Курсы: ,2 Семестр: 1, 2, Барлық аудиториялық сабақ саны 170



Pdf көрінісі
бет120/151
Дата09.03.2022
өлшемі3,95 Mb.
#134708
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   151
Байланысты:
УМКД-по-каз.яз.-ЖУЛДУБАЕВА-Г.И.
Бағалау критерийлері (2), Doctors, Бас жиын, 1.1-үлестірме материал Тренер міндеті, Математика 5-11 сынып. КТЖ 2022-2023ж.ж., Pisa Есептер жинағы
Бақылау сұрақтары
1. Ахмет Яссауи кім?
2. Қай шаһарларда білім алды?
3. Еңбегін атаңыз?
4. Қожа Ахмет Яссауи 
кесенесі қай қалада орналасқан
ООӨЖ:
[3] 122бет, оқу
ОӨЖ:
[5] 218бет, 2 тапсырма
Әдебиеттер
[3] 119бет
[5] 211бет
Тақырыбы: Демеуліктер. Шоқан Уәлиханов
Сабақтың мазмұны мен мақсаты

Демеуліктер, септеуліктер туралы мағлұмат беру. 

Берілген грамматикалық дағдыларды тәжірибелік тұрғыда мақсатты қолдана алу.

Қазақ халқының тұңғыш ғалымы Шоқан туралы мәліметі болуы, өз ойын жеткізе 
білуі, жаңа мәліметпен толықтыру.
Шоқан Уәлиханов.
1835 – 1865
Шоқан Уәлиханов – қазақтан шыққан ең бірінші ғалым, саяхатшы және зерттеуші. 
Шоқан 1835 жылы Көкшетау облысының Сырымбет деген жерінде туған. «Шоқан» деген 
ат - әке-шешесінің еркелетіп қойған аты. Ақылды, парасатты Шоқан әжесінің бауырында 
өсті. Ол ерте хат таныды. Кітап оқуды өте жақсы көрді.
Шоқан Уәлиханов 12 жасында Омбыдағы Кадет корпусына оқуға түсті. Әуелде 
орысша бір ауыз сөз білмей келген Шоқан, екі-үш жылдың ішінде озат оқушылардың 


қатарына қосылды. Ол сол кезде оқуға тыйым салынған кітаптарды оқыды. Мұғалімдер 
Шоқанды 14-15 жасында болашақ ғалым, зерттеуші деп атады.
Шоқан Уәлиханов Семей, Аягөз, Қапал, Алакөл, Тарбағатай, Қарқаралы, Баянауыл, 
Көкшетау жерлерінде болып, қазақ халқының ауыз әдебиетінің үлгілерін, тарихы мен 
этнографиясына байланысты материалдар жинады.
Ыстықкөл аймағында болып, қырғыз, ұйғыр, дүнген, қытай халықтарының тарихын, 
өмірін зерттеді. Қырғыз халқының асыл мұрасы «Манас» жырын алғаш рет хатқа түсірді. 
Оның «Іле өлкесінің географиялық очеркі», «Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы 
жазбалар», «Ыстықкөл сапарының күнделігі», т. б. зерттеулері бар.
1857 жылы Шоқан жиырма екі жасында Орыс география қоғамына мүше болып 
сайланды. Үлкен ғалым атанды. Ол орыс халқының алдыңғы қатарлы, озық ойлы 
ғалымдары П. П. Семенов Тян-Шанскиймен, Ф. М. Достаевский Шоқанды туған 
бауырындай көрді. Шоқан туған халқының жақсы тұрмысқа жетуін армандады. 
Шоқанның еңбектерін орыс ғалымдары жоғары бағалады. Шығыс зерттеушісі Е. И. 
Ковалевский Шоқанды «қазақ халқының ең жақсы досы әрі орыстың мемлекет мүддесін 
қадір тұтушы», - деп атады. Потанин оны « Шығыстың құйрықты жұздызы» деді.
Шоқанның еңбектері бірнеше рет қазақ, орыс тілдерінде жарық көрді. Алматыда, 
Көкшетауда ескерткіштер орнатылды. Қазақстан Ғылым академиясының Тарих, 
археология және этнография институтына Шоқан Уәлихановтың есімі берілді.
Сөздік.
еркелетіп қойған аты – уменшительно-ласкательное имя парасатты – 
смышленный
әжесінің бауырында – у бабушки хат тану – 
обучаться грамоте
әуелде – в начале озат оқушы – 
отличник
тыйым салынған – запрещенный аймақ – 
окрестность
асыл мұра – ценное наследие хатқа түсіру – 
записать
озық ойлы – прогрессивно мыслящий туған баурындай 
көрді – относился как к родному
мемлекет мүддесін қадір тұтушы – защитник интересов государства құйрықты жұлдыз -
комета
Мәтінмен жұмыс
1.Мәтінді мәнерлеп оқу
2. Мәтінді аудару
3. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет