана ұлттың рухани әлемінде сақталып, ұрпаққа рухани дүниелер арқылы беріліп отырғандықтан да тарихтың қиын кезеңдерінің өзінде елдің бірлігі жоғалмаған.

Бекіту сұрақтары:

1. Түркі әлеміне ортақ тарихи санадағы руханият. Ұлттық руханият бастаулары қандай?

2. Дәстүрлі педагогикалық мәдениеттің қалыптасып, дамуы, алғашқы кезеңдері (ежелгі қазақ жеріндегі тәрбие, көне түркі мәдениетіндегі тағылымдық ойлар бастаулары, орта ғасыр ойшылдарының тәлімгерлік ой-пікірлері) мәні неде?

3. Қазақ хандығы кезіндегі дәстүрлі тәрбиенің ұлттық руханияттағы орны (жыршы-жыраулар, ақындар, батырлар шығармашылығындағы тағылымдық ойлардың) қазіргі кезде қолданылуы қандай?

4. Ұлттық тәрбиенің қалыптасып, дамуына Ресей және Батыс Еуропа мәдениетінің ықпалы (ХVIII-ХХ ғ.ғ. Қазақстанның Ресейге қосылу кезіндегі ұлт-азаттық қозғалысы мен ағартушылық-демократиялық бағыттағы тәлім-тәрбие, Кеңестік дәуірдегі ғылыми-педагогиканың даму) себептері?

5. Тәуелсіз Қазақстандағы ұлттық тәлім-тәрбие. Этнопедагогика, этнопсихология ғылым салаларының қалыптасып, дамуына үлес қосқан ғалымдардың қандай екбектерін білесіздер?



Әдебиет:

1. Мәдени мұра: Қазақтың тарих айту, сақтау дәстүрі және оны жаңғырту жолдары //Қошқар ата конференциясының материалдары. – 2005. – 26-27 мамыр.

2. Кул-Мухаммед М. Основы национального бытия // Казахстанская правда. 20.08.2004г.

3. Баласағұн Ж. Құтты білік. – Алматы: Жазушы, 1986. – 616 б.

4. Құдайбердиев Ш. Үш анық. Алматы, 1996.

5. Қойгелдиев М.Қ. Алаш қозғалысы.Алматы:Мектеп баспасы, 2017. - 396б.

6. Жүсіпбек Аймауытов. Бес томдық шығармалар жинағы. 3-т. А., «Ғылым, 1997. - 240 б.

7. Ахмет Байтұрсынұлы. Маса. Өлеңдер мен көсемсөздер. А., «Раритет», 2005. - 208 б.

8. Сыздық Р. Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі. «Арыс», 2004.

9. Момынова Б. Шәкарім поэзиясының тілі. «Арыс», 2008.

10. Жанпейісов Е. М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясының тілі. Алматы, 1976.

11. Нуржанов Б.Г. О национальной идее. К постановке проблемы. //Журнал «Вестник», №31. - 2008.

12. Ұзақбаева С.А. Тамыры терең тәрбие. – Алматы: Білім, 1995.

13. Бахтиярова Г.Р. Халық тағылымы – тәрбие қайнары. – Алматы: Ғылым, 2002.


3. Тақырыбы: Ұлттық руханияттағы кемел адам үлгісі

Сағат саны: 1

Тақырыптың жоспары:

1. Кемел адам – халықтық тәрбиенің мақсаты.

2. Кемел адам туралы ой-пікірлердің қалыптасып, дамуы

3. Кемел адамның этникалық келбеті.

4. Кемел адам қасиеттерінің жалпыадамзаттық сипаттамасы.

5. Кемел адамды тәрбиелеу жолдары.


Дәріс тезисі: Кемел адамның халықтық үлгісі – халық тәрбиесінің жиынтық түсінігі. Адам қарапайым іс-әрекеттен жоғары іс-әрекетке қадам жасайды, алдына өте жоғары мақсаттар қояды. Кемелденген адамның өзі де жетіліп, тұлғалық тұрғыдан ерекшелене түседі. Тұлғаның ерекшелігі дегеніміз – оның өзіне тән мінез-құлқындағы, ісәрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы. Жеке тұлғаға тән қасиет – ақыл, ес, яғни өмірді өзінің сана-сезім өлшемімен қарап, бағалауға бейім тұруы. Әрбір тұлға оқып, көріп, оқығанын, естігенін, көргенін өз ойына тоқып, содан сабақ алу арқылы да өзінің іс-әрекетін, мінез-құлқын, сана-сезімін байытады. Тұлға – жеке адамның мақсатының орындалуы, ерік-жігерінің іске асуы, өзі жөніндегі ойын, еркін іске асыруға дайындығы және оны іске асыруының нәтижесі. Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның, ұжымның, ұлттың рудың мүшесі ретінде өзіндік ақыл-парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен көрінуге тырысады. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ біркелкі мінез-құлықтың, қасиеттің болуы мүмкін емес. Әр адам - өзінше жеке тұлға. Адамдардың қоршаған ортадағы құбылыстарды түсініп қабылдауы әр түрлі. Ол әр адамның жеке басына тән физиологиялық, психологиялық, биологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Әрбір және кез-келген халықтың педагогикалық мәдениетінде кемел адам идеясын жүзеге асыруға бейімделген өзіндік табыстары бар. Бұл табыстардың жекелеген кейбіреулері тек тұлғаның бір немесе бірнеше жақтарына қатысты болса, ал өзгелері кемелденудің халықтық идеалын жан-жақты ашып көрсетеді.

Бекіту сұрақтары:

1. Кемел адам – дегеніміз кім қандай адам?

2. Ежелгі заман философтарының, орта ғасыр ойшылдарының, демократиялық-ағартушылық бағыттағы ақын-жазушылар еңбектеріндегі кемел адам мәселесінің зерттелуі?

3. Кемел адам қасиеттерінің жалпыадамзаттық сипаттамасы дегеніміз?

4. Кемел адамды тәрбиелеу жолдары қандай?.

қандай?



Әдебиет:

1. Нұрмұратов С. Рухани құндылықтар әлемі: әлеуметтік-философиялық талдау. – Алматы: ФСИ, 2000. – 180 б.

2. Турсунов Е.Д. Истоки тюркского фольклора. Қорқыт. – Алматы: Дайк-Пресс, 2001 – 168 с.

3. Балтабаев М.Х. Педагогическая культурология. – Алматы: РИК Каз. Акад. Образ. им. И. Алтынсарина, 2000.

4. Арғымбаев Х. Қазақ отбасы. – Алматы: Қайнар, 1996.

5. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі: оқу құралы. – Алматы: Санат, 1995.

6. Қалиев С.Қ. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. – Алматы: Рауан, 1998.

7. Кожахметова К.Ж. Казахская этнопедагогика: методология, теория, практика. – Алматы: Ғылым, 1998.

8. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы: Бірінші том. /Құраст. Қ. Жарықбаев, С. Қалиев. – Алматы: Рауан, 1994.

9. Ұзақбаева С.А. Қазақ халық педагогикасы: оқу құралы. – Алматы: Глобус баспасы, 2013.

10. Арын М. Бес Анық. – Павлодар: Типография Сытина. 2011. – 624.

11. Табылдиев Ә. Этнопедагогикалық оқылымдар. – Алматы: Білім, 2005.

12. Бахтиярова Г.Р. Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениеті: тарих, теория және практика. Монография. – Ақтөбе, 2012. – 372 б.

4. Тақырыбы: Дәстүрлі тәрбие мәдениетінің қайнар көздері

Сағат саны: 2

Тақырыптың жоспары:

1. «Дәстүрлі тәрбие» түсінігінің мәні мен мазмұны.

2. Қазақтардың дәстүрлі тәрбие мәдениеті және оның ерекшеліктері.

3. Қазақ ойшылдарының дәстүрлі тәрбие мәдениетінің дамуына қосқан үлесі.

4. Дәстүрлі тәрбие мәдениетінің қайнар көздері:салт-дәстүр, ауыз әдебиеті үлгілері, өнер, дін.

5. Қазақтың дәстүрі мен әдет-ғұрпының тұлғаның рухани мәдениетін қалыптастырудағы рөлі.

6. Қазақ отбасы тәрбиесінің дамуына жаһандану үдерісінің ықпалы.
Дәріс тезисі: Дәстүр - қоғамдық сананың барлық салаларымен байланыста дамыған,

