1. Тақырыбы: Онкологияда сәулелік терапияны қабылдаған науқастарға мейірбикелік күтім түрлері, жағымсыз әсерлерді алдын алу.
2. Мақсаты:Студенттерді онкологияда қолданылатын сәулелі терапия, түрлері, жалпы ағзаға көрсететін кері әсерлермен таныстыру. Сәулелік терапия ағзаға кері әсерлер көрсетеді, сондықтан студент ағзаның бұл кері әсерлерге реакциясы болғанда күтім жасауды білуі керек.
Тапсырма:
Сәулелік емнің жергілікті тіндерге әсері
Сәулелік емнің ағзаға жалпы әсері
Сәулелік жаралар деген не? Олардың күтімі
Цистит дегеніміз не? Онкологиялық науқастардағы болатын циститтің себептері
Студенттіңөз бетінше атқаратын жұмыс тақырыбы бойынша әдебиеттерді жинақтау (каталогпен, журналмен, монографиялармен, анықтама кітаппен, оқу әдебиетімен, бұйрықтармен, интернетпен жұмыс жасау);
Сабақ тақырыбы бойынша конспект жазу, реферат немесе презентация, сонымен қатар көрнекі құралдар жасау;
Сабақ тақырыбы бойынша тесттік сұрақтарды шешу және ситуациялық сауалдарды талдау;
Сабақ тақырыбы бойынша 5 тесттік сұрақтар мен 2 ситуациялық сауалды өз бетінше құру;
4. Орындау түрі (реферат, презентация, есеп құрастыру, тесттер, алгоритмдер құрастыру, сырқатнама жазу, ролдік ойындарға сценарий жазу, пікір жазу т.б.)
реферат
презентация
тақырыпқа байланысты ребустар, кроссвордтар құрастыру
тақырып бойынша өз бетінше ситуациялық есептер және тесттерді құру