Ситуациялық есептер: №1 есеп 58 жастағы науқас. 7 күн бұрын өкпе ісігіне байланысты ота жасалаған. Қазіргі уақытта антибиотиктер қабылдап жатыр. Шағымы: қақырықтың қиын түсуі, көкіректің ауырсынуы, демікпе, экспираторлы сипаты басым.
Сұрақ Науқас жағдайы немен байланысты
Науқастың басымдылық мәселесін белгілендер.
Мейірбикенің араласуына жоспар құру.
Қандай жаттығулар қолдануға болады.
№2 есеп
62 жастағы науқас, пульмонэктомия отасы жасалған. Отадан кейін жағдайы жақсы деп шығарылған. Дәрігер үйде қолдануға антибактериальды дәрілер берген. Басқа ешқандай нұсқау бермеген.
Сұрақ: 1. Дәрігер дұрыс жасадыма?
2. Шығардан алдын дәрігер науқасқа қандай нұсқаулар беру керек еді?
3. Науқас үйде қандай жаттығулар жасау керек еді.
№3 есеп
72 жастағы науқас, пульмонэктомия отасы жасалған. Отадан кейін 4 күн өтті. Жағдайы жақсы.
Сұрақ: Науқасқа қандай жаттығулар жасау тағайындалады?