Курсы: ,2 Семестр: 1, 2, Барлық аудиториялық сабақ саны 170


Өнер төрінен орын алған өнерпаздар



Pdf көрінісі
бет116/151
Дата09.03.2022
өлшемі3,95 Mb.
#134708
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   151
Байланысты:
УМКД-по-каз.яз.-ЖУЛДУБАЕВА-Г.И.

Өнер төрінен орын алған өнерпаздар
Қазақ халқы қашаннан да өнерпаздарға өте бай және өнерпаздар өнер салаларының 
бәрінде де көп. Кеңес дәуірінен бергі замандағы әншілеріміздің өзін түгел атап шығу 
мүмкін емес. Ерте заманда Ақан Сері, Біржан сал, Сара, Майра сияқты әншілерімізді қазақ
халқы өте құрметтеп, олар туралы талай аңыз, әңгімелер, поэмалар шығарып, пьесалар 
жазып, опералар қойып жүргені белгілі.
Құрманғазы, Тәттімбет, Дина сияқты күйшілерімізді білмейтін қазақ жоқ, олар қазақ 
халқының сый- құрметіне бөленген, күй тәңірі саналған.
Бертін келе қазақ халқының театрлары ашылып, онда Күләш Бәйсейітова, Қанабек 
Бәйсейітов, Құрманбек Жандарбеков, ағайынды Абдуллиндер, Ермек Серкебаев, Әлібек 
Дінішев, Үмбетбаев, Бибігүл Төлегенова сияқты әншілеріміз әлемді тандандырғаны 
белгілі және олар қазақ опера театрының негізін қалады.
Қазақ биінің негізін қалаған Шара Жандарбекова бидің тәңірі десе де тұрарлық.
Театр әртістері Серке Қоржамқұлов, Қалыбек Қуанышбаев, Шәкен Айманов, Хадиша 
Бөкеева, Қапан Бадыров, Бикен Римова, Шолпан Жандарбекова, Асанәлі Әшімов, Зәмзәгүл
Шәріпова, драматург Шаяхмет Хұсайынов сияқты атақты таланттар қазақ драма 
театрының іргетасын қалаған.
Ал өлмес, өшпес өнер қалдырған композиторларымыз қаншама: Ахмет Жұбанов, 
Нұрғиса Тілендиев, Мұқан Төлебаев, Әбілахат Еспаев, Шәмші Қалдаяқов, Әсет Бейсеуов, 
Илья Жақанов, Ескендір Хасанғалиев, тағы басқалардың шығармалары, әндері халық 
есінде әлі сақталған, сахна төрінде орындалуда.
Мәтінмен жұмыс
1.Мәтінді мәнерлеп оқу
2. Мәтінді аудару
3. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру
Үстеулер білдіретін мағынасына қарай мынадай түрге бөлінеді:
1. мезгіл үстеу
2. мекен үстеу
3. сын-қимыл (бейне) үстеу
4. мөлшер үстеу
5. күшейту (күшейткіш) үстеу
6. мақсат үстеу
7. себеп-салдар үстеу


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет