9. Бақылау (сұрақтар, тесттер, сауалдар және т.б.): Тесттер: 1. Химиотерапиялық препараттар қатерлі ісік жасушасын ... процессінде өлтіреді.
1) көбею
2) ағзамен тіндерге ену
3) өсу
4) бөліну
5) ыдырау
2. Химиотерапиялық препаратты ішке қабылдағаннан кейін ... әсер көрсетеді.
1) антианемиялық
2) жергілікті
3) жалпы
4) анальгетикалық
5) антидепрессивті
3. Химиотерапияның ерте асқынуы:
1) тәбеттің жақсаруы
2) дене салмағының артуы
3) қайта – қайта қиындықпен құсу
4) ауыр дәрежелі анемия
5) шаштың түсіп қалуы
4. Химиотерапиядан кейін құсу рефлексін азайтатын препарат тобы ... .
1) анальгетиктер
2) стероидты емес қабынуға қарсы препараттар
3) ұйықтататын дәрілер
4) гормондар
5) антибиотиктер
5. Химиотерапияның кері әсері алдымен ... пайда болады.
1) теріде
2) көзде
3) зәр шығару ағзаларында
4) асқазан – ішек ағзаларында
5) қан анализінде
6. Андрогендердің зат алмасуға әсері ... процессі түрінде көрінеді.
1) анаболизм
2) ассимиляция
3) синтез
4) катаболизм
5) мутация
7. Андрогенді препараттарды ұзақ уақыт бойы қабылдағанда ... туындайды.
1) салмақтың төмендеуі
2) гипотония
3) семіздік
4) қанда натрийдің азаюы
5) анемия
8. Андрогенді препараттарды ұзақ уақыт бойы қабылдағанда ... туындайды.
1) салмақтың төмендеуі
2) гипотония
3) анемия
4) қанда натрийдің азаюы
5) гипертония
9. Эстрогенді препараттарды қабылдағанда семіздіктің пайда болуы ... байланысты.
1) майлардың жиналуымен
2) зат алмасудың баяулауымен
3) гипергликемиямен
4) сұйықтықтың тіндерде жиналуымен
5) іштің қатуымен
10. Эстрогендерді қабылдағаннан туындайтын асқынулардың алдын алу үшін ... қажет.
1) науқастың бойын өлшеу
2) тұзы көп диета тағайындау
3) құрамында натрий көп дәрі – дәрмектер тағайындау
4) қанның құрамын бақылау
5) қан препараттарын тағайындау