Бір қалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар.
Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.
Сабақтың тақырыбы Бір қалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар.
Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың көңілін сабаққа аудару, құралдарын тексеру.
ІІ. Қызығушылығын ояту.
1 Механикалық қозғалыс дегеніміз не?
2. Материялық нүкте дегеніміз не ?
Қозғалыс траекториясы деп нені айтамыз ?
Қозғалыс түрлерін қалай ажыратуға болады ?
ІІІ.«Ми шабулы» стратегиясы:
1. Санақ жүйесі дегеніміз:
а) санақ денесі б) координат жүйесі
в)уақыт өлшейтін құрал г) санақ денесімен байланысқан координата жүйесі мен сағат
Дүниенің жетілдірілген гелиоцентрлік жүйесін жасаған ғалым кім ?
а) Аристотель б) Гиппарх в) Птолемей г) Коперник
3.Юпитер – қазақша аты.
а) Қоңырқай б) Есекқырған в) Аңырақай г) Болпан
4.Дененің орын ауыстыруы дегеніміз:
а) дене артында қалған із б) қозғалыстағы дененің бастапқы орнымен соңғы орынын қосатын бағытталған кесінді в) қозғалыстағы дене траекториясы г) уақыт ішінде жүрген арақашықтық
5.Біз таксиге не үшін төлейміз ? Жол үшін бе, әлде орын ауыстыру үшін бе ? Ұшаққа ше ?
а) такси мен ұшаққа жол үшін
б) ұшаққа жол үшін, таксиге орын ауыстыру үшін
в) ұшаққа орын ауыстыру үшін, таксиге жол үшін
г) ұшақ пен таксиге орын ауыстыру үшін.
№
|
жауаптары
|
1
|
г) санақ денесімен байланысқан координата жүйесі мен сағат
|
2
|
г) Коперник
|
3
|
б) Есекқырған
|
4
|
б) қозғалыстағы дененің бастапқы орнымен соңғы орынын қосатын бағытталған кесінді
|
5
|
а) такси мен ұшаққа жол үшін
|
ІҮ. Тақырыптық түйінді сөздер әдісі
Сөздер банкісі :1.Масса, тығыздық, қозғалыс, бірқалыпты қозғалыс, бірқалыпты емес қозғалыс,жылдамдық, геоцентрлік жүйе, зодиак белдеуі.
2. Масса, тығыздық, қозғалыс, геоцентрлік жүйе, зодиак белдеуі.
Сабақтың тақырыбы Бір қалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар.
Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: оқушыларға қозғалыстың түрлерін және туралы ғылыми түрде түсіндіру.
Дамытушылық мақсаты: оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, имандылыққа баулу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, жаттығулар орындау.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, электронды оқулық, арбаша, тамызғыш,
Ү. Мағынаны тану стратегиясы Жаңа сабақты түсіндіру.
Электрондық оқулық арқылы түсіндіру.
Тәжірибе жасалық. Бірқалыпты және бірқалыпты есес қозғалыстарды бақылау үшін мынадай тәжірибе жасауға болады. 47 ,а- суреттегі кішкентай арбашаның үстіне тамызғыш орнатылған. Тамызғыштан өзара тең уақыт аралығы өткен сайын су тамшылып тұрады.Арбаша қозғалғанда қағаз бетіне тамған тамшының қалдырған іздерінің ара қашықтығы тең болады.Бұл арба бірдей уақыт аралығында ұзындықтары бірдей жол жүріп өтетіндігін білдіреді.
Тамызғыштың шүмегін тамшы жиі таматындай етіп бұрып, тәжірибені қайталап жасалық. Тамшы іздері бұл жағдайда да бірінші тәжірибеге қарағанда жақын болғанымен бір -бірінен бірдей қашықтықта болады екен. Бұл бірдей уақыт аралығында арба бірдей жол жүріп өтетіндігін білдіреді.Енді тәжірибе арқылы арбашаның бірқалыпты есес қозғалысын бақылайық. (47,ә-сурет)Бұл жағдайда бірдей уақыт аралығында тамған тамшылырдың іздерінен арбашаның қозғалысы бірқалыпты болмайтыны байқалады.тамшылар бірдей уақыт аралығында тамады, бірақ арбаша қозғалғанда ол тамшылар іздерінің арақашықтықтары бірдей есес. Демек, бұл жағдайда арбаша бірқалыпты есес қозғалады. Осы қозғалыстардың салыстырмалы көрнісі 48 суретте көрсетілген.
Қозғалыстағы алуан түрлі денелердің бірдей уақыт ішіндегі орын ауыстырулары әр түрлі болуы мүмкін.
Жаяу адам 1минутта -100метрдей жол жүрсе,Жердің жасанды серігі -500км аралықты ұшып өтеді,ал радиодабыл немесе жарық дабылы 18млн. Км қашықтыққа жетеді.
Әр түрлі қозғалыстардың айырмашылығын сипаттау үшін қозғалыс жылдамдығы деген физикалық шама енгізіледі.
Жылдамдық = орын ауыстыру
s-жол, υ-жылдамдық, t-уақыт. Сонда жылдамдықты табуға арналған формуланы мына түрде ұсынуға болады:
СИ жүйесінде жылдамдық бірлігіне 1 сек.-та 1 м-ге тең жол жүріп өтетін дененің бірқалыпты қозғалыстағы жылдамдығы алынады. Бұл бірлікті былайша белгілейді:
1 м/с немесе 1 м/сек (“метр секунд” деп оқылады).
Практикада басқа да жылдамдық бірлігі жиірек қолданады: 1 км/сағ. Әр түрлі жылдамдық бірліктерінің арасындағы байланысты табалық:
1 км = 1000 м, ал 1 сағ = 60 мин = 3600 с болғандықтан біз былайша жаза аламыз:
2-кестеде табиғатта кездесетін кейбір жылдамдықтардың мәндері келтірілген.
Қозғалыс жылдамдықтары , м/с
Ұлу
|
0,0014
|
Ауадағы дыбыс (0°С кезінде )
|
331
|
Шыбын
|
5
|
Жер айналасындағы Ай
|
1000
|
Қараторғай
|
20
|
Күн айналасындағы Жер
|
30 000
|
Түйеқұс
|
22
|
Жарық пен радиотолқындар
|
300000000
|
2-кестеде көрсетілген қозғалыстардың барлығы бірқалыпты қозғалыс болып саналмайды. Тек дыбыс, жарық пен радиотолқын белгілі бір жағдайларда ғана тұрақты жылдамдықпен тарайды. Қалған денелердің жылдамдықтары қозғалыс процесінде өзгеріп отырады.
Дене немесе материялық нүкте жылдамдығының бағыты оң не теріс болуы мүмкін. Егер дене корордината осі бойымен оң бағыта қозғалса, онда жылдамдықтың бағытын оң деп алу келісілген. Ал егер дн нүкте координата осіне қарама-қарсы қозғалса, онда жылдамдықтың бағытын теріс деп алу қажет.
Мысалы , координата осін жоғары бағыттап, сол бағытта допты лақтырсақ, онда оның жоғары көтерілгендегі жылдамдығының бағыты оң болады, ал төмен түскендегі жылдамдығының бағыты теріс болады.
49-суретте денелердің жылдамдықтарының бағыты көрсетілген.
Өйткені жылдамдық сан мәнімен( модулімен) қатар бағыты бойынша да сипатталады, яғни векторлық шама болып табылады.
Бірқалыпты қозғалыстағы дененің жылдамдығы мен уақытын біле отырып, дененің жүріп өткен жолын есептеуге болады s = vt.
Сонымен, бірқалыпты қозғалыс кезіндегі жүрілген жолды табу үшін дененің жылдамдығын қозғалыс уақытына көбейту керек.
Егерде жүрілген жол мен жылдамдық белгілі болса, онда қозғалыс уақытын табуға болады.
Сонымен, қозғалыс уақытын табу үшін дененің жүріп өткен жолын оның жылдамдығына бөлу керек.
ҮІ . Ойды қорыту стратегиясы жаңа сабақты бекіту
1) Есептер шығару
178 (К)
Жүргізудің нормасын «өте жақсыға » орындауүшін қыз 60метрді 9,6секунта жүріп өтуі керек. Сонда қыз қандай жылдамдықпен жүгірген?
№121(Л)
Поезд 30 секундта 72 км/сағ жылдамдықпен бір қалыпты қозғалады. Осы уақыт ішінде поезд қанша жол жүреді?
123(Л)
Ағыстың жылдамдығы 0,5 м/с өзенмен жүзіп келе жатқан қайық 15 км қашықтықты қанша уақытта жүріп өтеді?
№116 (Л)
Қоянның жылдамдығы 15м/с,ал дельфиннің жылдамдығы 72 км/сағ. Олардың қайсысы үлкен жылдамдықпен жүреді.
2) «Балық қаңқасы»
Бірқалыпты қозғалыс дегеніміз не?
Бірқалыпсыз қозғалыс дегеніміз не?
Жылдамдықтың ХЖ-дегі өлшем бірлігі қандай?
Жүрілген жолды қалай анықтаймыз, формуласын жаз?
Жол жүруге кеткен уақытты қалай анықтаймыз, формуласын жаз?
Жылдамдықты қалай анықтаймыз, формуласын жаз?
Дененің жылдамдығы немен сипаталады?
ҮІІ Еркін ізденіс стратегиясы: үйге тапсырма§ 17,18.5-жаттығу
ҮІІІ Бағалау
Рефлексия
Достарыңызбен бөлісу: |