Арнайы эпидемияларға қарсы отрядтар (АЭҚО) арнайы эпидемияға қарсы ұжымдардың (обаға қарсы институттар, санитарлық –эпидемиологиялық станция) негізінде құрылады және олар аса қауіпті инфекция ошақтарында жұмыс істеуге арналған.
Санитарлық – эпидемиологиялық отрядтар – санитарлық эпидемиологиялық станцияларда, эпидемиология, микробиология институттары базасында құрылады. Санитарлық – эпидемиологиялық отряд – эпидемияға, бактериологиялық күшке қарсы жұмыс жасап, халықты зақымдалған ошақтардан сақтауды ұйымдастырады. Бұл бөлім құрамына: санитарлық – эпидемиялық, лабораториялық, дезинфекциялық бөлімшелер кіреді. Лабораториялық бөлімшенің құрамына: санитарлық – химиялық, бактериологиялық, радиологиялық лабораториялар кіреді.
Табельдік мүлік, автолабораториялар, дезинфекция – себізгілік құрылым, дозиметриялық құрал – жабдықтар, жеке қорғану заттары медициналық қамтамасыз ету базасының қоймаларында сақталады, олар тек рұқсатпен беріледі.
Санитарлық эпидемиялық барлау жұмыстары
Эпидемиялық барлау тобы (ЭБТ) – инфекция ошағында эпидемиологиялық тексеру, эпидемиялық барлау жүргізуге және сыртқы орта жұғындыларына сынамалар жасауға арналған. Әр инфекциялық ауру ошағында мұқият барлау жұмыстары орындалуы керек. Оның мақсаты – ошақтың көзін анықтау және инфекцияның алдын алуға бағытталған басты шараларды атқару.
Санитарлық эпидемиялық барлау – ТЖ ошағындағы санитарлық, гигиеналық жағдай туралы ақпаратты жинау және оны тарату, ауырғандарды анықтау, оларды оқшаулау және ауруханаларға жөнелту.
Егер мекемеде бір адам сырқатталса, ондағы ұжым бақылау нысаны болып саналады. Бірқатар инфекциялық ауруларда ұжымды күнделікті аралап, қызметкерлермен сөйлесіп, инфекцияға күдіктілерді анықтайды, аурудың белгілері барларды оқшаулайды және ауруханаға орналастырады.
Санитарлық, эпидемиялық барлау жұмыстарын бактериологиялық зақымдану ошағында ұйымдастыру
Бактериологиялық барлаудың мазмұны мен маңызы бактериологиялық қарудың зардабын жоюға, бактериальді агентті анықтауға, медико – тактикалық жағдайды жобалауға көмектеседі. Осы мақсатта ғылыми – зерттеу институттарында эпидемиологиялық барлау топтары ашылады.
Бактериологиялық барлау жұмыстарында міндетті түрде жануарларды және өсімдіктерді қорғау қызметі қатысады. Бактериологиялық барлауда бактериалды заттан сынама алудың маңызы өте зор. Сынаманы сыртқы ортадан, науқастан, өліктен, жануардан алады және олар 1 – 11\2 сағ. ішінде индикация үшін лабораторияға жеткізіледі.
Бактериологиялық заттардың индикациясын жоғары дәрежелі маман бактериолог, вирусологтар жүргізуі тиіс. Сондықтан ондай зерттеулер республикалық, облыс, қалалық, санитарлық – эпидемиологиялық ғылыми – зерттеу институттарына жүктелген. Бактериологиялық барлауды тиімді жүргізу басшының міндеті. Бірінші кезекте сынамаға: ауа, әртүрлі заттардың жағындысын алу, зақымданған адамның мұрнынан жағынды алу. Басқа жағдайларда азық – түлік, ауыз су экспертизасында, қорытынды беруде, қолдануға болатыны жағдайда ғана алынады. Бактериологиялық заттардың индикациясын анықтауда экспресс және жеделдетілген әдістер қолданылады.
«Санитарлы-гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралардың мазмұны және анықтамасы»
Санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралар халық арасында жұқпалы аурулардың туындап, таралмауын, денсаулықты сақтау және нығыйтуға бағытталған іс-шараларды атқарады. Бұл шаралар кешенді түрде жүргізіледі. Құрамы бойынша санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы деп бөлінеді.
Санитарлық-гигиеналық шаралар барлық бөлімшелерде жүргізіледі. Командир мен оның орынбасарлары аурудың алдын алу және өз әскер құрамының денсаулығын нығайтуға бағытталған шаралар жүргізеді.
Бригаданың медицина қызметінің міндеті:
- өз бөлімшелерінің денсаулық жағдайын медициналық бақылауға алу;
- тамақтану, сумен қамтамасыз ету, адамдарды жайғастыру, еңбек жағдайын, монша – жуыну қызметін, жеке бас гигиенасы мен ұжымдық гигиена жағдайларын санитарлық бақылау;
- өлген адамдарды көму кезіндегі барлық санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуын бақылау;
- су көздерін барлауға, су мен азық-түлік өнімдерін сараптау үрдісіне қатысу;
- санитарлық- эпидемияға қарсы бригада қызметшілердің гигиеналық
тәрбиесі.
Халықтың денсаулығы бақылау негізінен сырқат түрін талдау және ұжымға жаңадан келгендерді медициналық тексеру жүргізу арқылы іске асырылады. Медициналық тексеріс кезінде тәбеті төмен және физикалық дамуы әлсіз адамдар анықталады. Қажет жағдайда медициналық тексеру кезінде қан, зәр, кейбір функциональді сынамалар (капилярдың резистенттілігі, тері ішілік сынама, адаптометрия және т.б.) жүргізіледі. Ол үшін бөлімше дәрігерлерінен басқа, санитарлық бригада мамандары қатысады. Жеке құрамның денсаулығы зерттеу барысында бригаданың медицина қызметінің бастығы қажетті шараларды жасап, өзінің ұсыныстарын командирге баяндайды (қажет жағдайда бұйрық), командирдің бұйрығының орындалуын бақылайды.
Жеке құрамның тамақтануын медициналық бақылау келесі шараларды ұйымдастырудан тұрады:
- жеке құрамның сапалы тамақтануын бақылау РЗ, УЗ және БЗ зақымдалу аймағындағы азық-түлік сапасын тексеру;
- далалық тамақтану орындарын ұйымдастыру және жұмысын бақылау;
- қоймадағы азық-түліктің сапасын бақылау;
- азық-түліктің тасымалдау барысына бақылау жүргізу;
- шет елден келетін трофейлік азық-түлік және өнімдердің сарапатамасын ұйымдастыру;
- нан заводтарының және ет комбинаттарының және т.б. жұмысын бақылау;
- тамақтану өндірісіндегі қызметкерлерді тексерістен өткізу және денсаулығын бақылау;
- алиментарлы текті аурушаңдықты талдау.
Сумен қамтамасыз ету ұйымдастырылуын бақылауға кіреді:
- РЗ, УЗ, БЗ судың зақымдалуына жасалатын сараптамаға қатысу;
- сумен қамтамасыз етудің жоспарын жасауға қатысу;
- сумен қамтамасыз ету пункттерін тексеру;
- сі көзінің шаруашылық және ішуге қолдануға болатыны жайлы қорытынды беру;
- судың мөлшерлік нормаларын және су ішу тәртібін бқылау;
- жеке құрамның суды тазалайтын арнайы заттармен қамтамасыз етілуін тексеру.
Жеке құрамды орналастыруды бақылайтын медицина қызметінің негізгі шаралары, ең алдымен әскерлерге санитарлы-гигиеналық жағынан кері әсері бар жерлерді анықтау:
- орналасу, жарықтандыру, жылытудың нормаларының орындалуы;
- ұжымдық және жеке гигиена шараларының орындалу жағдайларының болуы;
- құрылыс және инженерлік құрылғыларды орналастырғанда санитарлы-гигиеналық шараларының орындалуы;
- территорияны дер уақытында тазарту және қалдықтар мен ластан залалсыздандыруды бақылау.
Жеке құрамның жуу-шаю қыметін санитарлық-гигиеналық бақылау, жеке гигиена ережелерін сақтау, жеке құрам ауруларының алдын-алу мен қауіпсіздігін сақтауда маңызды орын алады.
Көрсеткіштер бойынша жуу кезінде дезинфекция және дезинсекция өткізіледі. Медицина қызметі төсек-орынның, киім-кешек және аяқ киімдердің гигиеналық жағдайын, киімдерді т.б. паразиттерге қарсы заттармен жуылуын, сонымен қатар жеке құрамның моншада жуыну кезектілігін және сапасын бақылау болып табылады. Жеке құрамның моншаға баруы аптасына бір рет, киімдерін ауыстырып, дезинфекция жасау арқылы жүреді.
Жеке құрамның жуынуы барысында санитарлы инструктор дене бітім тексерісін жүргізеді, ол түрлі аурулар мен тері ауруларын өз уақытында анықтауға және алдын-алу шараларын жүргізуге мүмкіндік береді.
Әскердің жоғарғы техникалық қамтамасыз етілуі шартына байланысты әскери қызметтің шарттарында медициналық бақылауға кіреді:
- ракеталық қалдық заттармен, техникалық улы заттармен жұмыс жасайтын жеке құрамды бақылау;
- радиолокациялық станцияларда лазерлік және иондаушы сәуле көздерімен жұмыс істейтіндерді бақылау;
- қорғаныш киімдерімен жеке құрамды жабдықтандыруды бақылау.
Қазіргі заманғы соғыс шарттарына байланысты, яғни әскер жеке құрамасы мен азаматтарды жоғалту аудандарында ұрыс алаңдарын тазарту және қаза тапқан жауынгерлерді көмуде санитарлық-гигиеналық талаптарды орындаудың маңызы үлкен.
Эпидемияға қарсы іс-шаралар жеке құрамның арасында инфекциялық ауруларды ескерту қызметін атқарады, ал пайда болған жағдайында эпидемиялық ошақтың тез арада жоюын жүргізу және аурудың таралуын болдырмау.
Санитарлық бригаданың медицина қызметкерлері келесі негізгі эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізеді:
- жаңадан келіп жатқандарды медициналық бақылау;
- созылмалы инфекциялық ауру түрлерімен және залалдану қаупі бар тұлғаларды анықтау;
- инфекциялық науқастарды ерте анықтап, изоляциялау, медициналық пунктте инфекцияның таралуын болдырмау шараларын жүргізу;
- егу профилактикасы мен шұғыл алдын-алу шараларын жүргізу;
- эпидемиялық ошықтары дезинфекция, дезинсекция, дератизация;
- санитарлық-ағарту жұмыстары.
Бұдан басқа медицина қызметінің басшыларының ұйымдастыруымен басқа да қызметкерлердің қатысумен жүретін эпидемияға қарсы шаралардың өткізілуіне қатысады. Оларға жататындар:
- аурулардың инфекциялық табиғи ошақтарынан жеке құрамның залалдануын ескерту шаралары;
- бөлімдер және бөлімшелерде инфекциялық аурулар туындағанда (аса қауіпті инфекциялар) немесе қарсылас БҚ қолданғанда изоляциялық-шектеу шараларды (обсервация, карантин);
- эпидемияға қарсы бағытталған санитарлық-гигиеналық шаралар.
ТЖ туындағанда инфекциялық ауру пайда болғанда міндетті түрде мына шаралар ұйымдастырылады және іске асырылады:
- инфекциялық ауруға күдікті науқастарды немесе азаматтарды ерте анықтап изоляциялау;
- инфекциялық ауруларды эвакуациялау және госпитализациялау;
- инфекция ошағын залалсыздандыру (дезинфекция, дезинцекция, дератизация т.б.);
- науқастар қатынаста болған адамдары анықтап, оларды бақылау немесе изоляциялау;
- инфекциялық ауру анықталған бөлімдерде алдын-алу заттарын қолдану (вакциналар, сарысу, антибиотик, сульфаниламидтер т.б.);
- пайда болған эпидемиялық ошақты инфекция көзі және оның таралуын анықтау үшін эпидемиялық зерттеу жүргізу;
- жойылған ошақтарды эпидемиялық бақылау.
Мамандандырылған медициналық көмек бригадасы (ММКБ)
ММКБ – ның негізгі міндеті – зардап шеккендерге мамандандырылған медициналық көмек көрсету.
ММКБ көбінесе медициналық институттар, дәрігерлердің біліктілігін жоғарылату институттары, ҒЗИ негізінде, ал кей кезде өз құрамында дәрігерлері – жоғары біліктілікті мамандары бар ірі клиникалық ауруханаларда құрылады.
Бригаданың буылып – түйілген арнайы дәрігерлік құрал – саймандары бар, олар автомобильге тиелген. Бригаданың негізгі жұмыс орны қалыпқа келтірілген ауруханалар мен сұрыптау – эвакуациялық госпиталдің (СЭГ) мамандандырылған бөлімдері және АҚМҚ бас ауруханасы. Алайда, зардап шегушілердің жаппай келіп түскен алғашқы тәулігінде, оларды алғашқы дәрігерлік көмек көрсету жөніндегі жұмыстарды нығайту үшін уақытша жұмыс істеуге АДКЖ – ға жіберу мүмкін.
Мамандандырылған медициналық көмек бригадасы (ММКБ)
5
отроирто
Фельдшер (медбике) - 2
Жүргізуші - 1
Бригада командирі Жеңіл
Аға дәрігер-маман -1 автомобилі - 1
Дәрігер – маман - 1
Ескерту: профильді, нейрохирургиялық, травматологиялық, күйіктік, токсико – терапевтік және басқалар ретінде құрылуы мүмкін.
Материалдық – техникалық қамтамасыз ету
газқағар -5 6. Жеңіл автомобиль -1
респиратор - 5 7. Жиналмалы жорық үстел -1
радиохабар тарататын ауыспалы 8. Халат: қара -2
транзистрлік қабылдағыш -1 ақ -2
Дара дәрі қорап АИ -2 -5
Химияға қарсы дара пакет
ИПП-8, 8а, 10 -5
Ескерту: жергілікті жердің жағдайлары мен мүмкіндіктеріне байланысты қосымша керек-жарақтар.
Атауы
|
Саны
|
Жеке құрам:
Техника:
|
5
1
| Жұмыстың 10 сағат ішіндегі болжамды мүмкіндік:
Мамандандырылған медициналық көмек бригадасы:
хирургиялық профилді бригада орта есеппен 8-10 зардап шегушіге мамандандырылған көмек көрсетеді.
11. Жаңа тақырыпты бекіту. 15 мин(25%)
Бақылау тапсырмаларды орындау:
кесте
кесте
12. Сабақты қорытындылау. 3 мин (10%)
13. Үйге тапсырма ТЖ ошағында індетке қарсы және санитарлық-гигиеналық іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз етуді қалыптастырудың міндеттері мен мақсаттары.
Қ- 3,9-11 бет , АҚ және ТЖ медицина кызыметінің лауазымды тұлғаларына арналған оқу құралы 32-39 беттер 2 мин(5%)
Сабақтың тақырыбы: Модуль 6. ТЖ ошағында індетке қарсы және санитарлық-гигиеналық іс-шараларды жүргізуді ұйымдастыру
№3 Сабақ: ТЖ ошағында індетке қарсы және санитарлық-гигиеналық іс- шараларды жүргізуді қамтамасыз етуді қалыптастырудың міндеттері мен мақсаттары
1.Сағат саны: 45 мин (100%)
2.Сабақ түрі: тәжірибелік
3.Сабақтың мақсаты:
оқыту: ТЖ ошағында індетке қарсы және санитарлық-гигиениялық іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз ететін және жұмыс істейтіндердің негізгі қалыптасуларын оқып-үйрену;
тәрбиелік: әкімшілік аумағына тәуелді ТЖ ошағында жұмыс істеп жүрген санитарлық-эпидемиялық бригадалардың санын санауды жіті меңгеруге баулу;
дамыту: қалыптасудың міндеттері мен мақсатын, топ және топтар арасындағы қарым-қатынасты дамыту.
4. Оқыту әдісі: пікірталас, бейне материалдар көру, кіші топта жұмыс істеу,бақылау тапсырмаларын орындау
5. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а)техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.
ә)көрнекі және дидактикалық құралдар:презентация, кестелер, суреттер,
кеспе қағаздары, бақылау тапсырмалары.
б) оқыту орны: 116 аудитория.
6.Әдебиеттер:
Негізгі:(Н)
1. Баубеков С. Ж. Өмір қауіпсіздігі негіздерін оқытудың әдістемесі : оқу құралы: 0109000 - Тіршілік қауіпсіздік негіздері және валеология. - Алматы : Эверо, 2013.
2. Нәбиев Е. Н. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері: оқу құралы. - Астана:Б.ж 2012.
3. Немеребаев М. Н. Тіршілік қауіпсіздігі: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2012.
4. Тайжанов С. Өмір қауіпсіздігі негіздері: оқу-әдістемелік құрал / С. Тайжанов. - Алматы : Эверо, 2010
5. Төтеншежағдайлардазардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 1 бөлім. Болуы ықтимал апат оқиғалары (Жер сілкінісі). Бір демалыс күнінің оқиғалары(Сәтсіз сапар) = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 1 : жаднама. - Алматы : Б. ж., 2006.
6. Төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 2-бөлім = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 2 : жаднама . - Алматы : Б. ж., 2006.
7. Төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру : оқулық / О. Д. Дайырбеков [ ж. б.]. - Шымкент : ОөмМА баспаханасы, 2000.
8. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности". Кн. 1: учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2005.
9. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности.Кн. 2; учеб. пособие. - Алматы : Б. ж., 2005.
10. Фефилова, Л. К. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учебник для студентов средних мед.учеб. заведений. - М. : Медицина, 2005.
11. АлдешевА. А. Введение в сестринское дело. Безопасная больничная среда. Инфекционная безопасность и контроль:учебное пособие / А. А. Алдешев. - Шымкент : Б. и., 2005.
12. Саудабеков К. Е. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни: учебное пособие. - Алматы :КазГЮУ, 1999.
13. ҚР АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық – Алматы: 2000ж., 196 бет.
14. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, І кітап, Алматы: 2003ж. 240бет
15. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, ІІ кітап, Алматы: 2003ж. 240бет
16. Нәбиев Е. Н.Апат медицинасы: оқу құралы. - Астана : Б. ж., 2012.
17. ҚР Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы, Алматы: 2009ж.
Қосымша:(Қ)
1. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.
2. Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.
3. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс : энциклопедиялық анықтамалық / бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011.
4.ТЖ және Ақ саласындағы басшылық құрамының біліктілігін арттырудың Республикалық курстарының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылған оқулық: оқулық. - Алматы : Б. ж., 2008.
5.ТЖ-да зардапшеккендергепсихологиялықкөмеккөрсетубойыншажаднама.3-бөлім = Памятка населению по оказанию психологической помощи пострадавшим в ЧС. Ч. 3-і:жаднама. - Алматы : Б. ж., 2008.
6. Төтенше жағдайлар жүйесінде қолданылатын орысша - қазақша терминдер сөздігі = Русско - казахский словарь терминов, применяемых в системе чрезвычайных ситуаций : сөздік. - Алматы : Б. ж., 2006.
7. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары : заңдар. - Астана : Б. ж., 2005.
8.Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық : нұсқаулық. - Алматы : Б. ж., 2003
9.Пособие в помощь слушателям Республиканских курсов повышения квалифиации руководящего состава в области ЧС и ГО : учеб.пособие. - Алматы : Б. ж., 2008
10.Вандышев, А. Р. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учеб. пособие . - Ростов н/Д : Изд. центр " Март", 2006.
11. Медициналық радиобиология негізі.Оқулық. А.Жаханов, С.Садықов.-Алматы: «Эверо», 2011ж.-276б.
12. Торгаутов Б.К., Сералиева М.Ш. Жалпы гигиена: Оқулық.-Шымкент, 2009.-428бет
13. АҚ жәнеТж медицинақызметінің лауазымды тұлғаларына арналған оқу құралы, Атматы қ., 2012ж, 102бет.
7.Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин (15%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
8. Тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (30%)
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Әскерлердің және олардың әрекет ауданындағысанитарлы-
эпидемиологиялық жағдайының сипаттамасы.
2.Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайың сәттілігі.
3. Сәтсіз санитарлық-гигиеналық жағдай.
4. Санитарлық-эпидемиологиялық шаралар сәтсіздігі.
5. Санитарлық-эпидемиялық төтенше жағдайы.
6. ЭҚЖО бастығының функционалдық міндеттері.
9. Жаңа сабақты түсіндіру: 7 мин (20%)
10.Ақпараттық материялмен жұмыс
Бұл шаралардың барлығында негізгі мақсат және міндеті эпидемиялық ошақтарды ерте анықтау, тез арада оқшаулау және жою.
«Әскерлердің және олардың әрекет ауданындағысанитарлы-эпидемиологиялық жағдайының сипаттамасы»
Эпидемияға қарсы шаралардың ұйымдастырылуы мен көлемі нақты шарттармен анықталады, сонымен қатар олардың әрекет ауданындағы санитарлық-эпидемиологиялық және санитарлық-гигиеналық жағдайына байланысты, ол үзіліссіз санитарлық-эпидемиологиялық барлау және бақылау жолдары арқылы орнатылады. Сондықтан да әрбір медицина қызметінің бастығы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы жайында білуі тиіс, ол сәтті және шұғыл болуы мүмкін.
Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы сәтті болып саналады:
-бөлімде жедел жұқпалы аурулардың болмауы немесе халықтың қанағаттанарлық санитарлық-гигиеналық жағдай туындағанда, инфекциялық аурулар аз болғанда (қауіпті инфекциялар саналмағанда, сонымен қатар жергілікті жерге сай емес ауру кезінде), егер қарсылас бактериологиялық қару қолданбағанда және ауданның санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы сәтті болғанда;
- орналасу ауданы тұрғындар арасында жедел жұқпалы аурулардың болмауы немесе бірнеше жағдайда кездесуі және әскерге қауіпті эпизоотикалық жағдайдың болмауы, сонымен қатар қарсыластың осы ауданда бактериологиялық қару қолданбағаны жайлы мәлімет болғанда.
Тұрғындардың немесе олар орналасқан ауданның сәтті жағдайы жоспарлы эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастырмау деген сөз емес, соның ішіндесанитарлық-эпидемиологиялық барлау, жеке құрамның ішінде инфекциялық ауруға күмәнді адамдарды және бактерия тасымалдаушыларды белсенді түрде анықтау және т.б.
Сәтсіз санитарлық-гигиеналық жағдайларға жатады:
- бөлім келесі шарттың біреуінде: бөлек, бұрын тіркелген инфекциялық аурулардың туындауы немесе спорадикалық тіркелген аурулардың жиілеуі;
- бөлімнің қанағаттанарлық санитарлық-гигиеналық жағдайында тенденциясыз аурулардың пайда болуы;
- жеке құрамның санитарлық-гигиеналық жағдайы тұрақсыз немесе сәтсіз аймаққа көшіргенде;
- бөлімнің қанағаттанарлықсыз санитарлық-гигиеналық жағдайында;
- аудан, келесі шарттың біреуінде, аймақтың санитарлық-гигиеналық жағдайы қанағаттанарлық болғанда, халық арасында бұрын тіркелмеген топтық аурулардың таралуы, су көздері және аурудың жаппай таралуына қажетті жағдайдың болмауы; әскерге қауіп төндіруші зоонозды инфекциялардың эпизоотикалық сипаты;
- санитарлық-гигиеналық шаралардың, аймақ және сумен қамтамасыз ету объектілерінің қанағаттанарлық жағдайда болмауы, коммуналдық сәтсіз орналасу, ауданның үлкен эпидемиялық және бактериялық залалдану ошақтарына жақын орналасуы.
Санитарлық-эпидемиялық жағдай тұрақсыз болған жағдайда медицина қызметінің бастығы эпидемияға қарсы шаралардың уақытын көрсетіп, жауапты атқарушылардың күші мен заттарын қолдана отырып жоспар құрады. Ол кезде шаралардың өткізілуіне назар аударған жөн, себебі инфекциялық ауруларды ескерту үшін нәтижелі бола алады, олар тұрғындарға нағыз қауіп төндіруші жағдай болып табылады.
Санитарлық-эпидемиологиялық шаралар сәтсіз болып саналады:
- бөлім келесі шарттардың біреуіне: жеке құрам арасында инфекциялық аурулардың пайда болуы және оның таралуына жағдайдың болуы;
- халықтың санитарлық-гигиеналық жағдайы төтенше немесе қарсылас БҚ қолданған аймақта болса (АҚИ қолданғаны анықталғаннан басқа);
- аудан келесі шарттардың біреуінде: инфекциялық аурулар тобының пайда болуы және оның таралауына жағдайдың болуы;
- АҚИ ауруларының бір жағдайы пайда болғанда немесе қарсылас БҚ қолданса (АҚИ қоздырғыштарынан басқа).
Бөлім немесе өңірлік басқарудың санитарлық-эпидемиологиялық жағдай сәтсіз деп жарияланды және ол жайында ҚР ҚК медицина қызметінің басшысына баяндалады. Бөлім немесе ауданда санитарлық-эпидемиялық шаралар сәтсіз деп жарияланса, ереже бойынша бригадада обсервация режимі орнатылады, барлық эпидемияға қарсы шараларды өңірлік басқарманың медицина қызметінің бастығы жүргізеді. Ол өзіне бағынатын күштерді қолдана отырып эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастырады. Осы жағдайларда, яғни санитарлық-эпидемиялық шаралар тұрақсыз болған жағдайда эпидемияға қарсы шараларға қосымша жеке құрам бөлімше (бөлім) ішінде немесе көрші бөлімшемен қатынаста болуына тиым салатын шаралар кешені жүргізіледі.
Халықтың орын ауыстыруы кезінде немесе ұрыс әрекеттерінің ауданында эпидемиялық ошақ анықталса бөлім командирінің бұйрығы бойынша медицина қызметінің бастығы изоляция шараларын қолданады. Анықталған эпидемиялық ошақта жұмыс жасау басшылар мен эпидемиолог-мамандардың қатысуымен және өңірлік басқарманың эпидемияға қарсы заттарды қолданылуымен жүргізіледі.
Санитарлық-эпидемиялық жағдайы төтенше болып есептеледі:
- бөлім жеке құрамының ішінде қысқа уақытта инфекциялық аурулар саны өссе, бригаданың ұрысқа қабілеттілігі жоғалады;
- аса қауіпті инфекциялық аурулар қайталанып анықталғанда немесе осы аурулардың топтасып өршуі кезінде;
- АҚИ құрамы ретінде БҚ бригада қарсыласқа қолдану факты бекітілгенде;
- ауданда АҚИ топтық ауруларында;
- халық үшін басқа да қауіпті инфекциялық аурулардың кең таралуы;
- бактериологиялық қару ретінде қарсыластардың АҚИ қоздырғыштырын қолдануы;
- обаның табиғи ошақтары активизациялағанда және адамдар арасында обаның таралуы.
Бригаданың санитарлық-эпидемиологиялық төтенше жағдайы жайында өңірлік басшылығын хабардар етеді, ал өңірлік басшы ҚР ҚК БӘМБ бастығына баяндайды. Бригадада карантин жарияланады. Ол үшін арнайы изоляция аудандары құрастырылады, онда медицина қызметінің бастығының жүктемесімен жауапты азаматтар мен санитарлық-эпидемиологиялық бөлім жіберіледі. Егер бригаданы ТЖ-дан бірден карантинға шығару мүмкін болмаса, онда жағдай туындағанша обсервация жарияланады.
Әскердің бактериологиялық қарудан қорғану шараларына жоспарлы эпидемияға қарсы, санитарлық-гигиеналық және емдеу-эвакуациялық шаралар кешені кіреді, олар әскери жеке құрамның ішінде инфекциялық аурулардың пайда болуы мен таралу қаупін және ұрысқа қабілеттілігін сақтауға бағытталған, егер қарсылас Халықаралық Конвенция мен БҚ қолдануын бұзса.
ЭҚЖО бастығының функционалдық міндеттері
ЭҚЖО бастығы соның негізінде отряд құрылатын, медициналық мекеме бастығына бағынады, ал зардап шегу және стихиялық апат ошағында жұмыс істеу кезінде АҚМҚ және ТЖ бастығына бағынады.
ЭҚЖО бастығы жаппай зардап шегу ошағында, стихиялық апаттар, ірі өндірістік авариялар мен апаттар аудандарында отрядтың жұмысқа дайындығына жауап береді.
ЭҚЖО бастығының міндеттері:
Күнделікті дайындық кезінде:
төменде айтылатын ЭҚЖО – ын жауынгерлік дайындыққа келтіру жоспарына қатысады:
жеке құрамның және келетін автокөліктердің жиналу орны мен уақыты тәртібін хабарландыруға;
медициналық және арнайы мүліктер мен басқа да құрал – жабдықтарды алу тәртібі мен мерзімін, орнын білуге;
жинау ауданын, құрылымның жылжу бағытын және келіп жетуге белгіленген уақытын анықтауға;
отрядтың дайындығын тексеру тәртібі мен мерзімін белгілеуге;
белгіленген ауданға дәл уақытында бару тәртібін қадағалауға;
отрядтың ұйымдасу құрылымын, оның тапсырмалары мен мүмкіндіктерін білуге;
жеке құрамның, автокөліктің, техникалар мен мүліктің барлық түрлерінің топтасу тәртібін белгілеуге;
жеке құрамды күнделікті қорғаныс құралдарын, арнайы мүліктер мен техникаларды білгірліктен пайдалануды үйретуге;
құрылым – мекемесіндегі бар тізімдік мүліктердің, арнайы машиналар мен техникалардың сақталуы мен жағдайларын жеке дара тексеруге және оларды сақтау мен пайдаланудың белгіленген ережелерін қатаң қадағалауға;
өзінің арнайы білімін арттырумен тұрақты жұмыс жасауға;
АҚ дабылын алған жағдайда жеке құрамды хабарлау тәртібі мен тәсілін, орнын және жиналатын уақытын білуге міндетті.
Бейбітшілік кезінде ТЖ пайда болу қаупі төнгенде:
«Жиналу» дабылын ала салысымен басқару пунктіне белгіленген уақытта келіп, АҚ және ТЖ медициналық қызметі бастығынан тапсырма алуға;
отрядтың жеке құрамын қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуге;
байланыс құралдарын тексеруге, отрядтың ішкі байланыс тәртібін анықтауға;
жеке құрамға жағдайды хабарлап, болған жағдайды ескере отырып, келешекте қалай әрекет етуді түсіндіруге;
АҚ және ТЖ медициналық қызмет бастығына берілген тапсырмалар мен жұмыстың орындалғаны туралы баяндап отыруға міндетті.
Бейбітшілік уақытта ТЖ болған жағдайда:
«Жиналу» дабылын ала салысымен басқарма пунктіне белгіленген уақытта келіп, АҚ және ТЖ медициналық қызметі бастығынан тапсырма алуға;
ЭҚЖО – ны дайындыққа келтіруге, жеке құрамға болған жағдайды түсіндіріп, отрядты қауіпсіз аймаққа жеткізу туралы мәселе қоюға;
жеке құрамның алдына жорыққа шығу мәселесін қоюға, автокөлікке аға жетекші тағайындауға;
отрядтың қойылған тапсырмалардың сәтті орындалуына қол жеткізу үшін батыл кірісуге;
бағыныштылардың ақылға қонымды ұсыныстары мен батыл әрекеттерін мүмкіндігінше көтермелеп отыруға, отрядтың жеке құрамында денсаулығын сақтауға және мұқтаждықтарын білуге, материалдық және тұрмыстық жағдайын қамтамасыз етуіне қамқорлық жасауға;
АҚ және ТЖ медициналық қызмет бастығына жеке құрамның іс-әрекеті және өзінің нұсқау – жарлықтары туралы міндетті.
Химиялық зақымдалған ошақтағы іс – әрекет кезінде:
уландыратын және қатты әсер ететін улы затты (ҚӘУЗ) тапқан кезде, тиісті дабылды дереу беріп, химиялық барлауды ұйымдастыруға;
жеке қорғаныс құралдарын қолдануға дайындыққа келтіруге;
жылдамдығына және желдің бағытына сумен жабдықтау көздерін зақымдау мүмкіндіктеріне байланысты – химиялық зақымдану шекараларының қозғалмалық қарқынын ескеруге;
зардап шеккендерді олардың киімдері мен аяқкиімдерін газсыздандыра отырып, санитарлық өңдеуден өткізуге;
бөлімнің жеке құрамының жеке қауіпсіздік ережесін бұзбауын қадағалап отыруға міндетті.
АҚ – ны әскери жағдайға көшіру кезінде:
қауіпсіз аймақтағы пунк басқармасына келіп, АҚ және ТЖ медициналық қызмет бастығына жағдайдың мән – жайын түсіндіріп, тапсырма алуға;
ТЖ қаупі пайда болысымен немесе қарсыластар шабуыл жасаған кезде, отрядты зардап шеккендер мен ауруларды қабылдауға дайындықта ұстауға;
емдеу мекемелерімен байланысты ұйымдастыруға;
залалсыздандыру заттарының қажетті мөлшерін дайындықта ұстауға;
отрядтың жеке құрамын жасыру үшін қорғаныс ғимараттарын дайындауға;
барлық жасалған шаралар туралы белгіленген уақытта АҚ және ТЖ медициналық қызметі бастығына баяндап отыруға міндетті.
Кенеттен шабуыл жасалу кезінде:
жеке құрамды және зардап шеккендерді баспанамен қамтамасыз етуге;
соққы берілгеннен кейін АҚ және ТЖ медициналық қызметі бастығынан тапсырма алып, жеке құрамға болған жағдайды түсіндіріп, шабуылдың салдарларын жоюға кірісуге;
өрт қауіпі төнген кезде оны сөндіруге, зардап шеккендер мен қызметкерлердің қауіпсіз жерге көшіруге;
санитарлық – эпидемиологиялық тексерулерді ұйымдастыруға;
қажет болған жағдайда апат ошағында карантин және мерекелік шараларды шектеулі етіп ұйымдастыруға;
жұмыс аяқталғаннан кейін АҚ және ТЖ медициналық қызметі бастығына болған жағдайды баяндауға;
қажет болған жағдайда жеке құрамды газсыздандыру, қатерсіздендіру және санитарлық тазалау мен өңдеуден өткізуге міндетті.
ЭҚЖО санитарлық – эпидемиялық бөлімі бастығының функционалдық міндеттері
Ол ЭҚЖО бастығына бағынады және жаппай зақымдану ошағындағы бөлімнің жұмысқа дайындығына жауап береді.
Ол:
қол астындағылардың жұмыстарын басқаруға;
ЭҚЖО әрекет ететін аудандағы, АДКЖ орналасқан жердегі және зақымдану аумағынада сақталып қалған емдеу мекемелерінің орнындағы санитарлық – эпидемиялық жағдайды үздіксіз анықтап және біліп отыруға;
аурудың тарап кетуіне жол бермеу және оларды жоюға бағытталған шараларды қолдану үшін, жұқпалы аурулар ошағына эпидемиологиялық тексерістер жүргізуге;
жұқпалы науқастарды медициналық көшіру кезеңдерінде қауіпсіз аймақтағы жұқпалы аурулар ауруханасына көшіру ережесін сақтай отырып және аурумен байланыста болған тұлғаларды ескере отырып, қадағалау жасауды жүзеге асыруға;
сумен жабдықтау және қоғамдық тамақтандыру объектілеріне толыққанды тексеруді үнемі жүргізу отыруға;
халықты санитарлық өңдеуден өткізуге бақылауды жүзеге асыруға;
қаза болғандардың мәйіттерінің дұрыс жерленуін қадағалауға;
келесі тапсырманы орындауға бөлімнің белгіленген мерзімге дайындығын қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарға басшылық жасауға;
ауданға санитарлық – эпидемиологиялық тексеру өткізу кезінде, химиялық зақымданған ошақтың ерекшелігін түсіндіріп, (ҚӘУЗ ошағы) мәселе қоюға;
қол астындағыларға жұмыстың ерекшелігін түсіндіріп, жеке қауіпсіздік шараларын қолдануға және жеке қолданыс құралдарының жағдайына байланысты, жеке құрамның медициналық қорғаныс құралдарын дер кезінде қолдануын қамтамасыз етуге;
АДКЖ бастықтарымен, радицияға қарсы және химиялық заттарға қарсы қорғаныс қызметінің барлау топтарымен, комуналдық – техикалық қызметпен және АҚ мен әскери бөлімдердің медициналық қызметтерімен өзара байланыста болуға;
ауыз суы мен азық – түліктің сынамасын сұрыптау ережесін қадағалауға және оларды УЗ (ҚӘУЗ) – мен қаншалықты зақымданғандықтарын, тұтынуға жарамдылығын анықтау үшін санитарлық – химиялық зертханаға жіберуге;
санитарлық – эпидемтологиялық барлау жасауға қатысушы жеке құрамның қорғаныстың залалсыздандыру құралдарымен және жабдықтарымен толық қанды санитарлық тазалау – өңдеуден өтуін қадағалауға;
апат ошағында әрекет етуші АДКЖ – дағы, емдеу – алдын алу мекемелеріндегі, қоғамдық тамақтандыру объектілеріндегі және АҚ құрамаларындағы эпидемияға қарсы жұмыс режимінің қатаң жүзеге асуына бақылау жасауға;
халық арасындағы ауырғандарды анықтауға, оларды тексеруден өткізуге, бөліп жатқызуға, госпиталььға жатқызуға, сонымен қоса шұғыл және арнайы сақтандыру шараларын өткізуге;
апат ошағындағы жұқпалы аурулармен ауырғандармен байланыста болған тұлғаларды ескере отырып, күнделікті және қорытынды залалсыздандыру жұмыстарын жасаудың сапасы мен толықтығына бақылауды ұйымдастыруға және оларға медициналық қадағалауды жүзеге асыруға;
ауданның санитарлық – эпидемиялық жағдайын үнемі қадағалап отыруға, ауруларды зерттеп – тексеруге, эпидемиялық жағдайларды болжауға және ауруларды жою жөнінде шаралар қолдануға;
апат ошағы аумағында жұмыс істеуді жалғастырып жатқан, халық шаруашылық объектілерінің санитарлық жағдайларына бақылауды ұйымдастыруға және оларды санитарлық – гигиеналық, эпидемияға қарсы емдеу, алдын алу шараларын жүргізуге;
нақты жағдайда шұғыл шешім қабылдауға, санитарлық – гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралардың қарастырылған кешендерін табысты орындалуын қамтамасыз ететін бөлім дәрігерлері алдына міндеттер қоюға;
ЭҚЖО бастығына апат ошағындағы санитарлық – эпидемиялық жағдай және қойылған міндеттердің орындалу барысы туралы үнемі хабарлап отыруға;
Қоғамдық тамақтандыруды сумен жабдықтау объектісіне сондай – ақ халыққа тазалау – өңдеу жұмыстарынмен залалсыздандыру, қатерсіздендіру, дезинцекциялық және дератизациялық жұмыстарды (соның ішінде, ауруларды тасу үшін бөлінген көлікті залалсыздандыру) үзіліссіз санитарлық қадағалауды ұйымдастыруға;
апат ошағында белгіленген карантиндік және обсервациялық шараларды қадағалап отыруға міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: |