Қызметкерлерді дамыту
Үйлестіру
Көшбасшылық
Мектептің оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізер алдында оқушылардың пікірін біліп алу маңызды деген сауалға 60 пайыз мұғалім әрқашан деп жауап берген. Бұл мектеп күрделі өзгерістерді енгізгенге дейінгі кезенде ата-аналардың пікірлерін ескереді деген сауалға 17,6% мектеп саясатын әзірлеген кезде қызметкерлерді кәсіби дамытуға басты назар аударылады деген сауалға да 29,4% мұғалім әрқашан деп жауап берген. Мектептің басшылығы,әкімшілігі және қызметкерлері мектеп жұмысының алдағы уақыттағы бағыттары туралы шешім қабылдау үшін бірлесе жұмыс істейді деген сауалға 52,9 % ғана мұғалім келісетіндіктерін білдірген. Яғни, қызметкерлерден сауалнама алу барысында төмендегідей басымдықтар анықталды: ата-ана мен оқушы пікірі ескерілмейтіндігі, мектептің оқу процесін жоспарлауда, мектепті басқаруға мұғалімдердің өте аз қатыстырылатындығы, көбінесе жауапкершіліктің мектеп әкімшілігіне артылатындығы, мектеп шеңберінде оқыту мен оқу тәжірибесіне енгізген өзгерістердің қарқыны мен сапалылығын талдауға аз көңіл бөлінетіндігі, мұғалімдер өзінің сыныптағы тәжірибесіне талдау жүргізуге өте аз уақыт арнайтындығы анықталды.
Достарыңызбен бөлісу: |