топтасқан қауымның қалыптасқан бірыңғай көзқарасын, әдет-заңын марапаттайтын рәсім. Ол – халық құндылығының көрсеткіші. Салт-дәстүрлер - ұлттың ұлт болып қалыптасуымен бірге туып, бірге дамып келе жатқан тарихи және көне процесс. Ол ұрпақ тәрбиесінен, мәдени тұрмысы мен шаруашылық тіршілігінен көрініс бере отырып, адамның дүниеге келуімен бірге өрбіп, о дүниеге аттанып кеткенше құндақтайтын, тербететін алтын бесігі іспеттес. Дәстүр - тарихи тұрақтанған, қоғамдық қарым-қатынастық нормада бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғасып жататын, көпшілік қоғам мүшеліне ортақ әдет-ғұрыптардың жинақталған түрі. Ал жол-жоралар, ырымдар - әдет-ғұрыптың бөлшектері, сонан келіп салт пен дәстүр тоғысып, туындайды. Ал қазақ халқының салт-дәстүрі малмен, көшіп-қонумен байланысты туып-дамыған. Наурыз тойлары, көшіп келген ағайынға ерулік немесе көшерде көршілерге көшерлік беру, бие байлау, қымыз жинау, малдың төлдеуімен байланысты уызға, күздікте қарын майға, қыста соғымға шақыру, отқа май құю, келіннің отқа салар әкелуі, т.б.ырым, жол-жоралар, тіпті қыздың қалың малын немесе ердің құнын да мал санымен есептеу сияқты салт-дәстүрлердің халқымыздың тұрмыс-тіршілігімен байланысты туғанын дәлелдейді. Сөйтіп, салт-дәстүрлер, бір жағынан, халықтың тұрмыс-тіршілігінің айнасы іспетті болса, екіншіден, сол арқылы ғасырлар бойы өз ұрпағын еңбекке, адамгершілікке, өнерге, өмірге икемдеуде тәрбие құралы ретінде пайдаланған. Халықтық ырымдарда шаман, ислам дінімен байланысты наным-сенімдер көптеп кездеседі. Мысалы, малға топалаң, ауру-індет келгенде немесе қуаңшылық, аптап ыстық болғанда, құдайға жалбыранып мал сойып, ақсарбас айту, тасаттық беру, құдайдан жаңбыр тілеу немесе бала көрмеген ата-аналардың әулиелер басына түнеп, мал сойып, ақтық байлауы, т.б. діни наным-сенімдермен байланысты туған ырымдар. Халыққа сөзбен әсер етудің сан түрлі тәсілдері белгілі, сезім мен санаға ықпал ету шараларының көптеген түрлері бар. Халықтық тәрбие түрлері халықтың әлеуметтік өмірінің бүкіл өзге салаларымен, сенім-нанымдарымен, дәстүрлерімен, салттары және әдет-ғұрыптарымен, шаруашылық кәсібі түрлерімен, қоғамдық тәртіп қалыптарымен ажырамас бірлікте алға шығады. Халықтық педагогика ата-баба мұрасына негізделген. Халықтың ықпалы неғұрлым басым болса, соғұрлым оның мәдениеті жоғары болады. Педагогикалық мәдениет – бұл балалар тәрбиесімен тікелей байланысты рухани және материалдық мәдениет саласы.



Бекіту сұрақтары:

1.«Дәстүрлі тәрбие» түсінігінің мәні мен мазмұны қандай?

2. Қазақтардың дәстүрлі тәрбие мәдениеті және оның ерекшеліктері дегеніміз?

3. Қазақ ойшылдарының дәстүрлі тәрбие мәдениетінің дамуына үлес қосқан кімдер?

4. Дәстүрлі тәрбие мәдениетінің қайнар көздері болып табылатын өнеге үлгілерді атаңыз?

5. Қазақтың дәстүрі мен әдет-ғұрпының тұлғаның рухани мәдениетін қалыптастырудағы рөлі қандай?

6. Қазақ отбасы тәрбиесінің дамуына жаһандану үдерісінің ықпалы болып табылатын қандай құбылыстар бар?

Әдебиет:

1. Нұрмұратов С. Рухани құндылықтар әлемі: әлеуметтік-философиялық талдау. – Алматы: ФСИ, 2000. – 180 б.

2. Турсунов Е.Д. Истоки тюркского фольклора. Қорқыт. – Алматы: Дайк-Пресс, 2001 – 168 с.

3. Балтабаев М.Х. Педагогическая культурология. – Алматы: РИК Каз. Акад. Образ. им. И. Алтынсарина, 2000.

4. Арғымбаев Х. Қазақ отбасы. – Алматы: Қайнар, 1996.

5. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі: оқу құралы. – Алматы: Санат, 1995.

6. Қалиев С.Қ. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. – Алматы: Рауан, 1998.

7. Кожахметова К.Ж. Казахская этнопедагогика: методология, теория, практика. – Алматы: Ғылым, 1998.

8. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы: Бірінші том. /Құраст. Қ. Жарықбаев, С. Қалиев. – Алматы: Рауан, 1994.

9. Ұзақбаева С.А. Қазақ халық педагогикасы: оқу құралы. – Алматы: Глобус баспасы, 2013.

10. Арын М. Бес Анық. – Павлодар: Типография Сытина. 2011. – 624.

11. Табылдиев Ә. Этнопедагогикалық оқылымдар. – Алматы: Білім, 2005.

12. Бахтиярова Г.Р. Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениеті: тарих, теория және практика. Монография. – Ақтөбе, 2012. – 372 б.
5. Тақырыбы: Көпмәдениетті тұлға қалыптастырудың мәні

Сағат саны: 2

Тақырыптың жоспары:

1. «Көпмәдениетті тұлға» туралы түсінік. Көпмәдениеттілік және көптілділік.

2. Көптілді білім беру жағдайында көпмәдениетті тұлға қалыптастыру жолдары.

3. Қазіргі Қазақстан жағдайындағы үштұғырлы тіл моделі.

4. Көпмәдениетті тұлғаны тәрбиелеу туралы қоғамдық және ғылыми көзқарастар.

5. Көпмәдениетті тұлғаны тәрбиелеудегі отбасы мен мектептің ролі.

6. Білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құрудың алғышарттары.


Дәріс тезисі:  Көпмәдениетті тұлға – бұл индивид, өз мәдениеті арқылы өзге мәдениеттерді игеруге бағытталады. Туған тілін, жалпы мәдениетін терең білу – бұл өзге мәдениеттерге қызығушылық қатынастың негізі, көптеген ұлттық, көркем мәдениеттермен танысу рухани баюға және дамуға негіз болады.

Көпмәдениетті тұлға қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жүзеге асыруда мынадай мақсаттар қойылады:

1) жан-жақты, үйлесімді дамыған, ұлттық салт-дәстүрлер, қазақы құндылықтар мен әлемдік мәдениеттің негізінде шығармашылықпен өзін-өзі дамытуға қабілетті және этномәдениеттілік пен азаматтық позициясын анықтап, оны іске асыра алатын тұлғаны қалыптастыру;

2) мектеп пен жоғары оқу орны түлектерін қазіргі өркениет пен көпұлтты еліміздің өмір жағдайына тиімді дайындау, өзін-өзі жетілдіру мүмкіндіктерін кеңейту, әлеуметтік өсуі мен өмір сапаларын арттыру;

3) еліміздің  білімдік және кәсібилік деңгейі дәрежесін арттыру, жастарды ашық көпмәдениетті және көптілді әлемде жауапкершілікті және зиялы етіп дайындау, белсенді ұйымдастырушы етіп тәрбиелеу.

Сондықтан да көпмәдениетті тұлға:

*өмір сүру жағдайларына бейімделген әрі өзге адамдармен әріптестік қатынас орната білетін;

*жеке, өзіне ғана тән ойы бар және өзге мәдени қоғамдар туралы көзқарастарын талдай алатын;

*дербес, өз ойын үнемі білдіре алатын, тәуелсіз болуы тиіс.

Көптілде оқыту – заман талабы десек, оның негізгі мақсаты, бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру.

Бекіту сұрақтары:

1.«Көпмәдениетті тұлға» дегеніміз?

2. Көпмәдениеттілік және көптілділік айырмашылығы қандай?

3. Көптілді білім беру жағдайында көпмәдениетті тұлға қалыптастырудың қандай жолдары бар?

3. Қазіргі Қазақстан жағдайындағы үштұғырлы тіл моделінің жүзеге асуы қандай?

4. Көпмәдениетті тұлғаны тәрбиелеу туралы қоғамдық және ғылыми көзқарастар дамуы қандай?

5. Көпмәдениетті тұлғаны тәрбиелеудегі отбасы мен мектептің ролі қандай?

6. Білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құрудың алғышарттары болып табылатын себептер?



Әдебиет:

1. Мәдени мұра: Қазақтың тарих айту, сақтау дәстүрі және оны жаңғырту жолдары //Қошқар ата конференциясының материалдары. – 2005. – 26-27 мамыр.

2. Кул-Мухаммед М. Основы национального бытия // Казахстанская правда. 20.08.2004г.

3. Баласағұн Ж. Құтты білік. – Алматы: Жазушы, 1986. – 616 б.

4. Құдайбердиев Ш. Үш анық. Алматы, 1996.

5. Қойгелдиев М.Қ. Алаш қозғалысы.Алматы:Мектеп баспасы, 2017. - 396б.

6. Жүсіпбек Аймауытов. Бес томдық шығармалар жинағы. 3-т. А., «Ғылым, 1997. - 240 б.

7. Ахмет Байтұрсынұлы. Маса. Өлеңдер мен көсемсөздер. А., «Раритет», 2005. - 208 б.

8. Сыздық Р. Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі. «Арыс», 2004.

9. Момынова Б. Шәкарім поэзиясының тілі. «Арыс», 2008.

10. Жанпейісов Е. М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясының тілі. Алматы, 1976.

11. Нуржанов Б.Г. О национальной идее. К постановке проблемы. //Журнал «Вестник», №31. - 2008.

12. Ұзақбаева С.А. Тамыры терең тәрбие. – Алматы: Білім, 1995.

13. Бахтиярова Г.Р. Халық тағылымы – тәрбие қайнары. – Алматы: Ғылым, 2002.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет