Рәміз деген не? Ол белгілі идеяны білдіретін бейне.
Елтаңба деген не? Ол әрбір мемлекеттің ажырату белгісі.
Әнұран деген не? Ол- өлеңмен жазылған салтанатты ән
Қазақстан Республикасының туы.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – тік бұрышты(ені – 1 м, ұзындағы – 2
м) көгілдір мата. Көгілдір түс –
бейбітшіліктің, тыныштықтың, жарқын болашақтың және
ашық аспанның нышаны. Тудың ортасында жарқырап шыққан шұғылалы күн орналасқан.
Бұл – бейбітшіліктің белгісі. Күннің астында қалықтап ұшқан қыран құс бейнеленген.
Өрнек қазақ халқының сәлт – дәстүрін, мәдиниетін және ұлттық өнерін білдіреді.
Күн, қыран құс және өрнек алтын түспен берілген. Алтын түс –
молшылықтың,
байлықтың, құт – берекенің белгісі.
Тудың авторы, суретшісі – Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының елтаңбасы.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында
шаңырақ бейнеленген. Ол – елтаңбаның жүрегі іспеттес. Шаңырақ әлемнің
біртұтастығын, мемлекеттің бастауы – отбасы ошағын бейнелейді. Шаңырақты айнала
уықтар шаншылған. Олар күн сәулесіндей жарқырайды. Екі жағын аңыз ертегілеріндегі
пырақтардың қанаттары көмкеріп тұр.Қанатты пырақ –
мәңгілік өмір,
шексіз даму және
Қазақстан секілді бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың рухани байлығын
көрсетеді.
Елтаңбаның маңдайшасында бес бұрышты жұлдыз бар. Ол – мемлекетіміздің «бағымыз
ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманын арқалап тұрғандай. Төменгі
жағында «Қазақстан» деген жазу бар. Реңдік бейнесі – алтын және көгілдір түсті.
Елтаңбаның авторлары, сәулетшілер – Шота-Аман Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков.
Сөздік.
рәміз-символ
тұтастық- единство
шексіз- бесконечный
қос пырақ- пара скакунов
алтын түстес- золотистого цвета
айрықша- особенно
мәртебелі- величественный
аймүйізді- единорок
Достарыңызбен бөлісу: