Оның пікірінше, барлық заттардың негізі — жер. Жер өзінің тамырларымен шексіздікке кетеді. Тіршіліктің шығуына жермен қоса судың да маңызы зор. Жанның өзі де жер мен судан жаралған. Ал судан бұлттар пайда болады да, бұлттардан аспан денелері жаралады. Мысалы, Ай - бір жерге шоғырланған бұлт болса, Күн - су буының жануының салдарынан шоққа айналған аспан денесі.