Курсы: ,2 Семестр: 1, 2, Барлық аудиториялық сабақ саны 170



Pdf көрінісі
бет84/151
Дата09.03.2022
өлшемі3,95 Mb.
#134708
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   151
Байланысты:
УМКД-по-каз.яз.-ЖУЛДУБАЕВА-Г.И.

Глоссарий 
Етістік-
заттың қимылын, іс-әрекетін, күй- жайын білдіретін сөз табы
ООӨЖ:Дара және күрделі етістіктер. Күз. [3] 80 бет. тезис жазу.[5]121 бет аударма, 
сұрақтар құрастыру
ОӨЖ: Мақал- мәтелдер жаттау [5] 123 бет
Әдебиеттер
:
[3] 80 бет
[5] 121 бет
Тақырыбы: Болымды, болымсыз етістік. Театрда
Сабақтың мазмұны мен мақсаты:

Театр туралы ойларын жеткізе алуы

Болымды жэәне болымсыз әрекет ұғымдарын сөйлеу тілінде мақсатты 
пайдалануы

Әдеп ережелерін сақтауға дағдыландыру
Қазақ театры
Театр - ойын- сауық орны. Мұнда ойын- сауықтан басқа драмалық шығармалар, 
мәдени шаралар да өтеді. Театр ең алғаш Грецияда ашылған.


Қазақ театр өнері ежелден келе жатқан салт- дәстүрлерімізге негізделген. Үйлену 
салты, шілдехана тойымен байланысты өтетін ойын-сауықтар, ақындар айтысы т.б. 
дәстүрлеріміз театр өнерінің алғашқы көріністері болған.
Кейін халқымыздың талантты өнерпаздары шағын группалар құрып, ел аралап, 
жәрмеңкелерде өнер көрсеткен. 1917 жылы Ойқұдық жайлауында (қазіргі Семей облысы, 
Абай ауданында) М. Әуезовтің «Еңлік –Кебек» трагедиясы тұңғыш рет қойылды.
Кейіннен 1925 жылдың аяғында Қызылорда қаласында тұңғыш музыка театры 
ашылды. Театр шымылдығы 1926 жылы ақпанның 13 –інде М.Әуезовтің «Еңлік –Кебек» 
трагедиясымен ашылды.
Театр алғашқы рет құрылған жылы онда Иса Байзақов, Әміре Қашаубаев, Қалибек 
Қуанышбаев, Елебек Өмірзақов, Серке Қожамқұлов, Жұмат Шанин, Шара Жиенқұлова
және тағы басқа өнер тарландары қызмет етті. Олар театр тарихына өшпес із қалдырды. 
1934 жылы қазақ драма театрының құрылуына негіз болды. Бұрынғы қазақ музыкалық 
театрының орнында қазір Н.Бекежанов атындағы облыстық театрдың ғимараты тұр.
Бұл күнде облыс орталықтарының бәрінде драма театрлары ашылды. Қазақ драма 
тетрының сахнасына қойылған «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» , «Ақан Сері-Ақтоқты», 
«Еңлік- Кебек», «Ана-Жер-ана» спектакльдері театр сахнасынан түспей келеді. Соңғы 
жылдары театр репертуары байи түсті.
Сөздік
Ойын-сауық- развлечение
шығарма- проиведение
шара-мероприятие
өнер- искусство
негізделу- основываться
көрініс-проявление


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет