Курсы: ІІІ семестрі: V тақырыбы


Биологиялық барлауға түсініктеме, оның міндеттері. Әскерде биологиялық барлауды жүргізу және жалпы ұйымдастыру



бет25/29
Дата07.02.2022
өлшемі197 Kb.
#97112
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
метод-ПЗ-Тіршілік-қауіпсіздігінің-негіздері-Модуль-7

Биологиялық барлауға түсініктеме, оның міндеттері. Әскерде биологиялық барлауды жүргізу және жалпы ұйымдастыру
Биологиялық барлау–қарсыластың бактериялық қаруды қолдану дайындығына және оның қолдану фактісіне, бактериялық қарудың түрлеріне мәліметтер алуға арнайы басқарушылармен, барлаушы органдарымен және жеке қызметтермен жүргізілетін шаралардың жиынтығы. Биологиялық барлауды басқару медициналық қызметке жүктеледі. Биологиялық барлау медициналық қызметтің барлық звеноларымен, ротаның санитар нұсқаушыларынан бастап, майданның арнайы санитарлық-эпидемиологиялық мекемелерімен жүргізіледі және ұйымдастырылады.
Биологиялық барлау шешетін міндеттерді шартты түрде 3 топқа бөлуге болады:

  • қарсылас биологиялық қаруды қолдануға дайындығы және мүмкіншілігі туралы алынған мәліметтерді жинап талдау;

  • биологиялық қарудың индикациясы;

  • биологиялық шабуыл масштабын шамалап анықтау.

Биологиялық қаруды қарсыластың қолдануына дайындығын дер кезінде анықтауда биологиялық барлаудың мәліметтерін жинау және талдау жүргізіледі. Көптеген жиналған мәліметтерді бағалау үшін медициналық құзырлылық (компетенция) қажет болады. Бұл жерде нақты жағдайда әскерді әр түрлі ауруларға қарсы жаппай егу, биологиялық қарудан қорғануға арнайы қорғаныс заттарының (антибиотиктер, дезинфекциялық заттар және т.б.) қорын жинау қажет болады.
Биологиялық барлаудың негізгі әдістері:

  • қарсылас биологиялық қаруды қолданған аудандарды тексеру, әскер орналасқан аудандардың санитарлы-гигиеналық және эпидемиологиялық жағдайын бағалау;

  • жергілікті денсаулық сақтау органдарының, ветеринарлық мекемелердің және басқа да қызметтердің мәліметтерін жинау және нақтылау;

  • адамдардан, жануарлардан және сыртқы орта нысаналарымен алынған материалдарды зертханалық зерттеуге алу;

  • әскерде тұтқында болғандардан, әсіресе тұтқындағы медицина қызметкерлерінен жауап алғанда қатысу;

  • ықтималдық қарсыластан алынған құжаттарды зерттеу.

Биологиялық барлауды жүргізу және дайындық кезеңдері:

  • алдын-ала дайындық кезеңі, барлау жүргізілетін ауданмен алдын ала танысу және міндеттерді құру;

  • биологиялық барлауды жүргізуге жоспар құру, қажетті күштер мен құралдарды бөлу, биологиялық барлаудың нысаналарын, жүргізу мерзімін, байланыс түрлері мен әдістерін, барлау бойынша ақпарат тәртібін анықтау;

  • әскерде жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеу үшін тұрғылықты жерде биологиялық барлауды жүргізу;

  • барлаудың қорытындыларын дайындау және эпидемиологялық барлаушының есеп-беру картасын толтыру.

Биологиялық барлауға келесі талаптар қойылады: мақсаттылық, үздіксіздік, дер кезінде анықтау, жылдамдылық, нақтылық, белсенділік, сабақтастық.
Биологиялық барлауды жүргізу жоспарының мазмұнын құрайды:

  • биологиялық барлаудың нысаналары және міндеттері;

  • барлаушы топтардың құрамы, олардың жабдықталуы, жол бағыты;

  • биологиялық барлаудың басталу мен аяқталу уақыты;

  • биологиялық барлаудың қорытындылары туралы баяндамалардың мерзімі, орны және тәртібі.

Биологиялық барлауды және биологиялық қарудың индикациясын әскери ауданда бөлімшенің СЭЗ-ның командирі ұйымдастырады, ол жерде бактериологиялық зертхана ГАЗ-66 (ӘМЗ) автокөлік кузовында болады. Биологиялық барлау әскердің медициналық бригадасының СЭЖ-ның және майданның СЭЖ-ның күштерімен жүргізіледі. Оны әскердің эпидемиологы және майданның бас эпидемиологы ұйымдастырады. Әскердің жеке медициналық бригадасы және майданның медициналық бригадасы барлаудан, басқа да қызметтерден алынған мәліметтерді талдап, өңдеу жүргізеді. Тұрғылықты жердің зақымдалуы және анықталуы (акватории, ауа кеңістігі) туралы барлық мәліметтер тез арада бастықтарға баяндалады, одан әрі қарай әскерді және тылдағы басқа да нысаналарды биологиялық қарудың зардаптарын тез арада жою мақсатында хабарландырылады. Бөлімшелер мен мекемелерде тиісті оңашалау-шектеу шаралары жүргізіледі.
Биологиялық барлау кезінде алынған мәліметтер медициналық қызметтің бастығына баяндалады және картаға немесе сызба-картаға түсіріледі. Графикалық көріністерге түспейтін басқа да мәліметтер аңыз түрінде көрсетіледі. Осындай аңызы бар карталар мен барлаудың қорытындылары графикалық сызба түрінде көрсетілген карталар эпид.барлаушының есеп-беру карточкасы және жүргізілген биологиялық барлаудың есеп беру құжаты болып табылады.
Биологиялық зақымдалу масштабын шамалап анықтау радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау қызметтерімен, есептеу мәліметтері негізінде медициналық қызметпен арнайы, арнайы емес индикациясы әдістерімен шешіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет