Санитарлық, эпидемиялық барлау жұмыстарын бактериологиялық зақымдану ошағында ұйымдастыру
Бактериологиялық барлаудың мазмұны мен маңызы бактериологиялық қарудың зардабын жоюға, бактериальді агентті анықтауға, медико – тактикалық жағдайды жобалауға көмектеседі. Осы мақсатта ғылыми – зерттеу институттарында эпидемиологиялық барлау топтары ашылады.
Бактериологиялық барлау жұмыстарында міндетті түрде жануарларды және өсімдіктерді қорғау қызметі қатысады. Бактериологиялық барлауда бактериалды заттан сынама алудың маңызы өте зор. Сынаманы сыртқы ортадан, науқастан, өліктен, жануардан алады және олар 1 – 1 ½ сағ. ішінде индикация үшін лабораторияға жеткізіледі.
Бактериологиялық заттардың индикациясын жоғары дәрежелі маман бактериолог, вирусологтар жүргізу тиіс. Сондықтан ондай зерттеулер республикалық, облыс қалалық, санитарлық – эпидемиологиялық ғылыми – зерттеу институттарына жүктелген. Бактериологиялық барлауды тиімді жүргізу басшының міндеті. Бірінші кезекте сынамаға: ауа, әртүрлі заттардың жағындысын алу, зақымданған адамның мұрнынан жағынды алу. Басқа жағдайларда азық – түлік, ауыз су экспертизасында, қорытынды беруде, қолдану болатыны жағдайда ғана алынады. Бактериологиялық заттардың индикациясын анықтауда экспресс және жеделдетілген әдістер қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |