Курсы: ,2 Семестр: 1, 2, Барлық аудиториялық сабақ саны 170



Pdf көрінісі
бет113/151
Дата09.03.2022
өлшемі3,95 Mb.
#134708
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   151
Байланысты:
УМКД-по-каз.яз.-ЖУЛДУБАЕВА-Г.И.

Тапсырмалар
[1] 192бет
14 - 15 жаттығу
16 - жаттығу
20 - жаттығу
24 – жаттығу
Бақылау сұрақтары
 
 
:
1. М.Ғабдуллиннің қандай қисса- әңгімелерді жатқа айтқан?
2. Қандай саяси ротаның жетекшісі болды?
3. Ұрпақ тәрбиесіне арналған қандай еңбектері бар?
4. Есімдік дегеніміз не?
5. Есімдіктің түрлерін атаңыздар.
Глоссарий 
Есімдік
- есім сөздердің (зат есім, сын есім, сан есімнің) орнына жүретін сөз табы. 
ООӨЖ: Есімдіктің түрлері,конспект.
[3] 72-74бет
[5] 306бет
ОӨЖ:Мысал келтіру
Әдебитеттер:
[3] 72-74бет
[5] 306бет


[5] 291бет,1 тапсырма
Тақырыбы: Үстеу. Қазақ билері.
Сабақтың мазмұны мен мақсаты:

Үстеу туралы мағлұмат беру, оны игерту

Қазақ даласында өмір сүрген атақты билердің өміріне шолу жасау

Төрелік айтқан шешендік сөздерімен танысу
Қазақ билері.
Ертеде қазақ халқында билік айту деген дәстүр болған. Билер өздерінің бір ғана сөзімен 
даулы мәселелерді шешкен. Олар ерте заманда осы күнгі соттың да, тергеушінің де 
қызметін атқарған.
Қазақ билері әділ және елге сыйлы болуға тиісті болатын. Өз әділдігімен елге танымал 
болған қазақтың атақты билері:

Төле би (1663 -1756 жж.),

Қазыбек би (1667 – 1764 жж.),

Әйтеке би (1644 – 1700 жж.).
Қазақ халқының бұл билері елді үш жүздің бірлігін сақтауға шақырады.
Төле би
Төле би – қазақ халқының қоғам қайраткері, атақты шешен. Төле би Әлібекұлы 1663 
жылы қазіргі Жамбыл облысы Шу ауданының Жайсаң жайлауында дүниеге келген. Төле 
би 15 жасында билікке араласып, әділдігімен, шешендігімен елге танылды. Ол кезде қазақ 
пен жоңғар хандары ұдайы жауласуда еді. Қазақ қауымын біріктіріп, оларды жонғар
езгісінен азат етуде ол Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр, Жәнібек батырлармен халық 
майданын құрып, оны басқарады. Абылайды бүкіл қазаққа хан етіп сайлауда көп қызмет 
етті.
Орта жүздің аға биі Қазыбек, Кіші жүздің биі Әйтекемен бірге Әз Тәуке ханның 
кеңесшісі болып, «Жеті жарғы» әдет заңын шығарды. Тәукенің Түркістан қаласын 
орталық етіп, қазақ, қарақалпақ, қырғыз, өзбек халықтарынан жауынгер құрып, жоңғар-
ойрат шапқыншылығына қарсы тұруға істеген шараларына көмектесті. Халық оны көзі 
тірісінде «Қарлығаш әулие» деп атаған. Төле би Ресей мен Ұлы жүз арасындағы қарым-
қатынастарды қалыптастыруға және оны нығайтуға көп еңбек сіңірді.
Ел аузында Төле би туралы тарихи аңыздар сақталған. Оның атымен байланысты 
толып жатқан нақыл, мәтел сөздер, билік кесімдер халық арасында кең тараған. Төле би 
өзі билік еткенде Шымкент, Түркістан және Ташкент қалаларына ғимараттар салу ісіне де 
араласқан. Төле бидің есімі үш жүздің ірі-ірі тарихи оқиғаларымен байланысты болған.
Төле бидің денесі өзі 12 жыл билеген Ташкент қаласында жерленген. Онда Төле биге 
үлкен ескерткіш орнатылған. Алматыда оның атында көше бар және Астанада оған 
ескерткіш орнатылған.
Қазыбек би.
Қазыбек би Келдібекұлы – XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың алғашқы 
жартысындағы қазақтың атақты биі. Руы – Арғын ішіндегі Қаракесек. Орта жүзге Қазыбек
биді Тәуке хан тағайындаған. Ол «Жеті жарғыны» жасауға қатысқан. Қазыбек би 
хандарының ішкі және сыртқы саясатына едәуір ықпал жасап отырған. Ол жоңғар 
басқыншылығына қарсы халық күресін ұйымдастырушылардың бірі болды. Қазыбек би ел
арасында «Қаз дауысты Қазыбек би» атанған.
XVIII ғасырдың 40 –шы жылдарында Абылай хан жоңғарлардың тұтқынына түскенде, 
оны босатып алуға белсене араласты. Ресейге қарайтынын білдіріп, ант еткен. Цин 
империясы Қазыбек биді өз жағына тарту мақсатымен елшілерімен бірге көп сыйлықтар 


жіберген, бірақ ол Қытай қол астына бағынуға қарсылық білдірді. Абылай ханды Цин 
империясымен тағыз қарым-қатынас жасамауға кеңес берді.
Сонымен, Қаз дауысты Қазыбек би – ең алдымен, асқан шешен, ақын; екіншіден, ел 
басқарған, дау-жанжалды әділ шешкен әділ қазы; үшіншіден, ол – халықаралық 
дәрежедегі дипломат, қоғам қайраткері.
Міне, сондықтан халқымыз оған ескерткіш тұрғызып, оның атына көшелер беруде.
Әйтеке би
Әйтеке би Айтық Бәйбекұлы - Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүзді басқарған би, 
қазақтың атақты билерінің бірі. Есім ханның тұсында Самарқанды басқарған Жалаңтөс 
батырдың немересі. Әйтеке би Кіші жүздегі Әлімұлы тайпасының Төртқара руынан 
шыққан. Тәуке хан тұсында қазақ хандығының аса көрнекті билерінің бірі болды. Әйтеке 
би «Жеті жарғыны» шығаруға зор үлес қосты.
Ол өте ақылды, шешен болған. Бір орталыққа бағынатын қазақ хандығын құруға ат 
салысты. Әйтеке бидің ел арасында кең тараған толғаулары, шағын әңгімелері өте көп.
Әйтеке бидің есімі бұрын халық аузында ғана айтылып жүрсе, бұл күндері оған 
ескерткіштер қойылып, көшелердің аты берілді.
Сөздік.
би — бий, представитель
власти, судья
билік айту — разрешать
споры
даулы - спорный
тергеуші — следователь
әділ - справедливый
сыйлы — уважаемый
тиісті болу — должен
быть
танымал — известный
қайраткер — деятель
ұдайы- постоянно, всегда
жауласу — враждовать
езгі - иго
азат ету — освобождать
майдан — фронт
жауынгер — воин
шапқыншылық—
нашествие, набег
шаралар — меры
әулие — святой
қалыптастыру

укреплять
еңбек
сіңіру

заслуживать
тағайындау — назначать
ел аузында - на устах
народа


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет