жіберген, бірақ ол Қытай қол астына бағынуға қарсылық білдірді. Абылай ханды Цин
империясымен тағыз қарым-қатынас жасамауға кеңес берді.
Сонымен, Қаз дауысты Қазыбек би – ең алдымен, асқан шешен, ақын; екіншіден, ел
басқарған, дау-жанжалды әділ шешкен әділ қазы; үшіншіден, ол – халықаралық
дәрежедегі дипломат, қоғам қайраткері.
Міне, сондықтан халқымыз оған ескерткіш тұрғызып, оның атына көшелер беруде.
Әйтеке би
Әйтеке би Айтық Бәйбекұлы - Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүзді басқарған би,
қазақтың атақты билерінің бірі. Есім ханның тұсында Самарқанды басқарған Жалаңтөс
батырдың немересі. Әйтеке би Кіші жүздегі Әлімұлы тайпасының Төртқара руынан
шыққан. Тәуке хан тұсында қазақ хандығының аса көрнекті билерінің бірі болды. Әйтеке
би «Жеті жарғыны» шығаруға зор үлес қосты.
Ол өте ақылды, шешен болған. Бір орталыққа бағынатын қазақ хандығын құруға ат
салысты. Әйтеке бидің ел арасында кең тараған толғаулары, шағын әңгімелері өте көп.
Әйтеке бидің есімі бұрын халық аузында ғана айтылып жүрсе, бұл күндері оған
ескерткіштер қойылып, көшелердің аты берілді.
Сөздік.
би — бий, представитель
власти, судья
билік айту — разрешать
споры
даулы - спорный
тергеуші — следователь
әділ - справедливый
сыйлы — уважаемый
тиісті болу — должен
быть
танымал — известный
қайраткер — деятель
ұдайы- постоянно, всегда
жауласу — враждовать
езгі - иго
азат ету — освобождать
майдан — фронт
жауынгер — воин
шапқыншылық—
нашествие, набег
шаралар — меры
әулие — святой
қалыптастыру
—
укреплять
еңбек
сіңіру
—
заслуживать
тағайындау — назначать
ел аузында - на устах
народа
Достарыңызбен бөлісу: