Курсы: ,2 Семестр: 1, 2, Барлық аудиториялық сабақ саны 170


Шығыс жұлдызы- батыр Әлия Молдағұлова



Pdf көрінісі
бет110/151
Дата09.03.2022
өлшемі3,95 Mb.
#134708
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   151
Байланысты:
УМКД-по-каз.яз.-ЖУЛДУБАЕВА-Г.И.
Бағалау критерийлері (2), Doctors, Бас жиын, 1.1-үлестірме материал Тренер міндеті, Математика 5-11 сынып. КТЖ 2022-2023ж.ж., Pisa Есептер жинағы
Шығыс жұлдызы- батыр Әлия Молдағұлова
Әлия Молдағұлованың атқыштар батальоны жау қоршауын бұзып, алға шықты. 
Шайқас Ұзаққа созылды, барған сайын күшейе түсті. Фашистер жанталасып, үсті-үстіне 
зеңбірек оғын жаудырып жатты. Біраздан соң екі жақ бетпе- бет келіп қалды. Ұрыс қыза 
түсті, екі жақта аянбай атысты. Әлия сол қолына жараланғанына қарамастан, жаумен 
қасқая атысты. Ол неміс басқыншыларымен қасық қаны қалғанша, батырларша соғысты. 
Бір кезде окопта тасаланып жатқан неміс офицері он тоғыз жасар, талдырмаш, ержүрек 
қыз Әлияға тап берді. Әлия оны басынан асырып лақтырып жіберді де, сұм жауды 
шалқасынан түсірді. Автоматын кезеп, ата жауды құртуға айналғанда, фашист Әлияны 
пистолетпен атып қалды. 
Қапылыста қазаға ұшыраған Әлияны майдандас жолдастары «Шығыс жұлдызы» деп 
атаған еді.
Ержүрек, мерген қыз, Шығыс жұлдызы Әлия майданда болған аз уақыттың ішінде 
жүзден аса фашистерді жер жастандырды.
Үкімет Әлияның майдандағы ерлігін жоғары бағалап, 1944 жылғы шілде айының 
төртінде оған Кеңес Одағының Батыры Атағын берді.
Кеңес Одағының Батыры Молдағұлованың ерлігін халқы мәңгі ұмытпайды. Әлияның 
ерлігі туралы шығармалар жазылды, өлең де шығарылды, олар халық есінде мәңгі 
сақталады. (Сейілхан Асқаров).
Мәтінмен жұмыс
1.Мәтінді мәнерлеп оқу
2. Мәтінді аудару
3. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет