Санитарлық бекет (СБ) – бұл мекеме аймағында (территориясында) зақымданғандарға және жарақат алғандарға біріншілікті көмек көрсететін медицина қызметкерлер санынан тұрады. Оның құрамына 4 адам кіреді: бекет бастығы, 3 санитарлық жасақ.
Санитария жасақтар (СЖ)мекемелерде, ұйымдарда және жоғарғы оқу орындарда жұмысшылар, қызметкерлер және студенттерден құралады. Санитарлық жасақтар жаппай зақымдану ошағында зардап шеккендері іздеуге және алғашқы медициналық көмек көрсетуге және оларды осы ошақтан шығаруға арналған. Сонымен қатар олар медициналық құрылымдар мен мекемелердің жұмысына да жұмылдырылады.
СЖ құрамында 24 адам кіреді: командир, орынбасары, байланысшы, жүргізуші және әр қайсысы 4 адамнан тұратын 5 санитарлық жасақ звеносы (2кесте).
2кесте- СЖ құрамы
Санитарлық жасақ звеносы келесі табельдік мүліктермен жабдықталған: 20 санитарлық дорба (сумка), аптечка және химияға қарсы пакеттер, газ сейілткіштер, санитарлықзембілдер, шендеуіштер (шина) жиыны (3 кесте). 1 сағат ішінде СЖ ядролық және химиялық ошақтарындағы 50 зақымдалған адамға алғашқы медициналық көмек көрсете алады.
3 кесте – санитарлық звенолардың жабдықталуы
СБ мен СЖ-ды медициналық мүлікпен алғашқыда ұйымдастырушы мекеме, ұйым қамтамасыз етеді, ал зақымдану ошағындағы жұмыс барысында алғашқы медициналық жәрдем отрядының медициналық қамтамасыздандыру бөлімшесімен толықтырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |