9. Жаңа сабақты түсіндіру: 7 мин (20%)
10.Ақпараттық материалмен жұмыс
Биологиялық қару туралы түсінік және оның зақымдау қасиеттері
Қазіргі кездегі биологиялық қаруға (БҚ) – арнайы қару-жарақтар (авиациялық бомбалар, ракеталар, миналар, снарядтар) және биологиялық қоздырғыштар салынған (бактериялар, риккетсиялар, вирустар, биологиялық токсиндер) құралдар жатады. Олар адамдарды, жануарларды, өсімдіктерді зақымдауға немесе мемлекетке экономикалық шығын келтіруге арналған.
Биологиялық қарудың зақымдаушы әсерінің ерекшеліктеріне жатады:
жоғары потенциалды тиімділігі–адамдарды немесе жануарларды биологиялық қарумен аз мөлшерде зақымдауы және қысқа мерзім ішінде жаппай санитарлық жоғалту;
жұқпалылығы, яғни жұқпалы аурулардың ауру адамнан сау адамға жылдам жұғуы және жұқпалы аурулардың эпидемиялық таралу мүмкіншілігі;
жасырын кезеңнің (инкубациялық) болуы, биологиялық қарудың зақымдаушы әсері белгілі бір мерзім, яғни бірнеше сағат, бірнеше күндер және апталар өткеннен кейін ғана көрінуі;
әсер ету ұзақтылығы:
- спора түзетін микроорганизмдердің ұзақ уақыт бойы қоршаған ортада сақталуы: (cібір түйнемесінің споралары, сіреспе, газды гангрена);
- кейбір патогенді микроорганизмдердің тасымалдаушылар организмінде ұзақ уақыт бойы сақталуы:обаның қоздырғышы бүргенің организмінде өмір бойы сақталады (1 жылдай), кене энцефалитінің вирусы кененің организмін зақымдап қана қоймай, тұқым қуалайды (трансовариальді).
Қолданған БҚ түрін айқындайтын құралдардың жоқтығына байланысты анықтау қиындығы: уландырғыш және радиоактивті заттарды анықтау үшін химиялық және радиациялық барлаудың құралдары (ӘМ-ХБА және т.б.) болады. Қолданылған биологиялық қарудың түрін анықтау үшін арнайы адамдармен дайындалған күрделі және ұзақ зертханалық зерттеулерден кейін ғана жүзеге асырылады. Қазіргі кездегі экспресс әдістер (мысалы, люминесцентті микроскопиялық әдіс) зерттеуден 2-6 сағаттан кейін ғана жобалы жауап береді
пайда болып жатқан зақымдалулардың диагностикасының күрделілігі:
белгісіз қоздырғыштарды қолдану мүмкіншілігі; қазіргі кездегі алдын алу және емдеу препараттарына тұрақты жұқпалы аурулардың қоздырғыштарының штамдарын шығару;
биологиялық қарумен зақымдалудың басқа да жолдарының және зақымдаушы мөлшерінің көп болуы;
дезинфекциялық құралдарға тұрақты тасымалдаушылардың түрлерін қолдану;
адамдар, жануарлар және өсімдіктерге жұқпалы аурулар қоздырғыштарының көп мөлшерде болуына байланысты биологиялық қарудың бір бағытта таңдаулы әсер етуі;
күшті психологиялық әсер ету (қарсылас биологиялық қаруды қолдану туралы үрей туғызса, адамдарда қорқыныш пайда болады);
биологиялық қарудың химиялық және ядролық қаруға қарағанда өндірілуінің технологиялық қарапайымдылығы және арзандылығы;
жұқпалы аурулардың пайда болуына қолайлы жағдайлардың болуы;
әскерде және медициналық тасымалдау кезеңдерінде тәртіпті шектеу шараларды міндетті түрде жүргізу;
биологиялық қаруды кең масштабта қолдану күрделі экологиялық зардаптарға әкелуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |