Курсы: ,2 Семестр: 1, 2, Барлық аудиториялық сабақ саны 170


Күрделі нақ осы шақтың жіктелу үлгісі



Pdf көрінісі
бет99/151
Дата09.03.2022
өлшемі3,95 Mb.
#134708
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   151
Байланысты:
УМКД-по-каз.яз.-ЖУЛДУБАЕВА-Г.И.

Күрделі нақ осы шақтың жіктелу үлгісі
жақ
жекеше
Көпше
І
оқып отырмын
оқып отырмыз
ІІ
оқып отырсың
оқып отырсыңдар
оқып отырсыз
оқып отырсыздар
ІІІ
оқып отыр
оқып отыр
Сағат
Мыңдаған жылдар бұрын адамдарға уақытты дәл білу онша қажет болмады. Олар күн
шыға оянып, күн бата ұйықтаған. Біртіндеп өмір күрделене бастаған да, сағаттың 
қажеттілігі туып, рөлі артты.
Уақытты санаудың ең алғашқы қарапайым құралы күн сағаты болған. Ол бұдан 3500 
жыл бұрын пайда болды. Бірақ күн бұлтты күні бұл сағат қолайсыз болды. Сондықтан 
адамдар су сағатын ойлап тапты.


Су бір ыдыстан екінші ыдысқа тамшылап тұрады. Бірінші ыдыстың суы біртіндеп 
азайып уақыттың дәл мезгілін білдіреді. Құм сағаты да осылай жұмыс істейді.
Механикалық сағаттар жөніндегі деректер VІ ғасырдың аяғында-ақ белгілі болған. Ол 
туралы ғалымдар Византиялық қолжазбалардан тапты. Мұнда сағаттың бір ғана тілі 
болған.
Голландиялық ғалым Х.Гюйгенс 1657 жылы маятникті сағат ойлап тапты.
Ең алғашқы сағаттар қалта сағаты деп аталған, өйткені олар киімнің қалтасына 
салынатын болған. Қалта сағатының алтын не күміс шынжырының екінші басында 
сағатты бұрап отыратын кілті болған. Қазіргі кезде қалта сағаты сәннен шыға бастады.
Кейіннен қол сағаты пайда болды. Ең алғашқы қол сағатын 1910 жылы Роллекс 
компаниясы жасап шығарды.
Сағаттың өмірде алатын орны ерекше: жүректің соғуы, теңіз суының көтерілуі мен 
қайтуы, күннің шығуы мен батуы, жыл мезгілінің алмасуы - бәрі белгілі бір уақытпен 
өлшеніп, анықталып отырады.
Сөздік
Біртіндеп - постепенно дәл - точный
күрделене бастау - начать усложняться құм - песок
рөлі артты - возросла роль дерек - факт
қажеттілігі туды - возникла необходимость қалта – карман
кілт - ключик


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет