Еліктеу сөздер деп өмірде ұшырасатын сан алуан құбылыстар мен заттардың бір –
бірімен қақтығысуымен, соқтығысуынан туатын және жан – жануардың дыбыстау
мүшелерінен шығатын дыбыстарға еліктеуден шыққан сөздерді айтамыз.
Мысалы:
Сырт-сырт, етіп жас сүйек сынды. Ол әуелі сылқ-сылқ күлді.
Еліктеу сөздер іштей екі салаға бөлеміз –
еліктеу сөздер, екінші бейнелеуіш сөздер.
Есту қабілеті арқылы пайда болатын түсініктердің атын білдіретін сөздер еліктеуіш сөздер
делінеді.
Мысалы
: Мылтық тар етті. Қарға қарқ етті.
деген сөйлемдегі тарс, қарқ сөздер
мылтықтың дыбысы мен қарғаның дыбысы шығаруын есту арқылы, соларға еліктеуден
пайда болған сөздер.
Еліктеу сөздер қай түріне болмасын бірден, түбірге сөз түрлендіретін (көптік, тәуелдік,
жіктік) қосымшаларды жалғауға болмайды. Бұларға (еліктеуіш сөздерге) ең алдымен сөз
тудыратын жұрнақтарды жалғап барып, содан кейін түрлендіреміз.
Еліктеу сөздер қосарланып та келеді. Мұндай жағдайда еліктеуіш сөздерден басқа
сөздерді тудыруға келмейді. Мысалы: Дыбыс құлаққа тарс-тарс естіледі.
Еліктеуіш сөздер түрлі дыбыстық өзгерістерге ену арқылы қосарланып келе береді.
Мысалы: тарс-тарс, тарс-тұрс т.б. Еліктеуіш сөздердің түбіріндегі дауысты дыбыстың я
ашық, я қысаң болуы да сол сөздің мағынасына әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: