Курсы: ,2 Семестр: 1, 2, Барлық аудиториялық сабақ саны 170



Pdf көрінісі
бет73/151
Дата09.03.2022
өлшемі3,95 Mb.
#134708
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   151
Байланысты:
УМКД-по-каз.яз.-ЖУЛДУБАЕВА-Г.И.

Бақылау сұрақтары:
1. Сенің ана тілің қандай тіл?
2. Қазақ халқының ұлттық тілі қандай тіл?
3. Мемлекеттік тіл дегеніміз не?
4. Қазақ тілінің тарихы туралы не айтасыз?
5. Қазақ тілі мемлекеттік тіл деген мәртебеге қашан ие болды?
ООӨЖ:Оңаша және ортақ тәуелдеу.Туған жер, тіл туралы мақал- мәтелдерді жаттау 
[3]47 б.
ОӨЖ:Төрт ана өлеңін жаттау [5] 150-151 б. Сөздерді тәуелдеу.
Әдебиеттер
:
[4] 47 бет
[5] 150-151 бет
Тақырыбы: Септік жалғау. ҚР-ның рәміздері.
Сабақтың мазмұны мен мақсаты:

Отанымыздың рәміздерін мазмұндау білулері 

Рәміздерге деген құрмет сезімдерін арттыру

Ол туралы сөйлеу үлгілерін игеруі
Қазақстан Республикасының рәміздері.
Әр халықтың тарихына, салт – дәстүріне, мәдениетіне байланысты рәміздері 
болады. Қазақстанның да өз рәміздері бар. 1992 жылы 4 маусымда Қазақстан 
Республикасының туы, әнұраны, елтаңбасы туралы заң қабылданды.


Рәміз деген не? Ол белгілі идеяны білдіретін бейне.
Елтаңба деген не? Ол әрбір мемлекеттің ажырату белгісі.
Әнұран деген не? Ол- өлеңмен жазылған салтанатты ән
Қазақстан Республикасының туы.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – тік бұрышты(ені – 1 м, ұзындағы – 2 
м) көгілдір мата. Көгілдір түс – бейбітшіліктің, тыныштықтың, жарқын болашақтың және 
ашық аспанның нышаны. Тудың ортасында жарқырап шыққан шұғылалы күн орналасқан. 
Бұл – бейбітшіліктің белгісі. Күннің астында қалықтап ұшқан қыран құс бейнеленген. 
Өрнек қазақ халқының сәлт – дәстүрін, мәдиниетін және ұлттық өнерін білдіреді.
Күн, қыран құс және өрнек алтын түспен берілген. Алтын түс – молшылықтың
байлықтың, құт – берекенің белгісі.
Тудың авторы, суретшісі – Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының елтаңбасы.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында 
шаңырақ бейнеленген. Ол – елтаңбаның жүрегі іспеттес. Шаңырақ әлемнің
біртұтастығын, мемлекеттің бастауы – отбасы ошағын бейнелейді. Шаңырақты айнала 
уықтар шаншылған. Олар күн сәулесіндей жарқырайды. Екі жағын аңыз ертегілеріндегі 
пырақтардың қанаттары көмкеріп тұр.Қанатты пырақ – мәңгілік өмір, шексіз даму және 
Қазақстан секілді бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың рухани байлығын 
көрсетеді. 
Елтаңбаның маңдайшасында бес бұрышты жұлдыз бар. Ол – мемлекетіміздің «бағымыз 
ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманын арқалап тұрғандай. Төменгі 
жағында «Қазақстан» деген жазу бар. Реңдік бейнесі – алтын және көгілдір түсті. 
Елтаңбаның авторлары, сәулетшілер – Шота-Аман Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков.
Сөздік.
рәміз-символ
тұтастық- единство
шексіз- бесконечный
қос пырақ- пара скакунов
алтын түстес- золотистого цвета
айрықша- особенно
мәртебелі- величественный
аймүйізді- единорок


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет