Еңбек өнімділігін төмендетуден туындайтын проблемалар. Адам және табиғат бір-бірінен ажырамайды және бір-бірімен тығыз байланысты. Адам үшін, сондай-ақ түгелдей қоғам үшін де табиғат тіршілік ету ортасы және өмір сүруге қажетті ресурстардың жалғыз көзі болып табылады. Табиғат және табиғат ресурстары - адамзат қоғамының өмір сүретін және дамитын базасы, адамдардың материалды және рухани мұқтаждықтарын қанағаттандыратын түпдерегі.Адам – табиғат бөлігі және биологиялық түр ретінде өзінің тіршілік етуінде басқа көптеген түрлер сияқты ұзақ уақыт табиғатқа әсер етті. Бірақ кейінірек табиғатқа адам әрекетінің масштабы мен тереңдігі кеңейгенде табиғатты қорғау түсінігінің мазмұны мен барысы өзгерді. Қазіргі кезде «табиғатты қорғау» деп табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға, өндіруге, қорғауға және табиғи ортаны ластану мен бұзылудан қазіргі және болашақ ұрпақтың материалды және рухани мұқтаждықтарын қанағаттандыру мүддесіне сақтауға бағытталған халықаралық, мемлекеттік және қоғамдық жүйесін айтады. Басқаша айтқанда, табиғатты қорғау – бұл адамзат қоғамы мен табиғат арасындағы өзара қатынастарды оптимизациялау бойынша жасалған шаралар жүйесін іске асыру. Табиғатты қорғау мәселесі қазіргі заманның ғылыми-жаратылыстану және әлеуметтік-экономикалық мәселелерінің маңыздысының бірі болып табылады, оның дұрыс шешімінен адамзаттың өмір сүруінің игілігі тәуелді. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен қорғау үшін оны жіктеудің маңызы зор.
Бастапқыда табиғат қорғау шараларының негізгі мотиві материалды игіліктерге деген қамқорлық болса, ал қазіргі уақытта табиғатты қорғаудың мақсаты одан әрі кеңейді және әрқилы болды. Табиғатты қорғаудың келесі аспектілерін бөлуге болады: Экономикалық аспектісі – адамдар экономикасындағы табиғи ресурстардың үлкен роль атқаратындығымен анықталады. Сауықтыру-гигиеналық аспектісі – ірі индустриалды аудан аймақтарындағы табиғаттық жедел өзгеруі, судың, ауаның және топырақтың өнеркәсіптік қалдықтармен және шығарылымдармен ластануы, жер шарының кейбір аудандарында ядерлік және сутектік қарулардың сынақтары нәтижесінде адам денсаулығына, тіпті халықтың біршама бөлігінің тұқым қуалаушылығына қауіп төнеді. Тәрбиелік аспектісі – табиғатқа деген сүйіспеншілік, оған ұқыпты қатынас дағдылары, тірі тіршілік иелеріне қамқорлық, патриотизм, мінез-құлықтың жағымды жақтарын қалыптастырады. Эстетикалық аспектісі – адамның эстетикалық қажеттілігін қанағаттандыра алатын табиғи кешендерді күту және сақтау. Ғылыми-танымдық аспектісі – Табиғаттың дамуын танып білу үшін, болашақта оны бөлшекті түрде зерттеу үшін организмдердің барлық түрлерін, табиғатқа тән учаскелерді және оның жеке туындыларын сақтау.