Сабақта жасалынатын әрекеттер: топқа бөлу, жеке жұмыс, ой-пікірін тыңдау (ой-шақыру), слайдтар мен фото суреттермен жұмыс,пысықтау, бекіту, топпен жұмыс (әр топқа сұрақ беріледі,топ лидері мен топ мүшелері жауап береді), шығармашылық жұмыстармен таныстыру, эксперттер тобының жұмысы (бағалау), мұғалімнің қорытынды сөзі.
Мұғалімнің сөзі:Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бізді қоршаған ортаға үңіле қарайтын болсақ, ол тым күрделі және онда болып жататын әртүрлі өзгерістер бір-бірімен өзара тығыз байланысқан. Осы құбылыстарды жан-жақты зерттеу ісімен көптеген ғылымдар айналысады, солардың ішінде экономика ғылымының орны ерекше. ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаев «Әуелі экономика, содан кейін саясат» деген қағида ұстанып, еліміздің нақты мүмкіндіктерін ескере отырып демократияландыру бағытын алға жылжытты. Бұл әрине өзін-өзі ақтады. Осы ретте ағылшынның «темір ханымы» атанған М.Тэтчердің «Мен тиісті жағдайы әрі тәжірибесі жоқ қандай да бір елде, мейлі ол азиялық немесе азиялық емес ел болсын, ешбір проблемаға ұрынбай бір деммен демократияны енгізу мүмкін дегенге сенбеймін» деген сөздерін еске түсіргеніміз орынды. Себебі бұл сатыдан еліміз толықтай және абыройлы өтіп, мемлекетіміз нарықтық экономикаға жол ашты. Сондықтан, бүгінгі сабағымыз экономика біздің өмірімізде деп аталады.
І. Жарыс сабағымызды жүргізу үшін 2 топқа жетекшілер сайлап алайық. Топтарға сәттілік тілейміз.
Таза мінсіз, асыл тас,
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз, асыл сөз,
Ой түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас,
Жел толқытса шығады,
Ой түбінде жатқан сөз,
Шер толқытса шығады,-деп Асан Қайғы бабамыздың баталы сөзімен алғашқы турды бастаймыз.
І. Сайысымыздың алғашқы бөлімінде мақал-мәтелдердің жалғасын табасыздар. Дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.
Жеті рет өлшеп, ......... (бір рет кес).
Есептей білгеннің ....... (есесі кетпейді).
Судың да ...................(сұрауы бар).
Теңге ................(тиыннан құралады).
Ақыл азбайды ........(білім тозбайды).
Ақшаны табудан ....... (шашу оңай).
Ақшаны ..... (ақша жасайды).
Ақша кетуге тырысады,
Есеп ...... (ұстауға тырысады).
ІІ. Келесі кезеңіміз «Білім аукционы» деп аталады, яғни әр топқа оқу пәндері бойынша 4 сұрақ қойылады. Дұрыс жауап беру арқылы топ өз ақша қорын жинақтайды. Аукционда сауда «эврика» сөзінен алынған «эвро» атты ақша бірлігімен жүргізіледі. Әр топтың қорында 50 эвродан бар. Бұл бастапқы капитал. Өз капиталын көбейту олардың өз қолында. Пән бойынша сұрақтың бастапқы бағасы 10 эвро. Топ капитаны бағаны 10 эвродан жоғарылата алады. Ең жоғарғы баға ұсынған соң сұрақ оқылады. Егер дұрыс жауап айтылса, баға құны сол топқа беріледі, ал қате жауап айтылса, онда топ өз капиталынан сол ақшаны қайтарады. Ескерту: егер топ қорында бар барлық сомаға сұрақ сатып алып, қателессе, онда банкрот болып, өкінішке орай ол топ аукционға қатыса алмайды. «Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы-білім» деп шығыс ғұламасы әл-Бируни айтқандай білім байлығы саудаға түсер аукционды бастаймыз. Аукционға қойылатын № 1 лот күміс қобдиша. Қобдишада не жасырылғанын табуларыңыз керек. Сауда жүргізіледі. .... тобы бір, ... тобы екі, ... тобы үш. Сатылды. Дұрыс жауап берген жағдайда топ өз қорына 10 эвро қосады.
Сұрақ. Жануарға ұқсас атым бар,
Бағдар көрсетер затым бар.
Кілемше үстінде тұрамын.
Ең қажетті құралмын.
Білсеңдер, қане айтыңдар. (тышқан, компьютердің енгізу құрылғысы).
Аукционға қойылатын № 2 лот. «Ұлы тұлғалар галереясы». Сауда жүргізіледі.
Ұлы экономистерді ата. (Адам Смит, Абрахам Маслоу, Аристотель)
Аукционға қойылатын № 3 лот. Қаржы