Курсы: ІІІ семестрі: V тақырыбы



бет3/3
Дата31.01.2018
өлшемі0,55 Mb.
#36819
1   2   3

11. Жаңа тақырыпты бекіту. 5мин (10%)

Сұрақтар:

1. Жіті сәулелік ауру

2. Жіті сәулелі аурудың кезеңдері

3. I. Жалпы біріншілік реакция кезеңі

4. II. Жасырын кезең

5. ІІІ. Қозу кезеңі

6. IV. Жазылу кезеңі

7. V. Кейінгі салдар кезеңі


12. Сабақты қорытындылау. 3 мин (2%)

13. Үйге тапсырма беру. Зақымданушыға көмек көрсетер кездегі медициналық тәсіл Н15, 10-12 беттер 2 мин (2%)
Сабақтың тақырыбы: Ұзақ уақыт басылып қалудың белгілері. Зақымданушыға көмек көрсетер кездегі медициналық тәсіл

(жалпы сағат саны:6сағ;теория-2сағ -90 мин)

1 Сабақ: Зақымданушыға көмек көрсетер кездегі медициналық тәсіл

Сағат саны: 45 мин (100%)


  1. Сабақ түрі: теориялық

  2. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту:

-ұзақ басылып қалу кеіндегі алғашқы медициналық көмек көрсетуді білу;

- зақымданушыға көмек көрсетер кездегі медициналық тәсілді игеру;



  • тәрбиелік: ұзақ басылып қалу синдромы кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетуге баулу;

  • дамыту: топ және топтар арасындағы қарым-қатынасты дамыту.

4. Оқыту әдісі: түсіндіру, оқып-үйрету, ақпаратпен жұмыс істеу, сұрақ-жауап, пікірталас.

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а)техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:кестелер,суреттер,кеспе қағаздары.

б) оқыту орны:116 аудитория.

6.Әдебиеттер:

Негізгі:(Н)

1. Баубеков С. Ж. Өмір қауіпсіздігі негіздерін оқытудың әдістемесі : оқу құралы: 0109000 - Тіршілік қауіпсіздік негіздері және валеология. - Алматы : Эверо, 2013.

2. Нәбиев Е. Н. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері: оқу құралы. - Астана:Б.ж 2012.

3. Немеребаев М. Н. Тіршілік қауіпсіздігі: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2012.

4. Тайжанов С. Өмір қауіпсіздігі негіздері: оқу-әдістемелік құрал / С. Тайжанов. - Алматы : Эверо, 2010

5. Төтеншежағдайлардазардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 1 бөлім. Болуы ықтимал апат оқиғалары (Жер сілкінісі). Бір демалыс күнінің оқиғалары(Сәтсіз сапар) = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 1 : жаднама. - Алматы : Б. ж., 2006.

6. Төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 2-бөлім = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 2 : жаднама . - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру : оқулық / О. Д. Дайырбеков [ ж. б.]. - Шымкент : ОөмМА баспаханасы, 2000.

8. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности". Кн. 1: учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2005.

9. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности.Кн. 2; учеб. пособие. - Алматы : Б. ж., 2005.

10. Фефилова, Л. К. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учебник для студентов средних мед.учеб. заведений. - М. : Медицина, 2005.

11. АлдешевА. А. Введение в сестринское дело. Безопасная больничная среда. Инфекционная безопасность и контроль:учебное пособие / А. А. Алдешев. - Шымкент : Б. и., 2005.

12. Саудабеков К. Е. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни: учебное пособие. - Алматы :КазГЮУ, 1999.

13. ҚР АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық – Алматы: 2000ж., 196 бет.

14. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, І кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

15. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, ІІ кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

16. Нәбиев Е. Н.Апат медицинасы: оқу құралы. - Астана : Б. ж., 2012.

17. ҚР Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы, Алматы: 2009ж.


Қосымша:(Қ)

1. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

2. Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

3. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс : энциклопедиялық анықтамалық / бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011.

4.ТЖ және Ақ саласындағы басшылық құрамының біліктілігін арттырудың Республикалық курстарының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылған оқулық: оқулық. - Алматы : Б. ж., 2008.

5.ТЖ-да зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсету бойынша жаднама. 3-бөлім = Памятка населению по оказанию психологической помощи пострадавшим в ЧС. Ч. 3-і: жаднама. - Алматы : Б. ж., 2008.

6. Төтенше жағдайлар жүйесінде қолданылатын орысша - қазақша терминдер сөздігі = Русско - казахский словарь терминов, применяемых в системе чрезвычайных ситуаций : сөздік. - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары : заңдар. - Астана : Б. ж., 2005.

8.Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық : нұсқаулық. - Алматы : Б. ж., 2003

9.Пособие в помощь слушателям Республиканских курсов повышения квалифиации руководящего состава в области ЧС и ГО : учеб.пособие. - Алматы : Б. ж., 2008

10.Вандышев, А. Р. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учеб. пособие . - Ростов н/Д : Изд. центр " Март", 2006.

11. Зазулинский, В. Д. Безопасность жизнедеятельности в чрезвычайных ситуациях: учеб.пособие для гуманитарных вузов. - М. : Экзамен, 2006.

12. Учебное пособие для занятий по чрезвычайным ситуациям и Гражданской обороне в организациях : учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2006.

13. Практическое руководство по биологической безопасности в лабораторных условиях : практикум. - Третьеизд. - Женева : ВОЗ, 2004

14. Приходько, Н. Г. Безопасность жизнедеятельности: курс лекций. - Алматы : Юридическая лит., 2004.

15. ХванТ. А. Безопасность жизнедеятельности: учеб.пособие. - 4-е изд., перераб. и доп. - Ростов н/Д : Феникс, 2004

16..А.Жаханов, С.Садықов, Медициналық радиобиология негізі, оқулық; -Алматы; «Эворо», 2011ж. -276б.
7.Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин (6%)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 7мин (15%)

Сұрақ-жауап.



9.Жаңа сабақты түсіндіру 10мин(30%)

10. Ақпараттық материалмен жұмысы: 15 мин (35%)
Ұзақ қысуда болудың салдары

Зілзала және апат аудандарындағы құтқарушылар мен медицина қызметкерлерінің жұмыс тәжірибесі көрсеткендей, сынықтардың астынан жылдам алып шығуға әрекеттену әрдайым сәтті құтқаруға әкелмейді. Аяғы бір тәуліктен астам қысылған адамның босатылған соң бір неше минуттан кейін жарық дүниемен қоштасуы құтқарушыларды түсінбестік пен өкінішке қалдырғанын елестетіп көріңіз.

Көптеген ғасырлар бойы осы құбылыстың қайғылы тұстары жұмбақ болып келді. Тек XIX ғасырдың аяғы мен бірінші және екінші дүние жүзілік соғыс кезінде ғана дәрігерлер тамырлар сығылған кезде қысылған аяқ – қолда ұлпалар алмасуының, ыдырауының және бұзылуының жете тотықтанбаған өнімдерінің тез жиналатындығы туралы қорытындыға келді. Босағаннан және қан айналымы қалпына келген бойда – ақ организмге токсиндердің үлкен мөлшері барады.

Зардап шегуші жағдайының ауырлығы сонымен қатар зақымдалған аяқ – қолға босаған кезде сұйықтың орасан зор көлемінің (2-3 литр дейінгі плазма) ұмтылатындығымен ушыға түседі. Аяқ – қолдың көлемі күрт үлкейеді, бұлшық еттің кескіні жоғалады, домбығудың тығыздықтың таңқалаларлық дәрежесіне жететіндігі соншалықты аяқ қаттылығы бойынша және жәй тықылдатқан кезде шығатын дыбысы бойынша ағашқа ұқсайды. Жіліншектегі тамыр соғысы өте сирек білінеді. Сәл қозғалғанның өзі сүйектің сыну белгісінсіз – ақ жан – дүниені сырқыратады.

Зақымдалған аяқ – қолға плазманың үлкен көлемінің өтуі (айналымдағы 30% дейін) күре тамыр қысымын айтарлықтай төмендетумен қатар, токсиндердің шектен тыс көлемінің жинақталуын туғызады.

Осындай қарама қайшылық (организмнен босаған аяқ – қолға, ал улы ыдырау өнімдері мен миоглобин зақымдану аймағынан тамырлар арасына жөңкиді). Жүректің барлық органдары мен қызметін күрт бұзуға алып келеді. Нақ осы жәйт зардап шегушіні үйінділер мен қирандылар арасынан алып шыққанына кейінгі алғашқы минутта жарық дүниемен қоштасулар себеп болады.

Ұзақ қысымда болу салдары кезіндегі басқа қатарлы дерт – бұлшық ет талшықтарының зақымдану нәтижесінде қанда бос миоглобиннің пайда болуы.

Миоглобиннің үлкен молекулалары міндетті түрде бүйрек қақпақшаларын зақымдайды. Бұл бүйректің жұмысын қиындатады, дәреттің бөлінуі толығымен тоқтайды соның салдарынан зақымданушы қаза болады.

XIX ғасырдың басында құтқарудың бірден бір шарты босағанға дейін қысылған аяқ – қолға алдын ала күйдіргі қою еді, бұдан кейін міндетті түрде ампутация (кесіп алу) жүргізіледі, егер бұл шара өмірді сақтағанның өзінде де өмірлік мүгедектікке душар етеді.

Мұндай сәттерді өзі сирек болғандықтан да, тағдырдың сыйы ретінде қабылданды.

Сол уақыттың өзінде де, зардап шегуші толық босағанға дейін суды көп ішіп, ал қысылған аяқ – қол суықта болса онда оның домбығуы мен улану дәресі едәуір төмен екендігін байқаған болатын. Бақытқа орай, осындай аяқ – қолды сақтап қалуға мүмкіндік туды.

Соңғы жылдары ұзақ қысуда қалу салдары кезіндегі тірі қалу мүмкіндігі айтарлықтай артты. Көптеген елдердің құтқарушы қызметтері мен медициналық апат қызметтері құтқарудың жаңа әдістерін меңгерді.

Сөйтіп, кедергіні бірден жоюдың қажеттігі жоқ болып шықты. Әуелі плазмаларды айырбастайтын ерітінділерді тамырдың ішіне енгізуді жолға қою қажет. Ал ол жоқ болса сусынды көп ішкізген жөн. 1,5 – 2 литр сұйықты тамшылай енгізу қорғаныстық күйдіргілерді қоймаларға және аяқ – қол сақтауға мүмкіндік береді.

Суықты қолдану болжамды жақсартады. Шығарғаннан кейін бірден кешіктірмей бүкіл аяқ – қолды таңып тастау қажет (қолды иық белбеуіне дейін, аяқты табаннан шаптың жарығына дейін) және сөйтіп қосымша қысатын қан жасайды. Бұл тек домбығуды ғана әлсіретпейді, сонымен қатар қайта бөлінетін плазма көлемін шектейді.

Барлық ықтимал құралдармен сырқырауды тоқтату және көлік шиналарын қою да көмек көрсетудің қажетті шарттары.

Шиналар сүйектердің зақымданғандығына немесе зақымданбағандығына қарамастан қойылады.


Оқиға орнында көмек көрсету

Оқиға орнындағы көмек екі кезеңмен көрсетіледі.

Бірінші кезең бірнеше сағатқа созылуы мүмкін және қирандылардың астында қысылып қалған аяқ – қолды қалайша жылдам босатуға байланысты.

Бақытсыз жағдайлардың алғашқы минуттарынан бастап зақымданған аяқ – қолға мұз немесе қар салынған пакеттер қойып, қаттырақ таңады (егер оған мүмкіндік болса) және зардап шегушіге барынша көбірек ыстық сусын беру қажет. Бұл жағдайда көмек көрсету бірнеше сағатқа созылуы мүмкін.

Жер сілкінісі мен апат аймағында жұмыс істейтін кәсіби құтқару командыларының құрамында міндетті түрде арнайы үйретілген адамдар болады, олардың іс – әрекетінің мәні – үйіндіде қысылған адамның қолына қалайда тезірек жету және плазма айырбастау сұйықты тамырдың ішіне енгізу. Ал оның артынан арнайы техникамен келе жатқан оның жолдастары аса сақтықпен, дабырасыз зардап шегушіні үйінді астынан алып шығады. Осындай әдіс сан мыңдаған өмірді құтқаруға мүмкіндік берді.

Екінші кезең – босатқаннан кейін көмек көрсетуді мүмкіндігінше азайту. Қатты таңып тастау, көлік шиналарын қою және қан айырбастағыш сұйықтарды енгізу, зардап шегушіні міндетті түрде «жасанды бүйрек» апараты болуға тиіс реанимация орталығына тез жеткізу істің сәтті аяқталуына үміттендіреді.


Ұзақ уақыт қысылып қалу синдромы болғанда істелінетіндер:

  • зақымданған аяқ – қолдың айналасына суық қойыңыз;

  • зақымданған қол – аяқты дәкемен қысып байлап тастаңыз;

  • мол етіп жылытылған сұйықтық ішкізіңіз;

  • ауырғанын басатын дәрі – дәрмек;

  • зақымданған жердің жоғары жағынан шендеуіш қойыңыз;

  • аяқ – қолды босатыңыз;

  • қысып тұратын таңғышпен байлаңыз;

  • аяқты шапқа дейін қысып байлаңыз;

  • қолды қолтыққа дейін қысып байлаңыз;

  • сонымен бірге шендеуішті босатыңыз;

  • аяқ – қолды шендеуішпен қозғалмайтын етіп қысып байлаңыз;

  • қол – аяқтың айналасына қайталап суық қойыңыз;

  • жылытылған сұйықтықты көп беріңіз;

  • дәрігерлік мекемеге жеткізіңіз.

Қысылып қалған аяқ – қолды қорғап тұратын бұрауды қоймас бұрын босатуға болмайды. Қысылып қалған аяқ – қолды жылытуға болмайды,

  • Ауырғанын басатын дәрі беру, тыныштандыратын су, шай, кофе беру керек.


11. Жаңа тақырыпты бекіту. 5мин (10%)

Сұрақтар:

1. Ұзақ уақыт басылып қалудың салдары

2. Оқиға орынында көмек көрсету

3. Ұзақ уақыт қысылып қалу синдромы болғанда істелінетіндер



4. Зақымданушыға көмек көрсетер кездегі медициналық тәсіл
12. Сабақты қорытындылау. 3 мин (2%)

13. Үйге тапсырма беру. ТЖ ошағында індетке қарсы және санитарлық-гигиеналық іс-шараларды жүргізуді ұйымдастыру 2 мин (2%)

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет