Презентация пәннің атауы: «Экология және өмір қауіпсіздігі»



бет1/9
Дата30.03.2023
өлшемі1,23 Mb.
#173381
түріПрезентация
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
экология
С бағдарламалау, Лекция-3.-Производные-ароматических-кислот-и-их-солей, ФИЛОСОФИЯ студенттеріме (1), Ана тілі кітабы, 2сынып Қазақ тілі 14-15 саб

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі» кафедрасы
Мамандық: 6В01402 – «Дене шынықтыру және спорт мұғалімін даярлау»
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Пәннің атауы: «Экология және өмір қауіпсіздігі»
Орындаған: 1402-21 оқу тобының студенттері:Туймебай С. Асанхан С. Құттыбай А. Қалыбек Д. Сатыбалдиев Қ.
Қабылдаған: Сартбаева Г.М
Жоспар:
1.Табиғат ұғымына анықтама.
2.Ресурстардың жіктелуі.
3.Табиғи қорларды пайдаланудың жалпы инженерлік шаралары.
4.Қоршаған ортаны бағалаудың экономикалық көрсеткіштері мен аспектілері.
5.Табиғатты қорғаудың теориялық негіздері.
6.Қазақстанның қазба байлықтары
Тақырып:Табиғи ресрустар және табиғатты ұтымды пайдалану тұрақты дамудың аспектісі
Адам шарушылық қарекетінде табиғатпен байпанысты, оған тікелей немесе аралық әсерін тигізеді.
Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас мәңгілікті және сонымен қатар тұтас күрделі мәселе.Халықтың өмірлік қарекетіне,әсірісе денсаулығы мен өсіп-өнуіне,тікелей немесе әлеуметтік-экономикалық жағдай арөылы жанама түрде табиғи ортаның құрауыштары мен олардың жиынтығы-атмосфералық ауа,табиғи сулар,топырақ жамылғысы,геологиялық құрылым,өсімдіктер мен жануарлар,сонымен қоса төтенше құбылстар мен барлық биосферада жүретін процестер ықпал жасайды.Табиғат арқылы адамзат өзінің көптеген қажеттілігін қамтамасыз етеді.
Табиғатдегеніміз мезгіл мен кеңістікте шексіз, тұрақты қозғалыста, өзгеруде,дамуда болатын бейорганикалық және органикалық дүние.Бұл адамзат қоғамының өмір сүруіне қажетті әлемдегі бүкіл материалдық-энергетикалық,информациялық және әртүрлі табиғи құблыстардың жиынтығы.
Адам күрделі «табиғат-қоғам» жүйесінің бір бөлігіне жатады.Қоғамның материалдық,мәдени,тағы да басқа мұқтаждығын қанағаттандыру үшін қазіргі кезеңде немесе болашақта қолданылатын табиғи ортаның құрауыштары мен табиғи құбылыстары табиғи ресурстар деп аталады.Оларға атмосфералық ауа,су,топырақ,кен байлықтары,күн радиациясы ауа-райы,өсімдіктер мен жануарлар әлемі,жер қабатындағы жылу энергиясы,т.б. жатады.
Табиғи ресурстар әртүрлі жолмен жіктеледі: қол жетерлікке (іске асатын немесе нақтылы және потенциалды),пайда болуына (табиғи,антропогендік), химиялық табиғатына (органикалық,миниралдық),көздері мен орналасуы (жер,су,кен,өсімдіктер,орман),қолдану міндетіне (өнеркәсіптік, ғылми, эстетикалық,рекреациалық),пайдалану өрісіне (энергетикалық,шикізат,тамақ) байланысты.Ресурстар сонымен қатар бастапқы (тікелей табиғаттан алынатын) және қосымша материалдық (әртүрлі өндіріс салаларының утилдеуге жататын қосалқы өнімдері) болыпта бөлінеді.
Таусылуына байланысты табиғи ресурстар сарқылатын және сарқылмайтын болып екіге бөлінеді.
Табиғат ресурстарын бірнеше белгілері бойынша жіктейді. Олар атмосфералық,су,өсімдіктер,жануарлар,топырақ,қазба байлықтар,энергетикалық және т.б. болып бөлінеді.Ең жиі жиі қолданылатын жіктелу ресурстардың сарқылу жылдамдығы немесе қалпына келуіне байланысты. Табиғи ресурстар басқа ресурстармен алмасты-руға болатын (мысалы,метал-дардың пластмассалармен) Қалпына келмейтін Қалпына келетін Салыстырмалы қалпына келетін Сарқылмайтын Сарқылатын Алмастыруға болмайтын (мысалы,атмосфера,су) Ресурстардың сарқылуы бойынша жіктелуінің маңызы – ол адамды қолданылуы анағұрлым приоритетті ресурстарды пайдалануға бағыттайды.Оларға ең алдымен сарқылмайтын ресурстар жатады.Бұл ресурстарды пайдаланудың қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсері айтарлықтай болмайды.Адам оларды толық пайдалануға мүмкіндік беретін жолдарын жасауы қажет.Екіншіден,қалпына келетін ресурстарды пайдаланудың болашағы бар.Мысалы,өсімдіктер,жануарлар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет