Курсы: ІІІ семестрі: V тақырыбы



бет1/3
Дата31.01.2018
өлшемі0,55 Mb.
#36819
  1   2   3



ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» жанындағы техникалық және кәсіби білім беру колледжі ШЖҚ

Акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедрасы



044 -50/18 К

30 беттің -беті



«Тіршілік қауіпсіздік негіздері» пәні бойынша теориялық сабаққа арналған әдістемелік өңдеу




ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
Техникалық және кәсіби білім беру факультеті
Акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедрасы


ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ НЕГІЗДЕРІ

пӘні бойынша

ТЕОРИЯЛЫҚ САБАҚҚА

АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ

Мамандығы: 0032000 «Медбикелік іс»

Біліктілігі: 0302033 «Жалпы практикадағы медбике»

Курсы: ІІІ

Семестрі: V

Тақырыбы: Модуль 5. Өмірге қауіп төндіретін кейбір жағдайлар



(ТЖ кезінде жиі кездесетін) және осындай жағдайларда

медициналық көмек көрсетудің стандарты
(жалпы сағат саны: 24сағ; теория саны- 4 сағ)

ШЫМКЕНТ 2014 ж

Әдістемелік өңдеу акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедра мәжілісінде талқыланды және бекітілді.
Хаттама № __ «__» _______ 2014 ж.
«Бекітемін»

Акушерия және гинекология курсымен

АМСЖ кафедра меңгерушісі

м.ғ.к., доцент ________________________ Югай Н.В.


Құрастырған: аға оқытушы, магистр Турманова Ж.О.

Сабақтың тақырыбы: Иондалған сәуленің адам ағзасына әсері. Жіті сәулелік ауру.

(жалпы сағат саны:6сағ;теория-2сағ -90 мин)

1 Сабақ: Иондалған сәуленің адам ағзасына әсері

Сағат саны: 45 мин (100%)


  1. Сабақ түрі: теориялық

  2. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: иондалған сәуленің адам ағзасына әсерін білу;

  • тәрбиелік: иондалған сәулелердің адам ағзасын кері және оң әсерлерін ажырата білу;

  • дамыту: топ және топтар арасындағы қарым-қатынасты дамыту.

4. Оқыту әдісі:түсіндіру, оқып-үйрету, ақпаратпен жұмыс істеу, сұрақ-жауап,пікірталас.

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а)техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:кестелер,суреттер,кеспе қағаздары.

б) оқыту орны:116 аудитория.

6.Әдебиеттер:

Негізгі:(Н)

1. Баубеков С. Ж. Өмір қауіпсіздігі негіздерін оқытудың әдістемесі : оқу құралы: 0109000 - Тіршілік қауіпсіздік негіздері және валеология. - Алматы : Эверо, 2013.

2. Нәбиев Е. Н. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері: оқу құралы. - Астана:Б.ж 2012.

3. Немеребаев М. Н. Тіршілік қауіпсіздігі: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2012.

4. Тайжанов С. Өмір қауіпсіздігі негіздері: оқу-әдістемелік құрал / С. Тайжанов. - Алматы : Эверо, 2010

5. Төтеншежағдайлардазардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 1 бөлім. Болуы ықтимал апат оқиғалары (Жер сілкінісі). Бір демалыс күнінің оқиғалары(Сәтсіз сапар) = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 1 : жаднама. - Алматы : Б. ж., 2006.

6. Төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 2-бөлім = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 2 : жаднама . - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру : оқулық / О. Д. Дайырбеков [ ж. б.]. - Шымкент : ОөмМА баспаханасы, 2000.

8. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности". Кн. 1: учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2005.

9. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности.Кн. 2; учеб. пособие. - Алматы : Б. ж., 2005.

10. Фефилова, Л. К. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учебник для студентов средних мед.учеб. заведений. - М. : Медицина, 2005.

11. АлдешевА. А. Введение в сестринское дело. Безопасная больничная среда. Инфекционная безопасность и контроль:учебное пособие / А. А. Алдешев. - Шымкент : Б. и., 2005.

12. Саудабеков К. Е. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни: учебное пособие. - Алматы :КазГЮУ, 1999.

13. ҚР АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық – Алматы: 2000ж., 196 бет.

14. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, І кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

15. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, ІІ кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

16. Нәбиев Е. Н.Апат медицинасы: оқу құралы. - Астана : Б. ж., 2012.

17. ҚР Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы, Алматы: 2009ж.


Қосымша:(Қ)

1. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

2. Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

3. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс : энциклопедиялық анықтамалық / бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011.

4.ТЖ және Ақ саласындағы басшылық құрамының біліктілігін арттырудың Республикалық курстарының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылған оқулық: оқулық. - Алматы : Б. ж., 2008.

5.ТЖ-да зардапшеккендергепсихологиялықкөмеккөрсетубойыншажаднама.3-бөлім = Памятка населению по оказанию психологической помощи пострадавшим в ЧС. Ч. 3-і:жаднама. - Алматы : Б. ж., 2008.

6. Төтенше жағдайлар жүйесінде қолданылатын орысша - қазақша терминдер сөздігі = Русско - казахский словарь терминов, применяемых в системе чрезвычайных ситуаций : сөздік. - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары : заңдар. - Астана : Б. ж., 2005.

8.Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық : нұсқаулық. - Алматы : Б. ж., 2003

9.Пособие в помощь слушателям Республиканских курсов повышения квалифиации руководящего состава в области ЧС и ГО : учеб.пособие. - Алматы : Б. ж., 2008

10.Вандышев, А. Р. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учеб. пособие . - Ростов н/Д : Изд. центр " Март", 2006.

11. Зазулинский, В. Д. Безопасность жизнедеятельности в чрезвычайных ситуациях: учеб.пособие для гуманитарных вузов. - М. : Экзамен, 2006.

12. Учебное пособие для занятий по чрезвычайным ситуациям и Гражданской обороне в организациях : учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2006.

13. Практическое руководство по биологической безопасности в лабораторных условиях : практикум. - Третьеизд. - Женева : ВОЗ, 2004

14. Приходько, Н. Г. Безопасность жизнедеятельности: курс лекций. - Алматы : Юридическая лит., 2004.

15. ХванТ. А. Безопасность жизнедеятельности: учеб.пособие. - 4-е изд., перераб. и доп. - Ростов н/Д : Феникс, 2004

16..А.Жаханов, С.Садықов, Медициналық радиобиология негізі, оқулық; -Алматы; «Эворо», 2011ж. -276б.
7.Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин (6%)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 7мин (15%)

Сұрақ-жауап.



9.Жаңа сабақты түсіндіру 10мин(30%)

10. Ақпараттық материалмен жұмысы: 15 мин (35%)
Радиация көздері, табиғи радиоактивтілік, жердің радиоактивтік ластануы

Радиоактивтілік және оған жалғасатын иоңдық сәулелену Жер бетінде тіршілік пайда болғанға дейін өмір сүрді. "Иондық сәулелену" атауы физикалық табиғаты бойынша әртүрлі сәулелену түрлерін біріктіреді. радиоактивтік материалдар Жер мен Күн жүйесінің планеталарының құрамына олар пайда болған сәттен бастап кірді. Радионуклидтер тау жыныстарында, топырақта, суда кездеседі. Олар белгілі бір деңгейде өсімдіктер, адам ұлпасы мен мүшелерінде және хайуанаттарда да кездеседі.

Радиоактивтілікті ашу француз ғалымы Анри Беккерелдің есімімен байланысты, ол 1896 жылы қара қағазбен жабылған фотопластинканы ағартқан уран тұзының сәулеленуін анықтады. Жарыққа және 1895 жылы ашылған рентген сәулелеріне ұқсастыру бойынша бұл құбылыс радиоактивтілік атауына ие болды, яғни сәулелендіру қабілеті. Радиоактивтілік сәулелену көптеген физиктер мен химиктердің назарын аударды. Осы құбылысты зерттеуге Мария және Пьер Кюри орасан зор үлес қосты. 1898 жылы олар уранның сәулеленгенен кейін басқа химиялық элементке айналатындығын анықтады. Олардың кейбірін- радий мен полонийді ғалымдар таза күйінде ажыратады. Бір грамм радийдің сәулеленуінің бір грамм уранның сәулеленуінен миллион есе асып түсетін болып шықты. Бұдан кейін радий өзінің "сәулеленуші" атауына ие болды.

Аз уақыттан кейін радиоактивті сәулеленудің біртекті емес екендігі және иондаушы және кіру қабілетімен ерекшеленетін сәулеленудің үш түрінің бар екендігі анықталды. Сәулеленудің осы үш түрі грек қаріпінің алғашқы әріптерімен аталды: альфа, бета және гамма. Кейіннен альфа-бөлшектің гелийдің алты, ондық ядросы; бета-бөлшектің электрон екендігі, гамма-сәуленің электромагнитті сәулелену екендігі анықталды.

Радиоактивтік ыдырау кезінде шығатын бөлшек пен гамма-квант заттармен ықпалдаса отыра өз энергиясын иондануға жұмсайды. Осы сәулелердің ортақ термин ретінде мына сөздер пайдаланылады: иондаушы сәулелену, иондағыш радиация немесе жай ғана радиация.

Иондаушы сәулелену - элементті бөлшектер ағынынан (электрон, протон, нейтрон, позитрон) және электрон магнитті сәулелену кванттарынан тұратын сәулелену, олардың заттар мен ықпалдасуы бұл заттарда әртүрлі заттардың пайда болуына алып келеді.

Радионуклид - атомдық салмағы мен атомдық заряды бар радиоактивті заттың атомы. Бірдей зарядтары бар, алайда атомдық салмағы әр түрлі атомдар осы элементтің изотоптары деп аталады.

Радионуклидтің ыдырау өнімдерінен басқа ионданушы радиацияға Жергеғаламдық кеңістіктен келген ғарыш сәулелері мен электр энергиясын иондаушы сәулеленуге айналдыратын сәулеленудің жасанды көздері жатады (рентген аппараты, элементті бөлшектерді жылдамдатушылар және т.б.). Иондаушы сәулелердің әртүрлі ену қабілеті жоғалған энергияның әр түрлі жылдамдығымен байланысты болып шықты. Альфа бөлшектер заттармен ықпалдаса отыра өз қозғалысының бойы толық иондайды, сойтііі энергиясын жылдам жоғалтады. Сондықтан альфа бөлшектердің көптеген заттардағы қозғалысы үлкен емес-олар ауада 3-8 см өтеді, металда-10 микрон, ал тіпті тығыз қағаздың бір бет парағы да альфа бөлшекті толығынан ұстайды.

Бета-бөлшектер үлкен ену қабілетіне ие, ауада олар 20 метрге дейінгі жолдан өтеді, ал олардың металда жұтылуы үшін қалыңдығы бірнеше милиметр қабат жеткілікті.

Гамма-кванттар ауада жұтылмайды, ал олардың ағынының әлсіреуі гамма-квантпен жұту материалдарының энергиясына тығыз байланысты Мысалы, цезий-137 гамма-сәулеленуін әлсірету үшін қалыңдығы 30 см алюминий немесе қалыңдығы 8 см қорғасын қабаты мыңдаған есе қажет. Екінші жағынан гамма-кванттар (альфа және бета-бөлшектер сияқты) барлық бағыт бойынша кең мүмкіндікті көздер ретінде шығады. Сондықтан да олардың жиілігі қашықтық квадратына сәйкес керісінше азаяды, яғни бір метр қашықтықтағы сәулелену жиілігі 10 см қашықтықтағыдан 100 есе аз болады. Геохимиялық процестердің нәтижесінде радиоактивті элементтер жер қыртысында болуы, табиғи суларға түсуі, желдету процестеріне қатысуы мүмкін.

Көп жағдайда тау жыныстарындағы урач су бетіне шығып, оның едәуір қашықтыққа айдайды. Барлық табиғи суларда уранның қандай да бір мөлшері кездеседі. Егер судың жолында уранды жақсы бөлетін геологиялық, ошақ кездессе ол сонда жинақталады және геологиялық процестердің үлкен созымдылығын ескергенде (ондаған және жүздеген мың жылдар) бұл орындардағы уранның жинақталуы айтарлықтай көлемге жетуі мүмкін.

Уранның қайта жинақталуы туралы ғана бірнеше мысал келтіруге болады. Қазылған көне хайуанаттар сүйектері қатты байытылған-проценттің оң үлесіне дейін. Кейбір көмір өндіретін орындарда уран проценттің жүздеген үлесі деңгейіне дейін жинақталған учаскелерге түседі. Алайда уранның өзі организмге енгеннің өзінде үлкен радиациялық қауіп төндірмейді, өйткені оның үлестік белсенділігі (яғни, белсенділігі бір граммға есептелген) көп емес, ол организмнен тез ығыстырылады және көп мөлшерде енген жағдайда (бір грамм шамасы) радиоактивтілікке байланысты химиялық улану басталуы мүмкін.

Уранның ыдыраған өнімдердің радиациялық қауіптілігі едәуір жоғары Олардың арасында радон бірінші орын алады.

Радон- дәмі мен иісі жоқ түссіз газ, ауадан 7,5 есе ауыр, радийдың ыдырау

өнімі болып табылады. Радон жер қыртысынан біртіндеп бөлінеді, алайда оның сыртқы ауадағы жинақталуы әлемнің әртүрлі нүктелері үшін елеулі ерекшеліктерімен көрінеді. Топырақ эмиссиясын қоспағанда минералдық тектегі құрылыс материалдары: қиыршық ақ тас, цемент, кірпіш және т.б. радон көздері бола алады. Барлық жыныстарда уран мен торий кездеседі. Ал кейбір жыныстарда, мысалы гранитте уран көбірек жинақталуы мүмкін. Құрылыс материалдарына радон радий ыдырағанда пайда болады. Пайда болған радонның бір бөлігі көзге көрінбейтін тесік арқылы ғимаратқа түседі. Егер ғимарат нашар желдетілсе, ал құрылыс материалдары мен топырақ уран мен радийдің едәуір үлкен мөлшерін бойында ұстаса, онда радон үлкен мөлшерде жиналуы мүмкін. Адамның ғимаратта едәуір уақыт болатындығын ескергенде, ол ала алатын тиімді сәулелену дозасы кәсіпкойлар алатын доза жүктемесінен асып түсуі мүмкін. Көп жағдайда радонға байланысты дозалық жүктемені едәуір азайтуға болады. Жертөлелерді қымтау мен желдету топырақтан радонның өтуін айтарлықтай азайтады. Табиғи радиоактивтік элементтер қабырғада көп болса, радонның жиналуын қабырғаны герметикалық бояумен сырлау және қатты желдету арқылы азайтуға болады.

Радиацияның табиғи көздеріне космостық сәуле жатады. Олар алынатын радиацияның табиғи көздері дозасының жартысын құрайды.

Аумақтың радиоактивті ластануы

Радиациялық авария - радиоактивті өнімдердің тасталуына немесе иондаушы сәулеленудің РҚО аумағын қалыпты пайдалануға арналған жобада қарастырылғандағыдан артық мөлшерде шығуына байланысты болған авария.

Радиациялық аварияның салдары олардың зақымдаушы факторларына байланысты. Радиациялық авариялардың негізгі зақымдаушы факторлары радиациялық әсер және радиоактивті ластану болып табылады. Авариялар жарылыстар мен өрттерді тудыруы мүмкін. Ядролық реакторы бұзылған атом станцияларындағы авариялар өте ауыр салдарға алып келеді.

Радиациялық авариялардың салдары негізінен радиациялық әсер және радиоактивті ластанудың көлемімен және деңгейімен, сондай-ақ радионуклид құрамымен жәме тасталған радиоактивті зат мөлшерімен бағаланады.

Авария барысында және одан кейін оның салдарының деңгейі менұзақтығына, сондай-ақ радиациялық ахуалға мыналар айтарлықтай ықпал етеді:-радиоактивті заттардың табиғи ыдырауы, осы заттардың қоршаған ортаға таралуы;

-метеорологиялық және климаттық факторлар;

-авария салдарын жою жөніндегі жұмыс нәтижелігі, оның ішінде дезактавация мен суды қорғау шығарылады.

Авариядан кейінгі бастапқы кезенде жалпы радиоактивтілікке жартылай ыдырайтын қысқа мерзімімен (әдетте екі айға дейін) радионуклидтері айтарлықтай үлес қосады. Мұ.ндай радионуклид, атап айтқанда радиоактивті йод (йод-131) болып табылады.

Активтіліктің кейіннен әлсіреуі бірнеше жүз тәуліктен мың жылға дейін созылатын жартылай ыдыраудың үлкен мерзіміндегі нуклидтермен анықталады. Олардың арасынан ұзақ уакыт бойы радиациялық ахуалдың серпініне негізгі үйлесті биологиялық қауіпті цезий-137, стронций-9, плутоний-239 және басқа радионуклидтер енгізеді.

Радиациялық әсерге сәулеленуге сезімтал адамдар, малдар, өсімдіктер мен приборлар ұшырайды. Ғимараттар, коммуникация, технологиялық қондырғы, көлік құралы, мүлік, материал мен азық-түлік, жайылым мен табиғи орта радиоактивті ластануға ұшырайды.

Ауыл шаруашылығы кешеніне РҚО-дағы авария салдары жағымсыз әсер етеді. Оның қатардан шығуы ядролық отын, электр және жылу энергия, сондай-ақ ядролық жанармайдан шыққан элементтерді ұқсату және радиоактивті қалдықтарды көму өндірісін тоқтатуға алып келеді.

Ортаның радиоактивті ластануы радиоактивті заттың шектен тыс (көлемді) тығыздығымен сипатталады және ауадан (көлем) бірлігіне орайлас радионуклид белсенділігімен өлшенеді.

Радиоактивті ластанудың нәтижсінде шаруашылық айналымынан өнеркәсіп кәсіпорындары, инфрақұрылымэлементтері, тұрғын үй, әлеумет тұрмыс объектілері, ауыл-шаруашылығы мен орман алқаптары, суаттар мен жер асты су көздері, әртүрлі табиғат объектілері бар бірталай аумақ шығарылады.

Адамға сәуле алудың қауіпі

Іс жүзінде иондаушы сәулелену үшін адам организімінде кедергі жоқ. Организмге еніп, өз энергиясын бере отыра олар денедегі заттың кез келген молекуласын иондайды, олардың химиялық байланысын бұзады, бұл организмдегі биологиялық процестердің қалыпты ағысы мен зат алмасуын бұзады. Бұл, өз кезегінде мидың, асқазанның, қалқанша бездің, орталық нерв жүйесінің және басқалардың жұмыс істеуін тоқтатуға алып келеді.

Адам сәуле ауруына ұшырайды, оның ауыртпалық деңгейі сәулеленудің

қуаты мен мөлшеріне байланысты. Сонымен қатар организм клеткаларында қауіптіісіктердін пайда болуына алып келетін өзгерістер етеді.

І дәрежелі сәуле ауруы (жеңіл) - 100-200 рад сәулелену дозасы кезінде. Жасырын мерзімі 3-5 апта, бұдан кейін әлсіздік, бастың ауруы, температураның көтерілуі, лоқсу пайда болады. Ауруды емдеуге болады.

ІІ дәрежелі сәуле ауруы (орташа) - 200-400 рад сәулелену дозасы кезінде. Жасырын мерзімі 3-4 апта. Ауру белгілері анық білінеді. Өте жақсы емделген жағдайда екі-үш ай ішінде сауығады. 20 процент жағдайда адам өледі.

III дәрежелі сәуле ауруы (ауыр) -400-600рад сәулелену дозасы кезінде.Алғашқы белгісі анық білінеді, 20-сы 30 минуттан кейін қайта-қайта құстыртып, дененің температурасы 33 градусқа жетеді. Ауру жедел және ауыр өтеді. Алғашқы аптаның өзінде ауыз кілегейі зақымдалып, гиперемия болуы мүмкін (қан белгілі бір орынға немесе ұлпа учаскесіне қатты аққанда оның бір жердегі мөлшері артады немесе оның ағуы қиындайды), ауыз бен жұтқыншақ зақымданады, тері қабаттары қызарады. Терінің жәй немесе шектен тыс қызаруы. Жасырын мерзімі 10-20 апта, бұдан кейін бас қатты ауырып, іш өтеді, есінен танады. Сәтті жағдайда 3-6 айдан кейін сауығуы мүмкін. 20-70 процент жағдайда өледі.

IVдәрежелі сәуле ауруы (өте ауыр) - 600-радтан жоғары сәулелену дозасы кезінде 20-30 минуттан кейін алғашқы белгілері біліне бастайды. Дене температурасы 3 0 градустан асып, тері зақымданады. Дәрет сұйылады. Емдеусіз екі-үш апта бойында өледі. Аурудың барлығы дерлік өліммен аяқталады.

Хайуанатгардағы сәулелену ауруы

Жеңіл дәрежедегі сәуле ауруы жалпы жағдайдың уақытша нашарлауымен, кейде жемнен бас тартудан, лейкоциттер санының шамалы азаюымен сипатталады. 150-200 рад доза сәуле алған кезде дамиды.

Орташа дәрежедегі сәуле ауруы 200-400 рад сәуле алған кезде хайуанаттарда байқалады. Бұл жағдайда жағдайдың нашарлауы, уақытша жемнен бас тарту іш өту, дененің қызынуы, 5-8 жасар қойларда жүннің түсуі байқалады. Лейкоциттер саны 50%-ке, ал лимфатциттер 75%-ке азаяды. Айтарлықтай ұшығу болмай және тиісті емдеген жағдайда мал сауығады, кей жағдайларда шетінейді.

Ауыр дәрежедегі сәуле ауруы 400-600 рад сәуле алған кезде байқалады. Ол қатты нашарлағанда, дененің температурасы көтерілгенде, кілегейлі қабықтарымен терідегі қан айналымындағы лейкоциттер, эроциттер, тромбоциттер санының күрт төмендеуінен пайда болады. Малдың іші өтеді, қаны қоюланады, дененің салмағы азаяды. Емдеусіз малдың 60 %-не жуығы өледі. Емдеу кезінде ұзақ уақыт бойында мал өте баяу сауығады.Өте ауыр дәрежедегі сәуле ауруы 600-750 рад сәуле алған кезде байқалады. Ол мұндай жағдайда жылдам, ауыр өтеді, хайуанаттар 10-15 күнде өледі, ал өте үлкен доза алғанда одан тезірек өледі.

Организмдегі сәулелену жалғасатын болса, қалпына келу процесі өтеді. Осыған байланысты бір әсср тудыратын сәулеленудің жиынтық дозасы сәулелену жалғасқан кезде бір рет сәулеге ұшырағаннан гөрі жоғарырақ болады.

Бета-бөлшектерінің сыртқы әсері тері ұлпаларында "бета-күйікті" тудырады. Адамдардың мойнының, белінің, басының төңірегі, ал малдардың арқасы, яғни радиоактивті шаң тұрып қалған жерлерде күйік пайда болады. Сонымен қатар шөппен қоректенетін малдарда шөп жеген уақытында бета сәулелену нәтижесінде беттерінің радиациялық зақымдануы жиі байқалады.

Адам мен малдың радиациялық заттармен ішкі зақымдануы организмге ең алдымен олардың тамақпен бірге өтуінен болады. Радиациялық заттардың біршама бөлігі ас қорыту жолына түскен кезде сорылады, ал қалған бөлігі ішекке өтіп организмнен бөлінеді. Сөйтіп кілегейлі қабықты зақымдай отыра, ас қорыту органдарының жұмысын тұрақсыздандырады.

Сорылған радиоактивті өнімдер организмге өте ретсіз таралады. Олар әсіресе қалқанша безде жинақталады (басқа ұлпалармен салыстырғанда 1000-10 000 есе артық). Өте үлкен дозалармен сәулеге ұшыраған кезде органдар бүлінеді немесе оларда ісік пайда болады (қалқанша без) я болмаса жұмысы айтарлықтай бұзылады (бауыр).

Қалқанша және сүт бездерінде, мысалы, йод изотоптары, сүйектерде, стронции, барий, цирконий изотоптары, бауырда цезий, прометий изотоптары жинақталады; церий, рутений, рубидий изотоптары организмде бүкіл ұлпалар бойынша бір қалыпты орналасады.

Суға түскен ядролық бөліністің жас өнімдерін оның мекендеушілері жұтады олар қай организмде болмасын әртүрлі таралады. Егер. мысалы, барлық организмдерде жиынтық радиоактивтілікті 100% деп алсақ, оның көлемінің 65%ішкі органдарда, 10,5%желбезекте, 19%жүзу жарғағында, | 3% бұлшық етте және 2,5 % сүйекте кездеседі.



Радионуклидтермен ауылшаруашылық өсімдіктері азық-түлік пен судың ластануы.

Радиоактивті шаң топырақ пен өсімдіктерді ластайды. Бөлшектердің көлеміне байланысты өсімдік бетіндегі жерге түскен радиоактивті шаң 8-25 пайызды құрайды. Атап айтқанда, өсімдік бетінде көлемі кемінде 44 микрон (қалың шөп өскен жерде) бөлшектер 25%-ке астам және қатты жауын-шашында 50%-ке дейін бөлшектер сақталады. Бұл көрсеткіштер алаң бірлігіндегі шөптің қалыңдығына (шөп қалың болған сайын радиоактивті жауын-шашын ұзақ сақталады), жапырақтың түріне және оның үстіңгі бетінің сипатына байланысты.

Табиғи жағдайларда радиоактивті шаңды үстіңгі беттен жел ұшырып альш кетеді және жаңбыр шайып кетеді, Осының, сондай-ақ вегетативті массаның өсуінен жайылымдық өсімдіктердің радиоактивтілігі екі аптадан кейін орташа екі есе азаяды. Керсетілген мерзім жартылай тазару мерзімі деп аталады.

Өсімдікке гамма-сәулелер мен бета-бөлшектері, әсіресе үстіңгі бетте жиналғандары зақымдағыштық әсер етеді. Бета- бөлшектерінін өткіш қасиеті шамалы болсада, олар өсімдіктің жапырақтары мен өсіп-өну органдарын зақымдауға толығымен жеткілікті. Өсімдіктерді зақымдаған кезде жұтылған дозадағы бета-сәулелерінің үлесі гамма-сәулелерінің үлесінен 10-20 рет артық. Өсімдіктердің дамуының ең алғашқы кезеңі, белсенді өсу аймағы, яғни бөлінетін жас клеткалар зардап шеккенде сәулеге өте сезімтал келеді, ал өсімдіктердің әрбір түрлері мен сорттарына әр түрлі радиоактивті сезімталдық тән. Осылайша астық тұқымдас өсімдіктер түтікке шығуы кезінде, бұршақ тұымдастар бутонизация-гүлдену кезінде иондаушы радиацияның әсеріне өте сезімтал келеді. Өсімдіктердің тұқымдарының пісуі аякталуы кезіндегі сәулеленуі өнім көлеміне әсер етпейді, өйткені олардың қалыптасуы бұл кезде іс жүзінде аяқталған. Алайда бұл жағдайда сәулеленудің үлкен дозасы кезінде астық ішінара немесе толық өсу қабілетін жоғалтады.

Таблицада ауылшаруашылығы дақылдары мен ағаштар үшін сәулеленудің жойғыш дозасының көлемі келтірілген.

Зақымданған аудандағы халықтың іс-әрекеті мен өзін-өзі ұстау тәртібін АҚ және ТЖ органдары билейді, олар радиациялық ахуалдың сипаты туралы хабарлап, не істеу керектігін түсіндіреді.





Өсімдіктің түрі

Сәулелену дозасы (рад)

Ағаштар мен өсімдіктердің түрлері

Сәулелену дозасы (рад)

Пияз

1500

Қара бидай

4350

Сұлы

3300

Арпа

4350

Жүгері

4200

Бидай

4500

Қырыққабат

12300

Бақша бұршағы

4600

Қызанақ

12400

Орамды қарағай

1000

Кріш

19600

Көгілдір шырша

1020

Зығыр

20700

Жапон бал қарағайы

1250

Картоп

12600

Буланғыш тұт

1500

Қантты қызылшасы

13400

Қайың

8000

Тисс

800

Қызыл емен

8000







Қызыл үйеңкі

10000

Тоңазытқыштарда, ас үйдегі столдарда, шкафтарда, жертөледе, шыны және эмалданған ыдыста, полиэтилен қапшығында сақталынған азық-түлік пайдалануға жарамды.

Топырақ қыртыстарының астындағы тамырлы жемістер іс жүзінде радионуклидпен ластанбайды.

Радиоактивті заттармен ластанған картопты, сәбізді және басқа тамырлы жемістерді мұқият жуып тазалаған жөн. Бұдан кейін қабығымен қоса 5 мм қабатын кесіп, тамаққа пайдалануға болады. Азық-түліктің тек үстіңгі қабатымен ғана радиоактивті зақымдауға ұшырайтындығын есте сақтаңыз Үстіңгі қабатын алғаннан кейін немесе біршама уақыттан соң табиғи дезактивация салдарынан пайдалануға жарамды болады.

Жергілікті суаттардағы балық пен шаяндарды тамаққа пайдалануға болмайды. Зақымданған жайылымда жайылған малдың сүтін пайдаланбаған жөн. Ең жақсысы консервіленген сүтті пайдаланыңыз (құрғақ немесе қойылтылған). Егер сіз сүтті ішуге жүрексінсеңіз, одан сүзбе әзірлеңіз, онда радиоактивті элементтер саны жүздеген есеге азайып, сары суда қалады. Сондықтан олар қаймақта аздау, кілегейде көбірек, ал сүтте шектен тыс. Тексерілмеген сүтті балаларға беруге болмайды. Егер майды табада шыжғырса, зиянды элементтер толығымен буланып ұшып кетеді.

Шошқа майын ең таза өнім деп санауға болады. Оның радионуклидті "итеріп шығаратын" биохимиялық ерекшелігі бар. Соядан жасалынған сорпаны ісік ауруларына қарсы пайдаланылатын дәрі-дәрмектің қатарына батыл жатқызуға болады. Капустадан зақымдану белгілері- сұр жұлдызшаларды ажыратуға болатын жапырақтағы үш үстіңгі қабатын алып тастаған жөн. Түрлі-түсті капустаны, тошаланы, қызыл қарақатты жемеген дұрыс-олар жылдам бүлінеді.

Алма пайдалы, өйткені онда ағаш пен жемісті радиоактивті әсерден қорғайтын темір бар. Жеміс бұрын шамамен 5 мм қабығын аршып, ортасын кесіп тастаған жөн. Қалғандарын батыл жеуге болады.

Жүзімді, мейізді, кептірілген өрікті сүйегін алып тастап көбірек жеген жақсы. Өйткені олардың құрамында радиоактивті элементтерді организмнен бөліп шығаруға қабілетті пигмент бар.

Жергілікті асханалардағы қызылшадан гөрі қызғылтым сәбізді жегені жақсы. Сәбізді әкелінген бойда тазартылмаған май қосып пайдаланған дұрыс, өйткені ол А витаминін бөліп шығарады. Зақымдалған сәбіз ақшылтымдау болады. Одан өрнекті сурет көрінеді.

Сиыр етін аз жеген жақсы. Майы көп шошқа еті пайдалы. Котлетті мүмкіндігінше жасамаған дұрыс. Өйткені әзірлеу барысында радионуклидтер тамақта қалады. Тартылған етті әуелі қайнатып, сорпасын төгіп тастағаннан кейін жеуге болады. Дастархан мәзірінен дірілдек пен сорпаны алып тастағаны жөн. Қайнатылған жұмыртқаны жеуге болмайды, өйткені қайнаған кезде қауыздағы радиоактивті стронций жұмыртқаның сарысына өтеді. Кофс мен какао организмде радионуклидті ұстап қалады. Ал көк шәй зиянды заттарды бөліп шығарады.

Сәбіз-алма езбесін ішінара табиғи дәрі-дәрмекке жатқызуға болады.

Ұйықтардың алдында мүмкіндігінше зығыроттың, тікенді қара өріктің нәрін ішкен жақсы. Жалбыз бен сермене басқа өсімдіктерден гөрі радионуклидтерді жақсы сіңіреді. Жалпы сұйықты көп ішкен жақсы. Күніне үш рет ас қасықпен кызыл шарапты ішкен жақсы.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет