Курсы: ,2 Семестр: 1, 2, Барлық аудиториялық сабақ саны 170



Pdf көрінісі
бет82/151
Дата09.03.2022
өлшемі3,95 Mb.
#134708
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   151
Байланысты:
УМКД-по-каз.яз.-ЖУЛДУБАЕВА-Г.И.

Қыс
Көктем
Жаз
Күз
1. Сызбаға жылдың төрт мезгілін жазыңыз.
2. Жыл мезгілдерінің айларының атын сызбаға жазыңыз
3. Бір аптадағы күндердің атын сызбаға жазыңыз. т.б.
Бақылау сұрақтары: 
1. Қыста ауа- райы қандай?
2. Демалыс күндері қай күндер?
ООӨЖ: Зат есімнің септелуі, жіктелуі [3] 47-51 бет
ОӨЖ: Деректі және дерексіз зат есімдерге мысал келтіру.Көктем.[1]107-бет.1 тапс.
Әдебиеттер
:
[3] 47-51 бет
[1] 107 бет
Тақырыбы: Етістік. Жаз.
Сабақтың мазмұны мен мақсаты:

Жыл мезгілдері туралы ойларын жеткізе алуы

Қимыл әрекет ұғымдарын сөйлеу тілінде мақсатты пайдалануы

Мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру
Жаз
Жаз айлары: маусым, шілде, тамыз. Жазда күн ысиды. Ағаштар жасыл түске 
боялып, айнала әсем гүлге толады. Көл, өзен, теңіздер адамдарды шақырып, қуана 
құшағына алады. Сондықтан жазғы ыстықта адамдар салқын суға түсуге, суда жүзуге 
құштар. 
Жаз айларында адамдардың көбі демалысқа шығады. Қыстай сағына күткен 
демалысын адамдар өзен, теңіз жағасындағы санаторийлерде өткізуді, шетелдерге 
саяхатқа баруды жоспарлап жүреді. Жаз шығысымен адамдар осы жоспарларын іске 
асыруға асығады. Жақсы санаторийлерде демалып, түрлі шетелдерде әлемнің талай 
тамашаларын көріп, демалыс уақытын әрі пайдалы, әрі көңілді өткізген адамдар қуана- 
қуана еліне оралады. Олар достарына, туыстарына шетелде көрген- білгенін бар 
ынтасымен әңгімелейді.


Жаз халықты жемісімен де қуантады. Жаз айларында құлпынай, шие, алмалар 
піседі. Витаминге бай жемістер әрі дәмді, әрі денсаулыққа пайдалы, оны жегің келе
береді.
Ыстық күн, жақсы демалыс, тәтті, дәмді жемістер жаздың қадірін арттыра түседі. 
Мен жазды жақсы көремін.
Мәтінмен жұмыс
1.Мәтінді мәнерлеп оқу
2. Мәтінді аудару
3. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет