Заттың қимылы мен ісінің мезгілін, жай-күйін, мекенің және санның белгілерін күшейтіп көрсететін сөз табын үстеу деп атайды. Басқа сөз таптары сияқты үстеулердің мағыналары да тұлғаларына да сөйлемде
атқаратын қызметіне де өзіне тән ерекшеліктер бар.
Үстеулер форма жағынан көнеленген, мағына жағынан әуелгі төркіндерімен (зат
есімнен, сан есімнен, етістіктерден) алшақтаған сөздер.
Форма жағынан да үстеулер бұл күнді өзгеріске ұшыраған. Мысалы: арт, алд сияқты
сөздерді алсақ, тек көлемдік мағына беретін барыс, шығыс септіктерінде болмаса басқа
септікте түрленбейді.