Қазақ театр өнері ежелден келе жатқан салт- дәстүрлерімізге негізделген. Үйлену
салты, шілдехана тойымен байланысты өтетін ойын-сауықтар, ақындар айтысы т.б.
дәстүрлеріміз театр өнерінің алғашқы көріністері болған.
Кейін халқымыздың талантты өнерпаздары шағын группалар құрып, ел аралап,
жәрмеңкелерде өнер көрсеткен. 1917 жылы Ойқұдық жайлауында (қазіргі Семей облысы,
Абай ауданында) М. Әуезовтің «Еңлік –Кебек» трагедиясы тұңғыш рет қойылды.
Кейіннен 1925 жылдың аяғында Қызылорда қаласында тұңғыш музыка театры
ашылды. Театр шымылдығы 1926 жылы ақпанның 13 –інде М.Әуезовтің «Еңлік –Кебек»
трагедиясымен ашылды.
Театр алғашқы рет құрылған жылы онда Иса Байзақов, Әміре Қашаубаев, Қалибек
Қуанышбаев, Елебек Өмірзақов, Серке Қожамқұлов, Жұмат Шанин, Шара Жиенқұлова
және тағы басқа өнер тарландары қызмет етті. Олар театр тарихына өшпес із қалдырды.
1934 жылы қазақ драма театрының құрылуына негіз болды.
Бұрынғы қазақ музыкалық
театрының орнында қазір Н.Бекежанов атындағы облыстық театрдың ғимараты тұр.
Бұл күнде облыс орталықтарының бәрінде драма театрлары ашылды.
Қазақ драма
тетрының сахнасына қойылған «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» , «Ақан Сері-Ақтоқты»,
«Еңлік- Кебек», «Ана-Жер-ана» спектакльдері театр сахнасынан түспей келеді. Соңғы
жылдары театр репертуары байи түсті.
Сөздік
Ойын-сауық- развлечение
шығарма- проиведение
шара-мероприятие
өнер-
искусство
негізделу- основываться
көрініс-проявление
Достарыңызбен бөлісу: