Тақырыбы: Есімше. Көсемше. Пойызбен саяхат жасау
Сабақтың мазмұны мен мақсаты:
Есімше. Көсемше туралы жалпы түсінік беру.
Етістік категорияларымен жұмыс жасау.
Пойызбен саяхат жасау. Көпшілік орындағы қатысым тақырыбында сұхбаттаса алу.
Пойызбен саяхат жасау
Менің атым Ксения. Мен Семейденмін. Мен медицина акдемиясының екінші
курсында оқып жүрмін. Қызмет бабымен ел ішінде немесе
шетелге сапар шекпеймін,
өйткені студентпін. Жазғы демалыста ата- анама барып тұрамын. Олар Семейде тұрады.
Семейге дейін ұшақ, пойыз және автобустар барады.
Студент болған соң,
ұшаққа
отырмаймын. Билеті қымбат болғандықтан, пойызбен жүремін. Өткен жолы да пойызға
отырдым.
Темір жол бекетіне кіріп, ең алдымен анықтама бюросына бардым.
-
Кешіріңіз, Семейге дейін қандай пойыз жүреді? Қай кассадан билет сатып алуға
болады? Қай платформаға шығуым керек? Пойыз қай платформаға тоқтайды? Қай жолдан
жүреді? Купелі вагонға билет бар ма?
- Семейге екі жолаушылар пойызы жүреді. Біреуі жүрдек пойыз. Кестені қараңыз.
Пойыздың келуі де, кетуі анық көрсетілген. Бесінші кассадан билет сатып алыңыз. Купелі
вагонға да, плацкарт вагонға да билеттер бар. Пойызыңыз екінші платформаға тоқтайды.
Бірінші жолдан жүреді.
Келесі күні мен досыма билет алғыздым. Ол мені шығарып салуға теміржол
бекетіне келді. Менің қол жүгім ауыр емес. Перрон басы ығы- жығы халық: жүк
көтерушілер, жолаушылар, шығарып салушылар, қарсы алушылар өте көп.
Алтыншы
вагонды іздеп келе жатырмыз.
-Мынау алтыншы вагон ба?
-Иә, алтыншы вагон. Мен жолсерікпін. Билетіңізді көрсетіңіз. Жолаушы кім?
-Мен. Билетім міне. Менің орным қай купеде? Орным
жоғарыда ма, әлде төменде
ме?
Жолсерік бәріне жауап берді. Мен төсек- орын алып, төменгі орынға орналастым.
Жолсеріктен газет, жорнал алып, оларды оқуға кірістім. Пойыз дәл
белгіленген уақытында
жүріп кетті. Жолаушылар бір- біріне сәт- сапар тіледі.
Мәтінмен жұмыс
1.Мәтінді мәнерлеп оқу
2.
Мәтінді аудару
3. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру
Достарыңызбен бөлісу: