Ситуациялық есептер: 1.Түнде науқас кардиологиялық бөлімшеге келіп түсті. Таңертең науқас тамақтанғысы келді, бірақ буфетші оған тамақ бермеді, себебі науқас порционникке жазылмағанын айтып түсіндірді. Бұл жағдайда не істеу керек? Берілген науқасқа мәліметтерді кім ұсынды?
2. Тазалықшы науқасқа тамақ әкеліп, оны тамақтандырды. Тазалықшының іс-әрекеті дұрыс па? Науқастарға тамақты кім және қалай үлестіреді?
5-сабақ
1. Тақырыбы: Жүрек ауруларында климатотерапияны және талассотерапияны қолдану.
2. Мақсаты: Студенттерді жүрек ауруларында климатотерапияны және талассотерапияны қолданумен таныстыру.