Сабақ барысы: І ұйымдастыру. ІІ үй тапсырмасын тексеру: «Сөйлемді аяқта»



Дата26.08.2017
өлшемі25,05 Kb.
#28777
түріСабақ
Сабақ тақырыбы: Судың тірі ағзалар үшін маңызы

Мақсаты:

1.Тірі ағзалар үшін судың маңызын, тіршілік те атқаратын ролін түсіндіру.

2.Суды қорғау және тиімді пайдалану туралы ой-өрістерін кеңейту.

3.Судың қадірін біліп,қастерлеуге,су көздерін қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Карта,суреттер,үлестірмелер

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,әңгіме, интерактивті

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру: «Сөйлемді аяқта»

1.Табиғи жолмен жасалған арна арқылы ағатын ағын суды-

2.Өзеннің басталатын жері-

3.Өзеннің белгілі бір жерге барып құятын жерін-

4.Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен-

5.Дүние жүзіндегі ең суы мол өзен-

6.Қазақстандағы ең ұзын және суы мол өзен-

ІІІ Жаңа сабақ

Слайд арқылы жаңа сабақты талдау,қорытынды жасату,түсіндіру.
-Су туралы қазақ халқының қандай мақал-мәтел,нақыл сөздер,аңыз-әңгімелер білесіңдер?

Тірі ағзаларға нелер жатады?


-Адам денесінің 65 пайызын су құрайды.

-Өсімдіктерде бойында болатын су бұдан да көп.

-Қарбыз,қиярдың 90 пайызы су.

-Теңіз жәндігі медузаның 97-98 пайызы судан тұрады.

-1 тонна бидайды өсіру үшін 1500 тонна су қажет

Оқулықпен жұмыс.

Су- көптеген жануарлар мен өсімдіктер үшін тіршілік ортасы болып табылады
Көптеген жануарлар суда өмір сүруге бейімделген-жүзбе қанаттары,ескек тәрізді аяқтары және саусақтарының арасында жарғақтары болады.


  • Жер шарының қанша пайызын су алып жатыр?

  • Оның қаншасы тұщы су?

Адам баласы суды

не үшін,қандай мақсаттарда қолданады?

Қорытынды жасау:

Сонымен , “судың тірі ағзалар үшін маңызы қандай?” деген сұраққа жауап таба алдық па, қандай қорытынды жасауға болады?
Бүгінгі сабақтан:




Нені білдім

Нені түсіндім












Үй тапсырмасы:

§ 24 оқу, “Суды қалай қорғауға болады?” деген сұраққа өз ойын жазу.


Өмірлеріңіз судай таза,мөлдір де тұнық болсын!

Назарларыңызға рақмет!



«Белоградов орта мектебі» мемлекеттік мекемесі


Ашық сабақ

5 сынып

Тақырыбы:
«Судың тірі ағзалар үшін маңызы»

Өткізген : Далелхан Мейрамбек

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет