Әскери әрекет жасалатын ауданының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын бағалау белгілері
Санитарлық-эпидемиологиялық барлау–медициналық барлаудың бір бөлігі. Бұл медициналық қызметпен әскердің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын, олардың орналасу ауданын және алдағы болатын соғыс әрекетін, әскердің жылжу бағытын, ықтимал қарсылас әскерінің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын, олардың орналасу ауданын және медициналық қызметтің жағдайын, жергілікті тұрғындар мен басқа да контингенттерден, табиғи ошақтардан немесе қарсыластың әскерінен әскерге жұқпалы аурулардың ену мүмкіндігін анықтайтын, олар туралы мәліметтер жинайтын шаралар жиынтығы.
Санитарлық-эпидемиологиялық барлау әскердің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайына қолайсыз әсер ететін факторын анықтап және дер кезінде эпидемияға қарсы нәтижелі шараларды ұйымдастыру мақсатында жүргізіледі. Санитарлық-эпидемиологиялық барлау әскердің орналасу ауданында немесе қайда да бір орын ауыстырғанда, әскери ұрысқа дайындық кезеңінде, ұрыс кезінде және оның аяқталған кезінде жүргізіледі. Санитарлық-эпидемиологиялық барлау санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыруда аса маңызды орын алады және барлық медициналық қызметтің бөлімшелерінен оны жүргізе білуді талап етеді.
Қазіргі кезде биологиялық барлауды жүргізу қажеттілігі тууы мүмкін, бұлар: қарсыластың биологиялық қаруды қолдану туралы дайындығын анықтау мақсатында, егер қолдана қалса биологиялық қарудың заттарын жою мақсатында жүргізіледі.
Санитарлық-эпидемиологиялық барлауды жүргізілу және дайындық кезеңдері:
дайындық кезеңі, бұл кезде барлау жүргізілетін ауданмен алдын ала танысу жүргізіледі, міндеттер қойылады;
барлауды жоспарлау, қажетті күш пен қару бөлінуін, барлау нысаналарын анықтауды, мерзімін бекіту, байланыс түрін, сонымен қатар, барлау кезіндегі ақпарат тарату кезеңділігін пысықтау;
әскерге жұқпалы аурулардың енуіне кедергі жасауға ұсыныстар мен шешім дайындап, тұрғылықты жерге барлау жүргізу;
барлаудың қорытындысын дайындау және эпид. барлаушының есеп картасын дайындау.
Санитарлық-эпидемиологиялық барлауды жүргізудің жоспары:
санитарлық-эпидемиологиялық барлаудың нысаналары мен міндеттері;
барлаушы топтардың құрамы, олардың жабдықталуы, жүру бағыттары;
барлаудың басталу және аяқталу уақыты;
санитарлық-эпидемиологиялық барлаудың қорытындысы бойынша (ауызша баяндама) мәліметтерді дайындау тәртібі, орны және мерзімі.
Санитарлық-эпидемиологиялық барлау туралы мәліметтер медициналық қызметтің аға бастығына баяндалады және сызбаға немесе сызба-картаға түсіріледі. Картаға түсірілген бұл сызба эпид. барлаушының есеп картасы болып табылады және жүргізілген санитарлық-эпидемиологиялық барлаудың есеп беру құжаты болып саналады. Дұрыс ұйымдастырылып, жүргізілген санитарлық-эпидемиологиялық барлау әскери бөлімшелерді эпидемиологиялық ошақтармен жанасудан сақтайды және әскердің арасындағы жұқпалы аурулардың пайда болуын және енуін ескертеді, әскердің эпидемиологиялық қолайлылығын қамтамасыз етеді.
Санитарлық-эпидемиологиялық барлауды әскери, армиялық және майдандық деп бөледі.
Әскери санитарлық-эпидемиологиялық барлау (бірінші эшелон) барлық аймақта алдынғы шеп пен қосымшалардың тылына дейін медициналық құраммен жүргізіледі, оларға ротаның саниатарлық нұсқаушысы, батальон фельдшері, полктың медициналық пункттерінің санитарлық-эпидемиологиялық взводының мамандары және санитарлық-эпидемиологиялық зертхана жатады.
Олар медициналық барлаудың барлық элементтерін орындайды. Бұл кездегі жұмыстың негізгі әдісі сұрастыру және көзбен шолып тексеру, зертханаларға жіберуге сынамалар алу болып табылады. Бұл үшін санитарлық-эпидемиологиялық барлауға бөлінген медициналық қызметкерлер сыртқы орта нысаналарынан алынатын сынамалар (су,топырақ, буынаяқтылар) үшін қажетті құрал-жабдықтармен және науқастардан алынатын бөліністер үшін (құсық, қақырық, нәжіс, қан және т.б.) қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі қажет.
Санитарлық-эпидемиологиялық барлауды жүргізудегі медициналық қызметтің әскери бөлімшелерінің міндеті болып табылады:
жұқпалы аурулардың ошақтарын анықтау;
әскерді жұқпалы аурулар ошақтарымен қатынаста болмауын ескерту;
әскерді сапалы тағам және сумен қамтамасыз етуді медициналық бақылау;
санитарлы-эпидемиологиялық барлаудың жоғарғы эшелонын (армиялық, майдандық) ақпараттау;
индикация үшін сынамалар алу және оларды зерттеу үшін бригаданың медициналық ротасының зертханасына, қосымшалар СЭЗ-на, майданның санитарлы-эпидемиологиялық жасағының зертханасына материалдарды жіберу.
Қосымшалар эпидемиологы барлаудың мәліметтерін жинақтайды және қажетті эпидемияға қарсы шараларды дайындайды.
Армиялық санитарлық-эпидемиологиялық барлау (екінші эшелон) әскери медициналық бригаданың санитарлы-эпидемиологиялық жасағының мамандарымен, бірлестіктің медицина қызметінің күштерімен және құралдарымен жүргізіледі.Оны армияның эпидемиологы арқылы бірлестіктің медицина қызметінің бастығы ұйымдастырады. Бұл барлаудың нысаналары әскердің жылжу бригадасындағы үлкен тұрғындар пункттері, жылжымалы базалар мен басқарма пункттерінің орналасу аудандары, тағам қоймалары, ықтимал қарсыластың аймағындағы жұқпалы аурулар ауруханалары болып табылады. Жергілікті тұрғындардың, әскери тұрғындардың, қашқындардың, жер ауыстырып келгендердің санитарлы-эпидемиологиялық жағдайына үлкен көңіл бөледі. Бірінші эшелонның жеке медициналық бригадасының санитарлы-эпидемиологиялық жасағы биологиялық қарудың қолдану факторын, эпидемиялық ошақтардың шоғырлануы мен жойылуын, кең таралған сызба бойынша индикациялауды анықтайды, басқа да қызметтерден алынған эпидемияға қарсы сұрақтары бойынша мәліметтерді өңдеуді жүзеге асырады.
Майданның санитарлы-эпидемиологиялық барлау (үшінші эшелон)майданның медициналық қызметінің күштері және заттарымен жүзеге асырылады. Негізгі тексеру нысаналары мен бақылау нысаналары госпитальді базалардың орналасу аудандары, тұрғындар пункттері, майдандық коммуникациялар және жол тораптары, қамтамасыз ету базаларының орналасу аудандары және басқарма пункттері болып табылады.
Майдандық санитарлық-эпидемиологиялық барлау майданның медициналық қызметінің бастығымен бірге майданның бас эпидемиологы арқылы ұйымдастырылады.
Санитарлық-эпидемиологиялық барлаудың негізгі міндеттеріне сай бұл барлаудың негізгі нысаналары: нақты тұрғындар пункті, үйлер, пәтерлер, аймақтық учаскелер және басқа да әскерге жұқпалы аурулардың енуіне немесе оның таралуына қауіп тудыратын нысаналар. Бұл барлауда келесі негізгі сұрақтар анықталады:
тұрғындар арасындағы жұқпалы аурулар сырқаттанушылығы;
үй жануарлары мен синантропты кеміргіштер арасындағы эпизоотия-ның болуы;
жұқпалы аурулардың табиғи ошақтарының болуы және олардың белсенділігі;
тұрғындар пунктінің санитарлық жағдайы (қоқыстарды жинау жүйесі, тағам және ауыз сумен қамтамасыз етілуі және т.б.);
жұқпалы ауруларды тасымалдаушылардың болуы;
тұрғындарды эпидемияға қарсы қамтамасыз ету жүйесі;
жергілікті ресурстардың болуы (санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау орталықтары, моншалар, санитарлық өткізгіштер, ауруханалар, дәрі-дәрмек қоймалары, дезинфекциялық станциялар).
Бұл мәліметтерді толығымен медициналық мекемелерден және ветеринарлық қызмет мекемелерінен алуға болады. Сонымен қатар нақты мәліметтерді басқарушы органдар мен тұрғындардан алуға болады. Сұрастырудан басқа тұрғындар пунктін, аймақты және оның жерлерін көзбен шолып тексеру жүргізіледі. Аурулар анықталады, аймақ пен тұрғындар пункттерінің санитарлық жағдайы анықталады. Қажет болған жағдайда науқастардан жұғындар алынады (диагнозды дәлелдеу үшін) және қоршаған орта нысаналарынан зертханалық зерттеуге сынамалар алынады.
Барлық мәліметтер тіркеледі де, барлауды ұйымдастырған басшыға ауызша баяндама түрінде немесе эпидемиологиялық барлаудың есеп картасы түрінде жеткізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |