Ситуациялық есептер:
Есеп №1.Науқас қатерлі ісіктен зардап шегеді, дәрігер сәулелік ем тағайындаған. 3 рет сәулелік ем қабылдаған соң теріде өлі еттенуі , күйік, пайда болғағына, қатты ауырсынуға шағымданады.
Сұрақ:
1. Науқастың осы жағдайының туындау себебін түсіндіріңіз.
2. Науқастың жағдайын жақсарту үшін қандай іс – шаралар қолдану қажет?
Есеп №2. Науқас 70 жаста. Өздігінен қозғала алмайды, сол себепті үнемі төсекте жатады, объективті тексеру кезінде сегізкөз, жауырын, үлкен жамбас ұрщығы, шынтақ аймақтарында кішкене жараларды анықтаған.
Сұрақ:
1. Осы науқастың қандай қажеттілігі бұзылған?
2. Осы науқасқа қандай күтім көрсетілуі қажет?
Достарыңызбен бөлісу: |